• ІТ және инновация
  • 01 Наурыз, 2022

BalaTech олимпиадасында қазақстандық 15 оқушы жеңімпаз атанды

19 ақпанда Қырғызстан-да бағдарламалау бойынша BalaTech халықаралық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 57 елден 52 мыңға жуық оқушы қатысып, бақ сынасты. Бас жүлде – 10 000 АҚШ доллары. Олимпиада қорытындысы бойынша, 10 елден 189 оқушы жеңімпаз атанды. Оның ішінде Қазақстаннан 15 бала үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі орындар алды. Олар:

Қола медаль

Кіші топ (5–7-сыныптар) 
Азиз Бауыржанұлы 
Максим Хегай 
Даужан Бекетов 
Злата Решетниченко

Орта топ (8-9-сыныптар)
Алдияр Жұмабек 
Данияр Ауез

Үлкен топ (10-11-сыныптар)
Алибек Агланов
Нұрай Туманчинова
Мирас Қойлыбай
Алуа Макашева
Айкүнім Бекбосынова
Сардар Урмантаев
Аңсар Алиби
Алижан Караман
Күміс медаль 

Орта топ (8-9-сынып)
Таңшолпан Мейірхан

Қазақстандық балалар арасында алтын медаль алған қатысушы жоқ. Айта кетейік, жүзден жүйріктерді анықтауда жас ерекшелігі де ескерілген. Сондай-ақ, бұл олимпиаданың мақсаты қыз балаларды ІТ саласына тарту, олардың әлеуетін ашуға көмектесу болатын. Жарыста қатысушылардың 41%-ы қыздар екеніне қарап, бұл мақсат та орындалды деуге болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, халықаралық олимпиада алдында BalaTech платформасына күтпеген DDoS шабуылы жасалған. DDoS – кибершабуылдың бір түрі. Ол серверді жалған трафикпен толтыру арқылы жүйеге шамадан тыс күш жүктейді, соның салдарынан жүйе дұрыс жұмыс істей алмайды. Кейде тіпті мүлдем істемей қалады. Бірақ ІТ мамандардың жылдам әрекет етуі арқасында бұл шабуылды екі сағат ішінде тоқтатып, жүйе қалпына келтірілген. Ал DDoS шабуылы кесірінен техникалық қиындыққа тап болған оқушылар үшін BalaTech ұйымдастырушылары екі аптадан кейін жүлде қоры 5 000 доллар болатын олимпиаданың қосымша кезеңін өткізбекші.

Қания ТАБЫС

«Ұлан» газеті, №8
1 наурыз 2022 жыл

8019 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор