• Сенің замандасың
  • 20 Қыркүйек, 2021

Битбокстан әлем чемпионы атанған Эльдар

Жуырда халықаралық Online World Beatbox Champion 2021 байқауы өтті. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 150-ден астам үміткер қатысты. Отандасымыз Эльдар Ғабдуллин бәсекеде топ жарып, ел мерейін үстем етті. Эльдарды жеңісімен құттықтап, әңгімеге тартқан едік.

– Аты-жөнім – Ғабдуллин Эльдар Болатұлы. Орал қала-сында тұрамын. Туып-өскен жерім – Трекино ауылы. Жасым 21-де. 30 тамыз күні туған күнімді тойладым. Қазір жоғары оқу орнында білім алып жатырмын. Онымен қоса оқу орталығында ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеймін. Битбокспен айналысқаныма 6 жыл болды. 15 жасымнан бастап шұғылданып келемін, – дейді Эльдар.

– Неліктен битбоксты таңдадыңыз?

– Кішкентай кезімнен қандай да бір өнер түрімен айналысқым келді. Биді де көрдім, ән де айттым, бірақ қатты тартқан жок. Бірде теледидардан музыкалық топты көрдім. Олардың қатарында битбокспен шұғылданатын бала болды. Ол бір-екі дыбысты үйретті, мен оларды қайталап едім, аса қиын емес екен. Одан әрі қарай Ютуб желісінен басқа Tutorial-дар қарап, басқа дыбыстарды үйрене бастадым.

– Битбокстағы жаныңызға жақын, сүйікті стиліңіз қандай? Кумиріңіз кім?

– Қиын әрі шапшаң битбокс стилі қатты ұнайды. Өзімнің арсеналымдағы Inward bass, Zipper Sound, Lip Roll, Tk Roll секілді дыбыстарды жиі қолдануды ұнатамын. Нақты кумирім бар деп айта алмаймын. Бірақ шабыт беретін битбоксер бар, франциялық Alem. Ол – 2015 жылғы әлем чемпионы.

– Батлдарға қатысасыз ба? Қандай марапаттарыңыз бар?

– Қазір батлдар болып жатқан жоқ. Мүмкіндік болса, қатысуға дайынмын. Ең мақтанарлық титулым – Online World Beatbox Champion 2021. Бірақ одан басқа да марапаттарым бар: WABB Champion; Musical Beatbox Skill Champion; Online Beatbox Champion; Top4 MadMeal Beatbox Battle; Top8 Online World Beatbox Champion 2020.

– Концертке (немесе гастрольдерге) жиі шығасыз ба?

– Гастрольдік сапарға әлі шығып көрген жоқпын. Концертте бір рет қана өнер көрсеттім. Орал қаласының туған күніне арналған концерт болатын.

– Битбокс табыс көзі бола ала ма? Битбокспен айналысып ақша табуға бола ма?

– Той-бизнес – битбоксер үшін жақсы табыс көзі. Ютуб желісі арқылы да атыңды шығарып, ақша табуға болады.

– Басқа немен айналысқанды ұнатасыз?

– Тап қазір битбокстан басқа ештеңемен айналыспаймын. Бірақ алдағы уақытта Beat making-пен айналысамын деген жоспар бар.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұқбаттасқан 
Гүлжан Ниязова,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың 2-курс студенті.

Түркістан облысы

«Ұлан» газеті, №38
21 қыркүйек 2021 жыл

1784 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор