• ІТ және инновация
  • 11 Мамыр, 2021

Apple 2021 жылғы өнімдерін таныстырды

Жыл сайын Apple компаниясы жаңа өнімдерімен таныстыру үшін көктемде таныс-тыру шарасын өткізеді. Биыл да осы дәстүрінен жаңылмады. Алғашында наурызда өтеді деп ақпарат тарағанымен, ол өтірік болып шықты. Көп ұзамай  нақты мерзімі  сәуірдің екінші жартысы екені мәлім болды. Межелі уақыт келгенде көптен күткен іс-шарамызды тікелей эфирде көруге кірістік. Трансляция apple.com сайтында және Youtube желісінде таратылды. Ал енді сонда таныстырылған жаңа өнімдердің ең маңыздыларына тоқталсам.

iMac 

Биылғы ең маңызды жаңалықтың бірі – iMac компьютері. Оны 7 түрлі түсте шығарған: көк, сары, жасыл, қызғылт, қызыл, күлгін және классикалық күміс түс. Жаңа iMac-ты жіңішке әрі ықшам етіп жасаған.  Компьютердің дисплейі 24 дюймге дейін ұлғайтылған. Жаңадан енгізілген True Tone технологиясының арқасында экранның түс температурасы реттеледі де, компьютердегі сурет барынша табиғи көріне-ді. Айтпақшы, экранның тұнықтығы – 11,3 млн пиксель. Бұдан бөлек, 1080p FaceTime камерасы, 4 USB-C порты, 6 динамик және  дыбысты «студиядағыдай сапада» жазуға арналған үш микрофон бар, олардың әрқайсында дыбыс жазу кезінде айналадағы артық дыбыстар мен у-шуды жазбайтын арнайы бағдарлама орнатылған.

Оған қоса  компьютердің салқындату жүйесін де жақсартқан. Соның нәтижесінде  iMac-тың салқындату процесі  енді дыбыс-сыз жүзеге асады. Бұл компью-терде Apple-дің өз өнімі – M1 процессоры қойылған.  Айта кетейік, M1 процессоры қазір Macbook-терде қолданыста. Компанияның мәлімдеуінше, iMac-тың осы жолғы моделі бұдан бұрын шыққан үлгілеріне қарағанда 85% жылдамырақ жұмыс істейді.

AirTag

Apple-дің биылғы тағы бір жаңа өнімі –  AirTag. Бұл қандай да бір затты жоғалтқанда, соны табуға арналған кішігірім құрылғы. «Ақылды таңба» деп те айтады. Оны Find My iPhone (локатор) мобильді қосымшасымен бірге қолданады. Өзіңіз үшін маңызды деген нәрсені осы құрылғыға тіркеп, керек кезде сол затыңыздың қай жерде екенін қосымша көмегімен оп-оңай анықтай аласыз. Мысалы, әмияныңызды тіркесеңіз болады. Apple компаниясы AirTag адамның басқан ізін аңдитын құрылғы емес екенін ерекше атап өтті.

iPhone 12 және iPhone 12 mini

Биыл iPhone 12 және iPhone 12 mini смартфондарының жаңа түстері таныстырылды. Бұдан кейін iPhone 12 және iPhone 12 mini күлгін түсте шықпақ. Түсін өзгерткеннен басқа айтарлықтай өзгеріс енгізбеген.

iPad Pro

Apple биыл планшеттерді де жаңартқан. Жаңа iPad Pro планшетінде Apple M1 процессоры орнатылған, ол ол ма, жады – 2 ТБ (шамамен  2,000,000 MB) және  5G желісі қосылған. Оған қоса iPad Pro-ның биылғы моделі  өткен жылғы нұсқасына қарағанда  50%-ға жылдамырақ. Жаңа планшеттердің экранының көлеміне байланысты екі түрлі нұсқада ұсынылды: біріншісі – iPad Pro экраны 11 дюйм, екіншісі – iPad Pro экраны 12,9 дюйм. Экраны 12,9 дюймді iPad Pro-ға дисплейдің жарықтығы мен контрастын арттыратын miniLED тех-нологиясы енгі-зілген. Айта кетейік, iPad-тың бұл жаңа моделі кәдімгі қолданыстағы ноутбуктердің орнын алмастыра алады.

Тағы...

Apple компаниясы көктемгі таныстырылым кезінде бұлардан бөлек  Apple TV тіркемесін жаңартқанын және соған арнап жаңа сенсорлы пульт жасағанын айтып өтті. Сонымен қатар, Apple алғаш рет Touch ID пернетақта моделін шығарды. Онда «мазаламау», «бұғаттау» және «эмодзи» батырмалары бар. Сондай-ақ подкасттарға арналған қосымшаның жаңа дизайнына тоқталып, мамыр айында ақылы жазылым пайда болатынын мәлімдеді. 

Қания ТАБЫС

«Ұлан» газеті, №19
11 мамыр 2021 жыл

5767 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор