• ҰЛАН
  • 21 Қыркүйек, 2017

Амангелді СЕЙІТХАН, спорт комментаторы: Балалар академиясының көп болуы өркендеуімізге жол ашады

– «Қайраттағыдай» жағдайы жоқ шығар, бірақ Шымкентте балалар футбол клубына қатты көңіл бөлінетін. Махамбет Сапарбаев ағамыз қолдау білдіріп, көмектесті. Өтеген батыр ауылындағы «Іле-сəулет» футбол клубының балалар базасына үлкен көңіл бөлінді. Бірнеше бапкер болды. Командасының алды «Coca-Cola Былғары доп» бəсекесінде жеңіске жетті. Испанияда да бақ сынады. Өкінішке қарай, Алматы облысының əкімдігі ол команданы жауып тастады. Содан кейін балалары тарап кетті. Осындай оқиғалар да басымыздан өткен. «Іле-сəулеттің» шеберлер командасымен есептегенде қаржысы бір миллион доллар болатын. Бізде легионерлер командасына қаражатты көп бөледі. Балалар футболы тасада қалып тұрды. Шетелде футбол академиясы өте көп. Кез келген командада бар. Қазір Ресей жақсы қолға алып жатыр. Санкт-Петербургта «Смена» деген мектеп болатын. Кеңес заманында сол мектептен танымал футболшылар білім алып шықты. Қазір Мəскеуде «Спартак» академиясы бар. Қожайыны балалар футболының дамуына зор үлес қосып отыр. Мұндай балалар академиясының көп болуы өркендеуімізге жол ашады. Балалар футболы қаулап өсіп жатса, қанекей?! Бірақ оған команда керек. Футбол жан-жақтан қолдау білдіргенде ғана өркендейді. Жақсы стадиондар мен команда саны, жанкүйерлер мен спорт журналистикасы дамығанда ғана футболымыз дамиды. «Қайраттың» академиясына қолы жететіндер өте аз. Іріктеуі өте қиын деп жатады, балаларды қалай таңдайтынын білмеймін. Облыс орталықтарына баруға болады. Олардың сапасы қандай екенін де ескеруіміз қажет. Марқұм Бауыржан Сəрсекенов ағамыз: «Футболды дамытып, балалар бапкерлерін дайындауымыз керек», – деп өлгенше айтып кетті. Оның жоспарынша, 2020 жылы Қазақстан əлем чемпионатына қатысады деп үміттенді. Сол жолда көп еңбек сіңірді. Алайда оны ешкім қолдамады, түсінбеді. Сөйтіп жүргенде, арамыздан ағамыздың өзі кетіп қалды.

Жазып алған Гүлдана НҰРЛЫХАНОВА

«Ұлан» газеті, №38 19.09.2017

 

218 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор