• ҰЛАН
  • 20 Қыркүйек, 2017

Шалқар ЕСТЕН, спорт журналисі: «Қайратқа» ілігу өте қиын

– Премьер-лига командаларының арасында «Қайратта» балалар академиясы бар. Алматыда Түркияның «Галата сарай» футбол клубының академиясы ашылды. Басқа да командалардың балалар клубы жұмыс істеп тұр. Жеке бизнеске құрылған академиялар да аз емес. Шетелде академиялары бар футбол клубтары барлық жағынан өте бай саналады. Қаржылары да жеткілікті. Сондықтан олардың қолынан келеді. Бұл да бір бизнес түрі. Өйткені, футболшыға тауар ретінде қарайтындар бар. Өсірген өнімі кейін жемісін береді. Шетелдегі академиялардың жетістігі айтпаса да түсінікті. Мұндай академиялардың ел футболы үшін маңызы зор. Баланы кішкентайынан тəрбиелеу керек. Бір білерім, «Қайратқа» ілігу өте қиын. Талаптары жоғары. Тіпті, Ресейден мамандар шақыртады. Көп жеткіншек іріктеуден өтпей қалады. Бірақ басқа да футбол үйірмелеріне барып, шыңдалуға болады. Жақсы мамандардан, білікті бапкерлерден сабақ алған дұрыс. Балаларды дайындап шығаратын білікті бапкерлер туралы айту да өте қиын. Тəжірибесі мол жаттықтырушылар бар. Тек олар бəріне жетпейді. Мемлекет бапкерлердің шетелге барып, тəжірибе алмасуына жағдай жасаса, жақсы болар еді.

Жазып алған Гүлдана НҰРЛЫХАНОВА

«Ұлан» газеті, №38 19.09.2017

 

215 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор