• Толағай
  • 20 Ақпан, 2023

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокста неге бағы жанбады?

Әуесқой бокста Вэл Баркер кубогынан (Олимпиада ойында-рында үздік боксшыға берілетін сыйлық) басқасының бәріне ие болған Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокста жолы болмай жүр. Тіпті, енді рингке шықпай, спортпен қоштасуы мүмкін.

Желтоқсан айының соңында Данияр Елеусіновтің (11-0, 6 КО) жартылай орта салмақтағы IBO белбеуіне енді иелік етпейтіні белгілі болды. Ол бұл титулды 2021 жылы жеңіп алған. Содан кейін отанда-сымыз рингке шыққан жоқ. Ал менеджері қарсылас таба алмады. Кәсіпқой боксшылар иеленгісі келетін ең негізгі төрт тұжырым мен титул бар. Олар – WBC, WBA, IBF және WBO. Сосын 2018 жылы Геннадий Головкин иелік еткен америкалық The Ring журналының титулын қосуға болады. Мәртебесі сәл төмен тұжырымдардың арасында IBO мен IBA-ның титулдары бар.

Данияр Елеусінов осының ішінде IBO ұйымының бос тұрған белбеуін еншілеген. Енді, міне, соның өзінен айырылып қалып отыр. Боксшының менеджері Зия Әлиев қарсылас табу қиын екенін айтады. «Біз бірнеше промоутермен келіссөз жүргіздік. Данияр – жекпе-жегі қымбатқа түсетін боксшы. Оның үстіне, Елеусіновтің салмағында боксшыларды көндіру тіптен қымбат. Келісім-шартқа қол қояйық дегенге бола салмайды. Екі жылдық келісімшарт дегеніміз кемі 6 жекпе-жек. Ал енді ол кіммен шығады?» – деді Әлиев.  Жыл соңына дейін нақты-лық болмады. Елеусінов 2022 жыл аяқталғанша қарсылас табылмаса, карьерасын аяқтайтынын айтқан. Соған қарағанда, ол енді рингке шықпауы мүмкін.

Қаңтар айында боксшы британиялық журналистің Matchroom промоутерлік компаниясынан кетуінің қателік болғаны туралы жазған мақаласына пікір қалдырды. «Бұл менің менеджерлерімнің қателігі. Олар Эддимен әрі қарай жұмыс істеуден бас тартты. Сосын маған жекпе-жек ұйымдастырып бермей, босқа отырды», – деп жазды Елеусінов. 

Данияр екі жыл бұрын танымал промоутер Эдди Хирнге тиесілі Matchroom Boxing промоутерлік компаниясын кетіп, Зия Әлиевпен жұмыс істеуге көшкен еді. Осы аралықта сол желтоқсанда бір кездесу ғана өткізді. Оның өзі Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бокс кеші болатын. Әлиев Елеусіновтың мәлімдемесіне тез жауап берді.

«Біз келісімшартты алғаннан кейін барлық заңгерге көрсеттік. Мұндай келісімшартқа қол қойылмайды. Бұл аянышты келісімшарт. Тек ешкім Matchroom-да тышқан сияқты отырғысы келмеді. Ақылға сыймайтын келісімшарт болғандық-тан қол қойылмады. Ал Matchroom оны өзгерткісі келген жоқ», – деді менеджер.

Қазақ боксшысы оған келісімшартты тіпті көрсеткен де жоқ деп отыр. «Мен келісімшарттан бас тартпадым. Тек басында көрмедім. Менеджерлер маған айтпай-ақ қажет емес деген. Тек жарты жылдан кейін қолыма түсті. Ол кезде бұл келісім маңызын жоғалтқан. Олар заң тұрғысынан бұл құлдық келісімшарт деп айтты. Негізі нағыз құлдық келісім менеджеріммен болды. Ал Эддидің келісімшартында ірі сома жазылған. Бұл, әрине, екі жыл босқа отырғаннан жақсы ғой», – дейді боксшы.

Бірақ менеджері ақшадан бас тартатын ақымақ емеспіз. Ол Хирнге келісімшарт аса қажет болмады деп отыр.

«Менеджерлер ақшаны қалай табады? Жекпе-жектердің гоно-рарынан пайызын алады. Сондықтан біз де жақсы келісімшарттан бас тартатын ақымақ емеспіз. Келісімшарттың өз минусы болған. Оны промоутер өзгерткісі келген жоқ. Егер оған Елеусінов қажет болса, қолынан келгенін жасар еді. Келісімшартты үш заңгер қарап шықты. Сосын бірнеше сарапшыға көрсеттік», – дейді Зия Әлиев.

Белгілі америкалық бокс сарапшысы Джек МакКаферри промоутердің Қазақстанның дарынды боксшысының әлеуетін толық іске асыра алмауының басты себебі деп атады.

«Қазақстанда талантты боксшы көп. Головкин мен Әлімханұлынан басқа да мықты жігіттер жетерлік. GGG мен Жәнібек тәжірибелі промоутерлерге жолықты. Олар уақытты тиімді пайдаланып, дұрыс жұмыс істеді. Өкінішке қарай, басқалары босқа уақыттарын жоғалтып алды. Атап айтсақ, олардың қатарында Жүкембаев, Ахмедов, Дычко және Елеусінов бар. Бұл боксшылар менеджерлердің қателігінің құрбаны болды. Садриддин денсаулығына байланысты биік белестерді бағындыра алмай жүрсе, қалғандары менеджерлерінің біліксіздігінен тасада қалды. Елеусінов жоқ жерден белбеуінен айырылды», – дейді сарапшы.

13 наурызда Данияр Елеусінов 32 жасқа толады. Егер кәсіпқой бокста биік белестерді бағындырамын десе, ертерек қимылдауы керек. Әйтпесе, бәрі де кеш болуы мүмкін. Әуесқой бокста Данияр Жәнібек Әлімханұлына қарағанда барлық потенциалын тиімді пайдаланды. Серік Сәпиевтен кейін барлық титулға қол жеткізген екінші боксшы. Ал кәсіпқой боксқа Рио Олимпиадасынан кейін 2017 жылы келді.

Ал кәсіпқойда бәрі керісінше болып жатыр. Негізі, отандасымыз кәсіпқой боксқа нағыз жұлдызды кезінде ауысқан. Олимпиада чемпионы ретінде барды. Соның өзінде бағы жанбады. Басында аустралиялық компаниямен келісімшартқа отырған. Онысы сәтті жүзеге аспай, сосын әуесқой боксқа оралған болатын. Арада бір жыл өткенде танымал менеджер Эдди Хирннің көзіне түсіп, келісімшарт жасасты. Энтони Джошуа, Келл Брук, Джордж Гроувз, Тони Белью, Амир Хан, Дэниэл Джейкобс секілді әлемдік бокс жұлдыздарымен жұмыс істейтін Хирн Қазақстанға келіп, тіпті, баспасөз мәжілісін өткізген болатын. Сол кезде атақты промоутер қазақ боксшының мақтауын келістірген еді.

«Данияр қазақ халқының мақтанышы, Олимпиада чемпионы. Біз онымен және басқа да Олимпиада жүлдегерлерімен келісімшарт жасастық. Олардың арасында Энтони Джошуа бар. Данияр әлемнің барлық жерінде жұдырықтасатын болады. Қазақстанда да жекпе-жегін өткіземіз. 100 пайызға оны әлем чемпионы ретінде шығарамыз», – деген баспасөз мәжілісінде Хирн.

Елеусіновтің кәсіпқой боксқа ауысуына менеджер Зия Әлиев көмектескен. Британиялық промоутермен келісімшарт жасауына Әлиев ықпал еткен. Ол – қазақ боксшысы өнер көрсететін «Boxing Star» компаниясының басқарушы директоры. Бірақ Хирн-Елеусінов тандемі ұзаққа созылған жоқ. 2021 жылы маусым айында келісімшарт үзілді. Сосын британдық менеджер бұл Даниярдың таңдауы болғанын айтты.

«Бұл оның өз шешімі. Өте үлкен қателік жасады. Менен кеткен соң, не істеді? Ештеңе. Бәлкім, ол шешіміне өкінетін болар», – деді Хирн.

Бек ТӨЛЕУОВ

«Ұлан» газеті, №8
21 ақпан 2023 жыл

199 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор