• Жырақтан білім іздесең
  • 13 Маусым, 2023

17 жастағы Жасмин 18 оқушыны шетелге оқуға түсірген

Шетелде білім алу – көп жастың арманы. Ол көп адам ойлағандай қиын да емес. Қасыңда дұрыс жол көрсететін білікті маман болса болғаны. Сондай жанның бірі – 17 жастағы Жасмин Ибадулла.  Жасминмен шетелге оқуға түсу тақырыбында әңгімелескен едік.

– Шетелге оқуға түсудің негізгі жолы қандай? 

– Эссе жазып, шетел универси-теттеріне оңай түсу жайлы 2019 жылдың аяғында, яғни 7-сыныпта естідім. АҚШ-тан грант иелену қиын болып көрінуі мүмкін. Бірақ, АҚШ-та түрлі грант беретін бағдар-лама бар және көп ұйым шетелдік студенттерге арнайы гранттар ұсынады. Шетелге оқуға түсудің негізгі жолдары: IELTS тапсыру, мотивациялық эссе жазу, университеттердің мамандықтарға бөлген гранттарын зерттеу. Мотивациялық эссеге осы уақытқа дейін жеткен жетістігіңізді және алға қойған мақсатыңызды, таңдаған универси-тетке не үшін түскіңіз келетінін жазасыз. Өзіңіз таңдап отырған мамандық бойынша қатысқан түрлі іс-шаралар туралы да жазуға болады. Personal Statement деген бар, бұл эсседе тақырып таңдауға еркіндік беріледі. Жеке өміріңіз, өміріңізде болған ерекше оқиғалар жайлы және кез келген басқа да тақырыпты қамтып эссе жаза аласыз. IELTS (International English Language Testing System) – ағыл-шын тілінен тест. Бұл тест тілді оқу (reading), жазу (writing), сөйлеу (speaking) және түсіну (listening) қабілеттерін бағалау үшін қолданылады. АҚШ-қа және басқа да елдерге оқуға түсу үшін осы тестті тапсыру қажет. Өзім IELTS сынағы-нан 9 балдан 8.0 алдым. Бұл – өте жақсы көрсеткіш.

– Ағылшын тілін қалай үйрендің?

– Ағылшын тілін үйрену оңай болған жоқ. Бастапқыда тек грамматика білгендіктен, мүлдем ағылшынша сөйлей алмайтынмын. 9-сыныпта 100% АҚШ-та оқи-мын деп шешім қабылдағандықтан, кейін ағылшынша сөйлеп, жазып, түсініп үйрене бастадым. Граммати-каны өте жақсы деңгейде білгендік-тен, Speaking (сөйлеу), Writing (жазу) жағына көңіл бөлдім. Күнделікті 10 сөз жаттайтынмын. Иванка Трамптың ағылшын тілінде сөйлеген барлық видеосын көріп, күні-түні оның артынан әрбір сөзді қайталадым. Ағылшынша керемет сөйлеймін дегендерге менің кеңесім: Speaking машығын үнемі жаттықтыру кедергіден арылтады, ойды ашық және тез жеткізу үшін күн сайын бір сағат уақыт бөлу қажет. Ағылшын тілінің дыбыстарына, интонациясына назар аударған дұрыс. Тыңдау және қайталау үшін аудиокітаптар, интервью, подкаст, TEDx сияқты әртүрлі ресурсты пайдаланған дұрыс. 

Сөздік қорын кеңейту. Жаңа сөздерді, олардың айтылуын және дұрыс екпінін үйренуге уақыт бөлген дұрыс. Сөздік қорды көбейту үшін сөздік, мобильді қолданба немесе онлайн ресурстарды пайдалануға болады. Тыңдау және еліктеу. Аудио, фильм, телехикая немесе подкаст болсын, ағылшын тілінде сөйлейтіндерді тыңдап, қайталаңыз. Олардың айтылуына, интонациясына және екпініне назар аударыңыз, олардың сөйлеуін қайталауға тырысыңыз. Практика күнделікті болмаса, нәтиже де болмайды.

– 16 жасыңда Нью-Йоркке бардың...

– 16 жасымда БҰҰ конферен-циясына қатысу үшін Нью-Йоркке шақырту алдым. Қазақстанның атынан делегат ретінде мені таңдады. Кейінгі жылдары БҰҰ-ның 16 конференциясына қатыстым. Бұл – әлемнің 100-ден астам елінен келген адамдармен кездесуіме және танысуыма жол ашты. Осы тәжірибенің арқасында әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдармен, дипломаттармен, белсенділермен берік және ұзақ мерзімді достық байланыс орната алдым. Қазір Гарвард, Йель және Массачусетс технологиялық институты (MIT) сияқты беделді университеттердің физика-математика ғылымдарының кандидаттары-мен ғылыми жобаларда жұмыс істеймін. Бұл – ғылым жолында жаңа жол ашатын таптырмас мүмкіндік. 

– 16 жасыңда үлкен қалаға баруға қорыққан жоқсың ба?

– Жоқ, ешқандай қорқыныш та, күмән де болған жоқ. Ағылшын тілінде еркін сөйлейтін болған соң, ұшақтан, бейтаныс адамдардан қорыққан жоқпын. Керісінше, ағылшын тілінде сөйлейтін бейта-ныс адамдардың ортасында өзімді жайлы сезіндім. Нью-Йорк қаласы-ның атмосферасы ерекше ұнады. Қаладан энергияны сезесің. Брод-вейде серуендеу және Central park жақта таңертең жүгіру ерекше ұнады. 

– Сенің оқушыларың қандай университеттерге оқуға түсті?

– Мен мектеп оқушылары мен университет студенттерін АҚШ-қа және Еуропа университеттеріне оқуға түсірумен айналысамын. Қазір 18 оқушым АҚШ, Ұлыбрита-ния, Испания, Чехияның оқу орындарына оқуға түсті. Атап айтар болсам, оқушыларым Harvard University, Stony Brook, Marywood University, Kent University, New York Institute of Technology, Exeter University, Lancaster University, тағы басқа университеттерге оқуға түсті. 

– Шетелдік университеттердің қазақстандық университеттерден ерекшелігі неде?

– Білім беру жүйесі. Қазақстанда дәрістер мен емтиханға негізделген дәстүрлі білім беру жүйесі басым. Америка универ-ситеттері көбінесе пікірталас, жоба, зерттеу және практикалық жұмыстарды қамтитын интерактив оқыту тәсілін қолданады. Пәндерді таңдауда және оқу жоспарын құруда үлкен мүмкіндік ұсынады. Студенттер курстарды қалауынша таңдап, жеке оқу бағдарламаларын жасай алады. Қазақстанда мамандық пен пән таңдау бойынша қатаң талаптар бар. Халықаралық жағдай. Америка университеттерінде студенттер мен оқытушылар әртүрлі елден. Бұл мәдени әртүрлілікке жол ашып, идея алмасуға ықпал етеді. Қаржылай қолдау және стипендиялар. Америка университеттерінде академиялық немесе спорттағы жетістіктеріне орай қаржылай қолдау мен стипендияның түрі көп. Қазақстанда мұндай мүмкіндік аз. Қабылдау процесі. Америка университеттеріне түсу процесі өзгеше. Эссе, белсенділік, жетістік, тіл білу, отбасылық жағдайға қарап қабылдайды.

– Қазір қандай мамандықтарға сұраныс жоғары?

– Жасанды интеллект және машинаны үйрету технологиясының дамуына орай, осы саладағы маман-дарға сұраныс артты. Киберқауіпсіздік.  Ақпаратты қорғау және компьютерлік жүйелер мен деректердің қауіпсіздігін қам-тамасыз ету бойынша осы саладағы мамандарға сұраныс жоғары болып қала береді. Big Data (деректер және анали-тика), яғни деректерді өңдеу және интерпретациялау мамандарына сұраныс күннен-күнге көбейіп келеді.
Медицина және денсаулық сақтау. Демографиялық өзгерістер мен халықтың өсуі медицина және денсаулық сақтау мамандарына сұраныстың артуына әкеледі. Инженерия – IT, энергетика, машина жасау, азаматтық құрылыс сияқты салалар әрқашан сұраныста болады деп ойлаймын. 

– Өзіңнің болашақ мамандығың қандай?

– Инженер-механик. Болашақ мамандығым ретінде инженерлік жолды таңдадым. Менің көзқара-сым бойынша, инженер – қоғамдық игілікке айтарлықтай үлес қоса алатын адам. Мен әрқашан техникалық жүйелердің қалай жұмыс істейтінін біліп, ғылым мен технологияны қолдану арқылы шешімдерді қажет ететін мәселелерге тап болған кезде өзімді әрқашан «чудо-жен-щина» секілді сезінгім келетін. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға (ампутацияға ұшыраған адамдар) өз мүмкіндіктерін қалпына келтіруге көмектесу үшін бионик протездер жасауды армандаймын. Мұндай протездер әлемді өзгерту мүмкіндігін ұсынады. Олар аяқ-қолдың жоғалған функциясын қалпына келтіріп қана қоймай, табиғи дененің мүмкіндіктерінен де асып түсуі мүмкін. Менің мақсатым – бұл технологияларды мұқтаж адам-дардың барлығы ала алатындай тиімді ету. Сонымен қатар, ауқымды қайырымдылық қорын ашқым келеді. Жағдайы нашар елдердің (Африка елдері) сәбилеріне тегін протез тарату жоспарымда бар. 

– Гарвардқа түсу қиын ба?

– Гарвард университеті ұзақ уақыт бойы әлемдегі ең жақсы оқу орындарының бірі ретінде белгілі. Массачусетс штатының Кембридж қаласында орналасқан Гарвард академиялық шеберлігімен, мәдени әртүрлілігімен және студенттерге арналған мүмкіндіктерімен танымал. Гарвард университеті гуманитарлық зерттеулер, жараты-лыстану ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар, медицина, құқықтану, бизнес және басқа көптеген оқу бағдарламасын ұсынады. Гарвард оқытушылары өз саласының нағыз маманы, студенттер ең жақсы оқытушылардан білім алады. Гарвардқа түсу – жоғары акаде-миялық дайындықты, ерекше жетістіктер мен мотивацияны қажет ететін процесс. Үміткерлер арасындағы бәсеке өте жоғары және қабылдау комиссиясының таңдауы академиялық үлгерім, жеке жетістік, көшбасшылық қабілет, академиялық емес сабақтар, эссе мәлімдемелері сияқты әртүрлі факторға негізделген. Гарвардқа сәтті түсу үшін студент керемет академиялық нәтиже көрсетіп қана қоймай, өзінің бірегейлігі мен білімге деген құштарлығын көрсетуі керек. Менің  оқушым осы кереметтей оқу орнына түсті, себебі ол жоғары бағамен ерекшеленді, академиялық және ғылыми олимпиадаларға қатысты, студенттік үкімет мүшесі, сыныптан тыс жұмыстарда көшбасшы болды. Екеуіміз бірігіп оның армандары, мақсаттары және даму жолын көрсете отырып, эссе жаздық. Шын қаласа және өтінім бойынша 100% жұмыс істесе, кез келген адам жақсы нәтижеге қол жеткізеді. 

– Неше тіл білесің және хоббиің бар ма?

– Үш тілді жетік білемін: қазақ, орыс, ағылшын. Алдағы уақытта корей және араб тілін үйренуді жоспарлап жүрмін. Хоббиім – робототехника және программалау; экологиялық жоба-ларға ерікті болып жұмыс атқару; әлеуметтік ғылымдағы зерттеулер.

– Жасмин, саған тек қана сәттілік тілейміз. Болашағыңнан үлкен үміт күтеміз! Тек қана алға!

Диана АҒЗАМОВА, 
11-сынып оқушысы

Семей қаласы

«Ұлан» газеті, №24
13 маусым 2023 жыл

662 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор