• Өнертапқыш
  • 05 Маусым, 2023

Өрт сөндіргіш Темір-Батыр

Жамбыл облысының Байзақ ауданында әскери қоймада жарылыс болды. Осы оқиға Тараздағы №7 мектептің 9-сынып оқушысы Вячеслав Кузьминге қатты әсер етіпті. Ол тілсіз жаудан адамдарды құтқаратын робот құрастырыпты.

Ұстазы Айнұр Сұраншиева екеуі Темір-Батыр деп ат қойыпты. Робот лаулаған өрт кезінде бірнеше жұмысты қатар істейді. Отты өшіре жүріп, түтін арасында қалған адамды іздейді:

– Робототехникамен 2018 жылдан бастап айналыса бастадым. Осы жылдар ішінде көптеген жаңа білім мен дағдыны игердім. Көптеген адаммен таныстым. Көбінесе робоспортқа қатысамын, сонымен қатар кейде жобалар жасаймын. Ең бастысы, тәртіп пен өзін-өзі құрметтеу. Егер адам бірдеңеге шынымен қызықса, өзіне инвестиция құюы керек. Сонымен қатар, жалқаулық жаман деп айтамын. Роботтар қай кезде де пайдалы. Өйткені робот шаршамайды, жалқау емес. Ол әлдеқайда өнімді жұмыс істеуі мүмкін. Өмірді өте жеңілдетеді.

Біздің өмірімізді көптеген салада өзгертті. Өндіріс-те, медицинада, білім беруде, ғылымда және тіпті үй жұмысына көмектеседі. Өндірісте қол еңбегін алмастырады. Бұл өнімнің тиімділігі мен сапасын арттырады. Қауіпті және монотонды тапсырмаларды орындай алады. Адамдарды жалықтыратын жұмыста-рынан босатады. Медици-нада науқасқа операция, диагностика жасау және емдеу үшін қолданылады. Олар адам дәрігерге қараған-да дәлірек және жылдам болуы мүмкін. Бұл тиімді емдеуге ықпал етеді. Білім беруде робототехника балаларға тәжірибеден үйренуге, программалау мен инженерлік дағдыларын дамытуға көмектеседі. Ғылымда ғарышта, мұхит түбінде және басқа жету қиын жерлерде зерттеу үшін қолданылады. Ғалым-дарға дерек жинауға және эксперимент жүргізуге көмектеседі. Үй тірлігінде барған сайын танымал бола бастады. Олар үйді тазалау, тамақ дайындау және балалар мен қарттарға күтім жасау сияқты тапсырмаларды орындайды. Тіршілікті жайлы, қауіпсіз және өнімді етуге көмектеседі.

Робот өмірдің әртүрлі саласындағы адамдарға көмектесу үшін жасалған. Адам үшін қауіпті, уақытты қажет ететін немесе мүмкін емес тапсырмаларды орындайды. Экономиканың әртүрлі саласында өнімді-лікті арттыруға мүмкіндік береді. Бірегейлік, практикалық, эргономикалық, қауіпсіздік және іске асыру. Темір-Батырдың басты артықшылығы осы. Ол қашықтан басқарылады. Жолда тұрған кедергіні жою үшін камера, датчик, шелек орнатылған. Жағдайға байланысты көбіктен суға дейін толтыруға болады. Көбікті тым алыс, тым жақын жерге шашады. Жалынды, қалдықты да сөндіреді. Егер әскери қоймадағы жарылыста осы робот қолданса, шығын аз болар еді, – дейді жас өнертапқыш.

Вячеслав өнертасына патент алмақ. Жас өнертапқышқа сәттілік тілейміз.

«Ұлан» газеті, №23
6 мамыр 2023 жыл

315 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор