• Өнертапқыш
  • 05 Маусым, 2023

Адамды бес секундта танитын білезік

Цифрлық даму министрі Семейге жұмыс сапарымен барып, халықпен кездеседі. Сол кезде №7 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Нұрлыхан Маратовпен танысады. Оқушының ғылыми жұмысын көріп, риза болып, болашақта қаржы бөлетінін айтады. Нұрлыхан досы Темірлан Темірбаевпен бірге «Discover Abai» деген мобильді қосымша жасаған. Осы жобасы Рес­пуб­ликалық Хакатон жарысында бас жүлде иеленген.

– 13 жасымнан бастап ғылымға қызыға бастадым. 14 жасымда математикадан алғаш рет жоба жасадым. 17 мамырда осы жоба бойынша Мәскеудегі Халықаралық олимпиадада 3-орынға ие болдым. IT фестиваліне 2023 жылдың 11 наурызда қатыстым. Жасаған жобаммен бірінші орын алдым (qefo.kz, жылдам сәйкестендіру жүйесі). Одан әрі командаммен бірге республикалық «Hackathon 2023» байқауына қатыстым. Әлихан Бөкейханов атындағы университеттен 100 000 теңге және Туризм және демалыс индустриясы қауымдастығы атынан 50 000 теңге ұтып алдық.

Бұл қосымшаны Hackathon-ға дейін ойлап таптым. Жарыс өтетінін естіп, бағымды сынап көрдім. Туристерге арналған қосымша жасауды тапсырды. Қосымшаны 48 сағат ішінде жасадық. Біз саяхаттың қызықты өтуін қаладық. Әрі туристерге жаңа орындар табуға, қазақ тілін үйренуге және жергілікті мәдениетті үйренуге көмектесеміз. «Discover Abai» ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған. Қосымшаны кез келген адам қолданады. Пікір жазуға болады. Туристерге карта орнатылған. Баратын жерін картаны басу арқылы табады. Қазақ тілісабақтары бар. Абай облысында туған танымал тұлғаларды оқиды. Сондай-ақ Абай атамыздың өлеңдері бар.

Нұрлыханның  Qefo қосымшасы мамандарды қызықтырып отыр. Әзірге пайдалану мүмкін емес. Жоба тексеріліп жатыр. Бірақ мемлекет қаржы бөлуге уәде беріпті. Жақында жас ғалымның ақылды білезігін тағатын боламыз. Qefo өте ыңғайлы әрі аксессуар сияқты. Кулон, сағат бауы, салпыншақ болуы мүмкін. Ең бастысы, QR коды. Оны телефон камерасынан сканерлеп, адам туралы ақпаратты білеміз. Жақын туыстарын тауып алады. Егер адам ауырып, есінен танып қалса, тез құтқарады. Жоғалып кетсе, апатқа ұшыраса, тұлғаны тану оңай. Осындай ақпараттарды MEDICAL id (медициналық ID) деп атайды. Мысалы, IPhone-да медициналық идентификатор бар.

– Qefo.kz жасауға әжемнің жағдайы себеп болды. Апамның телефонына хабарлассам, тұтқаны көтермейді. Қалай болғанын білмеймін, апам жоғалып кетті деп ойладым. Сөйтсем, апам дүкенде жүріп, телефоны шырылдағанын естімеген. Үйге келгесін телефонының артқы жағына анам мен әкемнің нөмірін жапсырдым. Бірақ бұл ақпарат өте аз болады деп ойладым. QR орнатып, көп ақпарат қосқым келді. Қызыға бастағанда NFC чипі туралы білдім. Жобаның идеясы осылай басталды. Бірақ ешкімге көрсетпедім. Өйткені, әлі де дамыту керек. Жақын арада іске қосылады. Аксессуарлар өте пайдалы. Төтенше жағдай болса, адамның жеке басын анықтауға көп уақыт кетеді. Білезіктің адамға еш зияны жоқ. Гипоаллергенді силикон және QR коды бар нейлон. Мұндай аксессуарлар қауіпті емес. Идеямды жүзеге асыру үшін tilda веб сайт жасадым. Сайтта адам туралы ақпарат сақталады. Содан кейін мен сайт орналастырған QR кодын жасадым.

Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА

«Ұлан» газеті, №23
6 мамыр 2023 жыл

 

298 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор