• ҰЛАН
  • 29 Наурыз, 2021

Балаға буллинг пен кибербуллингті жеңуге қалай көмектесуге болады?

ЮНИСЕФ-тің 2019 жылғы статистикасы бойынша, бүкіл әлемдегі мектеп оқушыларының 50%-ы мектепте және одан тыс уақытта буллингке және қудалауға ұшырайды. ЮНЕСКО-ның 2016 жылғы статистикасы бойынша әртүрлі елде 10%-дан 65%-ға дейінгі мектеп оқушылары буллингке ұшырайды. Бүгінде бұл проблема өте өзекті...

Балалардың көбі оларды кемсітетінін мойындауға ұялады. Олар бұл туралы ешкімге айтпауы мүмкін. Алайда, егер балаңыз сізден, яғни ата-анадан көмек сұрап келсе, оған шындап қараңыз. Егер бала алғаш рет көмек сұраса, бірақ оған шындап қарамаса, екінші рет ол ата-анасынан көмек сұрамайды. Егер балаңыз сізден көмек сұрамаса, келесі белгілерге назар аударыңыз. Олар балаңыздың буллинг құрбаны болғанын дәлелдейді:
 Бала тұйық болып барады;
 Достары болмайды;
 Нашар оқи бастайды;
 Бұрын жақсы көретін сабақ-тарға қызығушылығы жоғалады;
 Балаңыздың киімі жыртылған немесе былғанған;
 Балаңыз үйге көкала қойдай жарақаттанып келеді;
 Бұрынғыға қарағанда қалтапұл, яғни ақшаны көбірек сұрайтын болады.

Егер буллер, яғни ренжітуші сіздің балаңыз болса...

Әр ата-анаға баласы басқалар-ды ренжітетініне сену қиын, бірақ кейде бұл әрекетті мойындау керек. Егер балаңыз қазіргі уақытта басқаларды кемсітетін болса, болашақта да осы әрекет қайталанады деп айта алмаймыз. Өйткені ата-ана баланың өзгеруіне және өз сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болуына көмектесе алады. Сіздің балаңыз ренжітуші болуы мүмкін, егер ол:

– Басқа адамдарға жаны ашымаса;
– Агрессияны бағаласа;
– Басқаруды жақсы көрсе;
– Жеңілуді ұнатпайтын жеңім-паздың бетпақтығын көрсетсе;
– Ағалары немесе әпкелерімен, яғни үлкендермен жиі ұрысса;
Қызба мінезді болса, ол буллер болып кетуі ықтимал.

Сіз буллер балаға көмектесу үшін не істей аласыз?

– Баланың әрекетіне шындап қараңыз. Буллингті уақытша нәрсе ретінде қабылдамаңыз. Егер бұл балаңызға қалай әсер ететіні сізді уайымдатпаса, басқа біреудің зардап шегетінін есте сақтаңыз;
– Баламен сөйлесіңіз. Ол басқаларды неліктен ренжітетінін біліңіз. Балалар уайым, ашу, жалғыздық немесе сенімсіздікті сезінген кезде өздерін жиі осылай агрессияда ұстайды. Кейде мұндай мінез-құлықтың себебі – үйдегі, отбасыдағы қандай да бір өзгерістер болуы мүмкін;
– Балаға басқалар туралы ойлауды үйретіңіз. Оған ренжіген адамның өзін қалай сезінетінін түсіндіріңіз;
– Мұғалімнен немесе мектеп психологынан сұраңыз: бала-ңызда мектепте қандай да бір проблемалар бар ма? Мүмкін ол қандай да бір пән бойынша артта қалып жүр немесе оған дос тауып тіл табысу қиын шығар. Балаңызға осы мәселені шешуге қалай көмектесуге болатынын сұраңыз; 
– Ата-ана ретінде өзіңізге сұрақ қойыңыз. Балаңызды үйде ренжітетін адамдар бар ма? Басқаларды қорлайтын балалар өздері жиі ата-анасы немесе отбасы мүшелері тарапынан қорлау құрбаны болған.

Ата-анаға кеңес: сенуге үйрену және үйрету

– Балаңызды жақсы жаңалы-тары үшін мақтап, жаман жаңа-лығы үшін сынауды тоқтатыңыз. Әйтпесе, бала сізбен тек оң реакция болатын ақпаратты айтады.
–Балаңыздан жасырын ешқандай әрекет жасамаңыз. Оның келісімінсіз баланың ісіне араласпаңыз. Баланың ең үлкен қорқынышы – ата-анасы араласса, бәрі де одан да жаман болады.

Баланың өзіне деген сенімін тәрбиелеңіз

– Балаңызды әділ және әділетсіз сынға дұрыс әрекет етуге үйретіңіз. Оған кез келген сын – жеке реніш емес, қандай да бір жағдай туралы біреудің пікірі екенін түсіндіру маңызды.
– Балаңызға өзін көрсете алатын істі табуға көмектесіңіз. Өзіне сенімді балалар қудалауға сирек тап болады. Ал сүйікті ісінің жетістігі, тіпті ол бізге болмашы жеңіс болса да, бұл агрессияның салдарын оңай жеңуге көмекте-седі.

Желіде жеке ақпаратты қорғау туралы айтыңыз

– Балаңыздың аккаунттарының паролін талап етудің орнына өзіңіз ата-ана және индивид адам ретінде желіде әлеуметтік белсенділікті бастаңыз. Осылайша, сіз балаңыздың интернеттегі мінез-құлқын, достарын және мүддесін байқай аласыз.
– Балаңызға интернетте қандай ақпаратты жариялауға болатынын, ал қандай ақпаратты жариялауға болмайтынын түсіндіріңіз. Желіде кез келген қорлау мен кемсіту жазбасына қалай шағым қалдыру керек екенін айтыңыз. Ол үшін посттың астына немесе пікірдің жанындағы «Шағымдану» немесе Report батырмасын басу жеткілікті.

Баламен ғана емес,  ұжыммен де жұмыс істеңіз

– «Назар аударма» немесе «олардың есесін қайтар» дегендей кеңесті ұмытыңыз. Бала ренжітушімен мәселені шеше алады. Бірақ қорлау мен кемсіту – эмоцияны білдірудің жалпы қабылдаған тәсілі. Ұжымдағы жағдайды түзету бір адамның қолынан келмейді.
– Мұғалімдер құрамына әсер етіңіз және мәселеге басқа ата-аналарды үндеңіз: кез келген адам баласының қорлауға ұшырағанын немесе өзі қудалауға қатысқанын ешкім де қаламайды.

Агрессияға жауап қайтаруды үйретіңіз

– Балаңызбен барлық қудалау жағдайларын талқылаңыз және азғыруға дұрыс әрекет етуге үйретіңіз. Байсалдылық пен байыптылық қасиеті ренжітушіні кемсіту жағдайында өзіне деген сенімін жоғалтуына әсер етеді.
– Балаңызды спорт секциясына немесе жекпе-жек мектебіне жаздыртыңыз. Өзін қорғай білу үшін ғана емес, сондай-ақ ашық жанжалдың қорқынышымен және физикалық ауырсыну қорқуымен күресу үшін қажет.
– Мұғалімге, психологқа және мектеп директорына қудалау немесе қорлау фактісі туралы міндетті түрде айтыңыз.

Балаңызға қоршаған ортамен ортақ мүдде қалыптастыруға көмектесіңіз

– Балаңыздың сыныптастарын жиі қонаққа шақырыңыз (әсіресе, ол ұнататын балалар болуы керек). Егер балаңыздың хоббиі болса, оған достарына қызығушылығы туралы айтуға көмектесіңіз.
– Басқа балалардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасаңыз. Көбінесе ересектер арасындағы достық балалар арасында қарым-қатынас жасауға себеп болады. Ол үшін мектептен кейін кафеге жиналу немесе отбасымен киноға баруды ұсыну жеткілікті.

Жағдайды өзгертіңіз...

– Балаңызға мектеп таңдауға қатысуына мүмкіндік беріңіз. Егер бәрі бала үшін шешім қабылдайтын болса, оның өзіне деген сенімі қалай қалыптасады?

– Жаңа оқу орнын таңдауға жауапкершілікпен қарау керек. Балаңыз оқитын сынып оқушыларының ата-аналарымен және оқушылармен араласу керек. Мектеп пен сыныптағы жағдайды сырт көздің сөзімен бағаламаңыз, өзіңіз пікір қалыптастырыңыз.

P.S. Мектепте оқып жүргенде буллинг құрбаны болдым. Бірақ қысымнан шығуыма педагог анамның көмегі көп тиді. Осы орайда, ата-аналарға ерікті болып сабақ өткізу барысында олардың буллинг туралы білімі толыққанды емес екенін байқадым. Адамды өзгертуге болмайды, бірақ баланы кішкентайынан естіп әрі тәрбиелеп, қоғамға зияны тимейтіндей тәрбиелеуге болады.

Назым Сапарова

«Ұлан» газеті, №13
30 наурыз 2021 жыл
 

949 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор