• ҰЛАН
  • 06 Қаңтар, 2026

Балмұздақтан бас тартқан балалар

Дәстүр бойынша ел Президентінің құттықтауынан кейін жылдың алғашқы сәттерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны эфирден өтеді. 
2024 жылы Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген оны асқақ рухпен орындаса, 2025 жылы пианист әрі композитор Темірлан Бейсенбай сүйемелдеген еді. 
Ал биыл Мемлекеттік Әнұранды балалар шырқады. Бүлдіршіндердің шынайы әрі жүрекке жететін орындауын елемей өту мүмкін емес. Себебі дәл сол сәтте миллиондаған қазақстандық қолын жүрек тұсына қойып, экран алдында тапжылмай тұрып, Әнұранды бірге айтты. Елге рух берген әуенді елордалық Ермек Серкебаев атындағы №3 балалар музыка мектебінің «Айналайын» балалар хоры орындады. Сүйкімді балақайлардың шынайы да таза дауысы көрерменді бейжай қалдырмады. Балалар мен олардың жетекшісімен тілдесіп, гимнді орындау барысында нені басты назарда ұстағандарын, бұл жауапты сәтке қалай дайындалғанын білдік. 

«Айналайын» балалар хорына биыл 15 ақпанда 27 жыл толады. Өнер ұжымының тарихы 1999 жылдан бастау алады. Ұжым әр жылдары түрлі білім ошағында жұмыс істеген. Алғаш рет хор Қостанай қаласындағы №24 «А» мектебінде құрылды. Балалар ұжымының жетекшісі әрі жоба авторы – Гүлмира Жангелді. 2001 жылы ол елордадағы №38 мектеп-лицейдің директоры Жамал Қасымбектің шақыртуымен Астанаға қоныс аударып, хор осы оқу ордасында жұмысын жалғастырды.
Кейінгі жылдары «Айналайын» хоры қалалық, облыстық және республикалық, халықаралық байқаулар мен мәдени бағдарла-маларға тұрақты түрде қатысып, бірқатар жетістікке қол жеткізді. 2009 жылдан бастап хор Астана-дағы №2 өнер мектебінде өнер көрсетті. Ал 2024 жылдан бері
ұжым Ермек Серкебаев атындағы
№3 балалар музыка мектебінде шығармашылық жолын жалғасты-рып келеді. Айта кетерлігі, балалар хоры осы жылдар ішінде бірде-бір рет жұмысын тоқтатпаған.
ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындау мәртебесі Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешенінен түскен ұсыныс негізінде «Айналайын» балалар хорына бұйырған. Бұл жауапты міндетті хор жетекшісі үлкен қуанышпен қабылдап, дайындыққа бірден кіріскен.
– Әрине, қобалжу болды. Өйткені жаңа мектепке ауысуы-мызға байланысты хор құрамында өзгерістер болды. Сондықтан дайындыққа ерекше мән бердік. Жаттығу жұмыстары қазан айының соңында басталды. Жалпы, оқу жылы басталған кезде жаңадан келген балаларға ең алдымен Мемлекеттік Әнұранды орындауды үйретуден бастаймын. Балабақшадан енді келген кейбір
балалар гимннің сөздерін шатас-тырып жатады. Сол себепті вокалдық және хор жаттығулары арқылы мәтінді дұрыс айтуға, мағынасын терең түсінуге, сана-ларына сіңіруге барынша көңіл бөлемін. Осы жүйелі дайындық эфирдегі жоғары деңгейдегі орындауымызға көмектесті деп ойлаймын, – деді хор жетекшісі Гүлмира Жангелді.
Мемлекеттік телеарнадан эфирде берілгендіктен, балалардың дауысы үшке бөлінді. Әр дауыс жеке-жеке қайта нотаға түсіріліп, үйлестірілді. Осы жауапты жобаға барлығы 100 бала қатысты. Сонымен қатар, елордалық «Елігай» балалар хорынан (жетекшісі Ержан Сансызбай) 50 жасөспірім қосылды. Әнұранды орындау үшін солист балалар да іріктелді. 
Солистердің қатарында ерекше көзге түскендердің бірі – Диас Ерлан. Көрермен оны әнұранның алғашқы секундтарында-ақ бай-қап, харизмасына еліткен болар.
– Өзімді теледидардан көргенде қатты әсерлендім. Кеудемді елімізге деген ыстық сезім кернеді. Жетекшіміз бізге «осындай маңызды түсірілім алдында суық тамақ ішпеңдер, тамақтарыңды жылы ұстаңдар» деп ақыл 
айтты, – деп еске алды Диас.
Қазір Диас 11 жаста. Үш жасынан бері вокалмен айналысады. Астанадағы №82 Дарын мамандандырылған лицейінің 4-сыныбында оқиды. Бос уақытында фортепиано мен домбыра тартқанды ұнатады.
Эфирде Мемлекеттік Әнұранның дауысының айқын әрі ерекше естілуі өте маңызды. Осы істі кәсіби деңгейде Димаш Құдайбергеннің жақын досы, саунд-продюсер әрі танымал музыкант Ерлан Бекчурин өңдеген. Ал экранның ар жағында отансүйгіштік рухты жеткізу үшін балаларға педагогтер ақыл-кеңес беріп отырды.
– Түсірілім күні де, оған дейін де ата-аналар мен балаларға бұл жоба мемлекет көлеміндегі аса маңызды іс екенін бірнеше рет айттым. Оқушыларға жүректе мақтаныш сезімін, ел мен жерге деген сүйіспеншілікті, жауапкершілікті, Отанға деген махаббатты сезіне отырып айтуға кеңес бердім. Бұл – Отанға деген құрметтің биік нышаны, – деп түсіндірді хор жетекшісі. 
Мемлекеттік Әнұранды орын-дайтын балалардың ішінде ең кішкентайы 6 жасар Айтөре Жаңабай болды. Ол Астана қаласының Әбіш Кекілбаев атындағы Binom мектебінде дайындық сыныбында оқиды. Бос уақытында кәсіби түрде сурет салуды үйреніп, сонымен қатар каратэмен айналысады.
– Болашақта Президен-тімізбен кездескім келеді. Әнұранды бұрыннан жатқа білемін. Бірақ хормен бірге айтқанда ілесе алмай қаламын ба деп алаңдадым. Дайындық басталғанға дейін әкем мен анам теледидардан Әнұранның хор нұсқасын қосып
қойып, мен солармен қайта-қайта айтып жаттықтым, – деді Айтөре.
«Айналайын» балалар хорында әртүрлі этностың балалары өнер көрсетіп келеді. Мемлекеттік Әнұранды орындағандардың қатарында татар ұлтының өкілі София Рашид те бар.
– Өз елімнің Әнұранын орын-дау бақытына ие болғаныма мақтанамын. Жаңа жылдың алғашқы минуттарында Әнұранды отбасыммен бірге тыңдаған сәт жүрегімде мәңгі сақталатын ерекше оқиға болды. Сол сәтте атам мен әжем, туған-туыстарым көзіне жас алды. Менімен бірге қуанды, – деді София.
София Рашид 9 жаста. Қазір Қадыр Мырза Әли атындағы Binom мектебінің 4-сыныбында оқиды. Бес жасынан бері «Айналайын» хорында өнер көрсетіп келеді. 
– Менің басты арманым – сүйікті өнерпазым, әлемге қазақтың атын танытқан Димаш Құдайберген сияқты өз Отаным-ды өнер арқылы дәріптеп, халық-аралық деңгейде таныту, – дейді София.
Гимнді орындаушылардың қатарында Мұстафа Шоқай атын-дағы №51 мектеп-гимназияның 4-сынып оқушысы Мұхаммед Әл-Әмин Қажыбаев та болды.
– Кеудемізді мақтаныш сезімі кернеді. Елімнің патриоты екенімді сезіндім және осы жобаға қатысқаныма қатты қуаныштымын. Менің басты мақсатым үшінші дауысты ұстап тұру болды. Диас айтқандай, бізге дайындық кезінде балмұздақ жеуге тыйым салынды, – деді Мұхаммед әл-Әмин.
Ол сонымен қатар өткен жылғы тәжірибесін еске алды:
– Естеріңізде болса, былтыр 25 қазанда Республика күніне орай елордалық 1500 оқушы Мемлекеттік рәміздер алаңында «Атамекен» әнін орындадық. Сол видеоны республикалық балалар мен жасөспірім-дерге арналған «Ұлан» газеті де өз әлеуметтік желісіне жариялаған еді. Сол кезде мен әнді бірінші болып бастаған едім, яғни солисті болдым, – дейді оқушы.
Осылайша балалардың орын-дауында «Менің Қазақстаным» әнінің жаңа танысы ашылды.  Әр бүлдіршін әнге жүрек жылуын, шынайы эмоциясын қосып, оны тыңдаған әрбір жанның жүрегіне жеткізе білді. 

Олжас ПАВЛИК 

 

720 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор