• ҰЛАН
  • 06 Қаңтар, 2026

Жаңа жыл – ЖИ жылы

2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы. Бәлкім, сен президент неге жаңа жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады деп ойланған боларсың?
Кейінгі жылдары әлем өте жылдам өзгеріп жатыр. Бұрын адамдар көп істі өз қолымен атқарса, қазір оны компьютерлер мен бағдарламалар орындайды. Жасанды интеллект тек техника саласында емес, оқу, медицина, банк, көлік, тіпті күнделікті тұрмыста кеңінен қолданыла бастады. Бұл құбылыс бүкіл әлемде байқалады. Сондықтан одан қашу мүмкін емес. Егер ел жаңа техно-логияларды уақытында меңгермесе, ол басқа мемлекеттерден артта қалуы мүмкін. Ал артта қалу дегеніміз білім, экономика және мүмкіндіктердің азаюы. Цифрландыру мен жасанды интеллект жұмысты жеңілдетеді, уақытты үнемдейді, жаңа білім мен мамандықтарға жол ашады.
Бірақ бұл технологиялардың қауіп-қатері де бар. Интернеттегі алаяқтық, жеке деректердің ұрлануы, жалған ақпарат соның мысалы. Сондықтан мемлекет бір жағынан технологияны дамытса, екінші жағынан қауіпсіздікті де күшейтуі керек. 
Достар, сендер де ЖИ және цифрландыру, киберқауіпсіздікке қатысты өте сауатты болғандарың жөн.  Себебі жасанды интеллект қазірдің өзінде оқушылардың қалай оқитынына, қалай ойлайтынына әсер етіп келеді.
Жасанды интеллект ендігі болашақтың құралы емес. Ол сенің күнделікті өміріңде бар. Бір ЖИ есепті түсіндіріп береді, бірі мәтінді түзетеді, енді бірі сурет немесе видео істеп береді. Көп жағдайда бұл пайдалы. Бірақ ол саған көмектесіп жүр ме, әлде сенің орныңа ойланып жүр ме? Кез келген технология адамды күшейте де алады, әлсірете де алады. Мысалы, жасанды интеллект арқылы күрделі тақырыпты тез түсінуге, жаңа нәрсе үйренуге болады. Бірақ егер барлық тапсырманы ойланбай-ақ соған бере салсаң, өз бетіңмен ойлау қабілеті әлсіреп кетеді. Жасанды интеллект қате-лескеніңе ұялмайды, жетістікке қуан-байды. Ол сен үшін жауап бермейді, таңдауды да өзі жасамайды. Сондықтан оны дайын жауап беретін машина ретінде емес, түсіндіретін құрал ретінде қолдану маңызды.
ЖИ туралы сауатты бол дегенде, мен ChatGPT туралы білемін деп ойлаған боларсың. Бірақ ЖИ тек ChatGPT емес. СhatGPT жасанды интеллекттің бір ғана түрі. Жасанды интеллект дегеніміз адам сияқты ойлай алатын емес, адам істейтін кейбір жұмысты компьютердің орын-дауы. ChatGPT мәтін жазуға көмектесе алады, сұраққа жауап береді және түсіндіріп береді. Сондықтан көп оқушы жасанды интеллект дегенді тек осы бағдарламамен байланыстырады. Алайда ChatGPT жасай алмайтын нәрселер де бар. Ол көлік жүргізбейді, бет-әлпетті танымайды, ақшаны бақыламайды және алаяқтықты анықтамайды. 
Жасанды интел-лект біз ойлағаннан әлдеқайда кең таралған. Көп адам байқа-маса да, ол күнделікті шаруамызды бітіруге «араласады». Мысалы, бет-әлпет арқылы смартфонды ашады, камера «ақылды» режимде сурет түсіреді. Сондай-ақ YouTube пен TikTok-та ЖИ қандай видео ұсыну керегін таңдайды. ЖИ банкте күмәнді аударымдарды бақылап, алаяқтықтың алдын алады, қалаларда жол қозғалысын реттеп, кептелісті азайтуға көмектеседі. Ал компьютерлік ойындарда қарсылас кейіпкерлердің әрекетін «ойлап» отырады. Мұның бәрі ChatGPT емес,
бірақ жасанды интеллект. Көпшіліктің жасанды интеллектті тек ChatGPT деп ойла-уының себебі бар. Ол қазір ең танымал құрал-дардың бірі, адам сияқты сөйлей алады және мектеп тапсырмасында жиі қолданылады. 
Жасанды интеллекттің өзі қауіпті емес. Қауіптісі оны ойланбай қолдану. Ол бір жағдайда көмектесе алады, ал бір жағдайда адамның өз бетімен ойлау қабілетін алмастырып жіберуі мүмкін. Қалай болатыны технологияға емес, оны қолданатын адамға байланысты.

 

2025 жылы 18 қыркүйекте Президент жарлығымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылды. Сондықтан инновациялық қызмет саласындағы функциялар мен өкілет Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілді.
Ал қарашада «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойылды. Бұл заң – жасанды интеллектті қолдану мен реттеуге арналған құқықтық база. Заңға сәйкес, адамның келісімінсіз оның эмоциясына, мінез-құлқына жасанды интеллектінің көмегімен талдау жасауға тыйым салынады. Сондай-ақ қоғамдық орындарда біреудің бет-әлпетін тану үшін жасанды интеллектіні қолдануға болмайды. ЖИ көмегімен жеке деректерді жинау, талдау, енді заңға қайшы әрекет болып саналады. Ал қосымша бағдарламаларға «Жасанды интеллектінің негізінде жасалды» деген таңба қою міндеттеледі.
 

648 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор