• ҰЛАН
  • 02 Желтоқсан, 2025

Жеңімпаздарға жәшіктеп кітап табысталды

«Геральдикалық зерттеулер орталығы» мен «Ұлан» газеті жариялаған «Туған жерім менің, Қазақстаным» әңгімелер байқауына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам шығарма келіп түсті. Кеш барысында үздік деп танылған оқушылардың есімі жарияланды.  Бас жүлдені Астана қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы Binom School мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Кәусар Шалқар жеңіп алды. Жеңімпаз 70 кітаптан тұратын арнайы жинақпен марапатталды. 2-орын Батыс Қазақстан облысы, Тасқала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығы жанындағы «Әдебиет әлемі» үйірмесінің тәрбиеленушісі Арнұр Жұмабайға бұйырды. Жас талап туған жеріне 50 кітабы бар қораппен қайтты. 3-орынға Ақтөбе қаласындағы №33 қазақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы Айсұлу Кармисова лайық деп танылды. Ол 30 кітаппен мара-патталды. Сондай-ақ тағы 7 оқушыға ынталандыру сыйлығы табысталып, әрқайсысына 10 кітаптан берілді.
Салтанатты шараға елордадан арнайы келген 1-орын иегері Кәусар Шалқармен аз-кем сөйлесіп алдық. Байқау қорытындысы оны жаңа шығармаларды оқуға ынталандырғанын естіп, қуанып қалдық. «Қортынды шыққанда ерекше қуандым. Бір жағынан қатты қуандым, екінші жағынан 70 кітапты түгел оқып шығамын деп өзімді жігерлендірдім. «Гераль-дикалық орталық» пен «Ұлан» газетіне үлкен рақмет айтамын. Ұлы тұлғаларды дәріптейтін байқаулар көп болсын», – дейді ол. 
Жеңімпаз өзіне берілген кітап топтамасының мазмұны көңілінен шыққанын да атап өтті: «Ата-анам шығыстанушы болғандықтан, үйі-міздегі кітаптардың жартысынан көбі араб-түрік тілдерінде. Кітап-ханамызда қазақ әдебиеті де, қазақ тіліндегі шетел әдебиеті де көбейгеніне ризамын. Тіпті өзімнің қолым жете алмай жүрген кітаптарды да көріп, жан-жақты дамуға арналған жинақ екен  дедім», – дейді Кәусар қуанып.
Сонша шығарманың арасында жеңіске жеткен Кәусардың әңгіме-сі қалай жазылды екен? Бәлкім оқырманға осы сұрақ қызық болар деп өзінен сұрап көрдік. Ол шығармасын шынайы өмір көріністеріне сүйене отырып жазғанын айтты: «Әңгімемдегі оқиғаларды өмірден
алуға тырыстым, әсіресе мектеп-тегі көріністерді. Маған «осы оқушылар әнұранды шын ниетпен айта ма?» деген сұрақ қызық болған. Осы сұрақты әңгіменің негізі етіп, ішкі монологымды кірістірдім», – дейді жеңімпаз қыз. Жүлдегер әңгімені 5-беттен оқи аласыздар. 2 және 3-орынға ие болған шығармалар келесі нөмірлерде жарияланады.
Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Ал сыйлықтарын бірден ашып, достарына unpacking жасап көрсеткен замандастарымыз-ға ерекше риза болдық. Зейінің ашылсын, жас дос! Айтпақшы, байқауға демеуші болған Steppe&World, «Жазушы» qasym баспаларына зор алғыс білдіреміз
 

1225 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор