• ҰЛАН
  • 02 Желтоқсан, 2025

ҚЫЗЫЛ ТЕҢІЗДЕН МЫҢ ТҮРЛІ БАЛЫҚ КӨРДІК

Жақында Мысырда жүзуден жеткіншектер арасында World Series халықаралық чемпио-наты өтті. Бақ сынауға біз де бекіндік. Бірақ ашық
теңізде жүзіп үйренген мысырлық жеткіншек-терді басып озу қиын болды. Жеңіс әлі алда деп жұбаттық.  Жарыстан соң қаланы аралап, Қызыл теңізге түстік. Теңіздің сұлулы-ғы тура ертегіде айтыл-ғандай екен. 

 

КАИРДА АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ БАР 

Жоспар бойынша Мысыр астанасы Каирға бару керек едік. Қызым жарыста жеңілген соң қыдыруға ынтасы болмады.  «Бостандық» саябағында ақын Абай атамыздың ескерткішіне барғымыз келген. Жақында Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай қалада керемет іс-шара өтіпті. Жұрт ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, өлеңдерін оқыпты. 
Айтпақшы, Каирда  VIII ғасырда негізі қалан-ған «Сұлтан әз-Захир Бейбарыс» мешіті бар. Бұл – Бейбарыс сұлтан бабамыздың мешіті. Мысырды басқарған кезінде мешіт, медреселер салып, халықтың рухани іліммен бірге ғылым-білімді де қатар игеруіне көңіл бөлген. Мысыр тарихында  есімі ерекше аталады. Бейбарыс сұлтанның 800 жыл-дығы қарсаңында 600-ден астам іс-шара ұйымдастырылған. Осы іс-шараның бір бөлігі Мысыр жерінде өтіпті. 
Каир опера театрында Қазақстанның Мысырдағы мәдениет күндеріне арналған гала-концерт жиі өтеді. Қазақтың өнерпаз ұл-қыздары эстрадалық, халық әндері мен классикалық шығармалар-ды орындайды. Оларды дирижер Абылай Тілепбергеннің басшылы-ғымен Құрманғазы атындағы ұлттық халық аспаптар оркестрі сүйемелдейді... 

МЕКТЕПКЕ  4 ЖАСТАН БАРАДЫ 

Біз Мысырдың курортты қаласы Шарм әл-Шейхта болдық. Қала Синай түбегінің шеті мен Қызыл теңіздің жағалауында орналасқан. Араб тілінен аудар-
ғанда «Шейх қойнауы» деген мағынаны білдіреді. Аспанмен таласқа алып ғимарат жоқ. Үйлердің көбі ескі. Тарихи қала архитектуралық өзгеріске түспеген. Халық саны отыз мыңға жуық. Екі жүзден аса қонақүй бар екен.  
Қаланың әдемі жерлерін арала-дық. Гидтің айт-қанын қағазға түсірген едім, бірге оқиық. 
Жұма – демалыс. Араб елдерінде жұма ерекше мәрте-беге ие. Бұл күні адамдар мешітке барады. Мысырда мемлекеттік мекемелер бұл күндері жұмыс істемейді. Мұнда жұмыс аптасы дүйсенбіден емес, жексенбіден басталады. Тіпті дүкенге дейін жабық. Қызым екеуміз балмұздақ жейміз деп, дүкеннің алдында бір сағат күтіп, кері қайттық. 

АЛАЯҚ КӨП 

Такси, автобус жүргізушілері құран тыңдап отырады. Алаяқ деп айтуға аузың бармайды. Бірақ бірінші күні-ақ бізді алдамақшы болды. Екі шақырым жерге жолдың бойынан такси ұстадық. 1000 теңгеге келістік. Ұсақ ақша болмай, 5000 теңге берсек, қалғаны деп 500 теңге беріп тұр. Үлкен кісі болса да ын-сабы жоқ екен. Жолдасым айқайлап, ашуланып еді, өтіп бара жатқан такси жетіп келді. «Тыңдағаны құран, тапқаны арам, бұл саған садақа» деп еді, қалтасындағы 5000 теңгені бере салды. Сөйтсек, Мысыр жігіттері «саған садақа» деген сөзді аса ұнатпайды екен. Мүмкін болса, нақты келіскен ақшаны беру керек. Автобус жүргізушісі де артық ақшаны қайтармайды. «Ақшаны ұсақтап беру» деген түсінік мүлде жоқ. Балалармен балық мейрамханасына бардық. «Артық ақшаны бермейді» деген қорқыныш бар. Даяшы жігітке «1000 теңгені бөліп беріңіз» дедім. Бәрін түсінсе де, түсінбеген түр танытып, ақшамды қолымнан суырып алып кетті. Содан әлгі жігіт жоқ... 
Туризмнен мемлекет қорына қыруар ақша түссе де, халықтың жағдайы төмен. Қонақүй қызмет-керінің айлығы біздің есеппен 60 000 теңге. Жатын орны, тамағы тегін. Ағылшын, орыс тілін білсе, өмір – бал. Дәрігер, мұғалімнің айлығы 500 000 теңге. 
Жұмыс істеп жүрген қыздарды көрмедік. Жігіттер еден жуып, көше сыпырып жүр. Бұл қыздар үшін өте ауыр жұмыс деп есептей-ді. Тағы бір мәселе – күйеуі келі-сім бермесе, жұмыс істей алмайды. 
Балалар мектепке 4 жастан барады. Оқуды, сурет салып, сахнаға шығуды үйретеді. Бастауыш сыныпта 6–12 жасқа дейін оқиды. Қыздар 10 жастан бастап үй жұмысына араласады. Тамақ істеп, киім тігуді үйренеді. Балалар өздеріне сенімді болып өседі. Ағылшын тілін жетік меңгеріп, туристермен еркін сөйлеседі. Ал тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балалар жұмысқа ерте араласады. Көшеде газет сатып, автобуста ақша жинап, отбасына көмектеседі. 

АҚ АРАЛҒА СӨЗ ЖОҚ 

Шарм әл-Шейхқа келген соң міндетті түрде Рас-Мұхаммед пен Ақ аралды көрген дұрыс. Көшеде «Ақ аралға апарамын» деушілер көп. Бағасы әртүрлі. Бізге әлеуметтік желіден тапқан саяхатымыз арзан көрінді. Кеме Рас-Мұхаммед қорығы мен Ақ аралға апарады. Түскі ас тегін. Қызыл теңіздің сұлулығына көз тоймайды. Не деген мөлдір?! Таң сәріде оншақты кеме теңізді бетке алдық... Теңіздің әр бөлігіне жеке атау берген екен. Мысалы, теңіздің оң жағында жеті маржан бар. Маржан тұрған жер ерекше мөлдір. Сол себепті теңіздің осы тұсы «Жеті маржан» деп аталады. Кеме тоқтап, бәріміз суға түстік. Міндетті түрде суға арналған көзілдірік киген дұрыс. Бұрын-соңды осындай сұлулық көрді дейсің бе? Бірінші боп теңізге түсіп, түбіндегі сан түрлі балықты көріп, жүрегім қатты соғып кетті. Кемеге қайта мініп, өзімді сабырға шақырдым. 
Теңіздің түбі сурет сияқты. Балықты қолыңмен ұстап алғың келеді... Мысалы, Рас-Мұхаммед қорығында мыңға жуық балық бар екен. 
Келесі тұрақ – Ақ арал. Бұл атау ақ топырағы үшін берілген. Судың мөлдір болғаны соншалық, топырақтағы тасқа дейін сайрап жатыр. Осындай табиғатқа бай мысыр халқы қандай бақытты?! 
Теңіз түбіндегі балыққа сан жетпейді. Суретші қылқаламмен бояғандай. Пішіні сопақ, өрнек жұлдызы бар балық қатты ұнады. Басқа балықтан ерекшелігі терісі қабыршақ емес, тікен екен. Тек көзі мен аузы қап-қара балық көрдім. Титан дейді екен. Қос қанаты сарғыш, қоңыр немесе қызғылт түсті. Қанатының шеті күңгірт. 
Бұл саяхат балаларыма қатты ұнады. Кемеге мініп, теңізге бет алғандағы көңіл-күйін сөзбен жеткізе алмаймын. Ағылшын тілінде сөйлей алмай, қиналдық. Шетелге шықпас бұрын ағылшын тілін оқу керегін тағы түсіндік. 

Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА 
Шарм әл-Шейх-Алматы 

 

1219 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор