• ҰЛАН
  • 25 Қараша, 2025

Хлоя мен Мартин Қазақстан сахнасында өнер көрсетті

21 және 23 қарашада Алматы мен Астанада төртінші рет Freedom festival өтті. Биылғы фестивальдің ерекшелігі – әлемдік балет жұлдыздарының Қазақстан әртістері-мен бір сахнада өнер көрсетуі. 
Фестиваль шымылдығын Алтынай Асылмұратованың жетекшілігімен Astana Opera ұсынған «Пахита» балеті түрді. Ал екінші бөлімде Berlin Ballet Company бірнеше нөмірін ұсынды. Айта кетейік, бұл қойылым Қазақстан сахнасында алғаш рет көрсетілді. Freedom festival продюсері Данияр Шмановтың айтуынша, бұл шығармалар қазіргі уақытта әлемдік балет ұсына алатын ең үздік нұсқалар. 
«Біз көрерменнің талғамын біртіндеп қалыптастырып келеміз. Неге фестиваль «Пахита-мен» ашылады? Өйткені бұл – классиканың эталоны. Бұл қойы-лымда оркестрдің алғашқы тактыларынан дирижердің жұмысына дейін, басты солис-тердің өнері де ерекше рөл атқарады», – деді продюсер.
Спикерлерден Еуропаның ең танымал балет ұжымдарының бірімен келісімге келу қаншалық-ты қиын болғанын сұрағанда, олар сырттан бәрі жеңіл көрінгенімен, іс жүзінде мүлде басқа екенін түсіндірді. «Театрмен келіссөздер бір жыл бұрын басталады. Продю-серлер репертуарды келісіп, бағдарламаны талқылайды және театрдың әртістерін жіберуге мүмкіндік алу үшін барлық мәлі-меттерді реттейді. Бұл өте күрделі процесс», – деді «Фридом Финанс» АҚ басқарма төрағасы Сергей Лукьянов.
Данияр Шманов құрамды алдын ала және өте мұқият таң-дайтынын атап өтті. Командаға тек ең жақсы формада және таңдалған репертуарға толық сай келетін бишілер ғана кіреді.
Биыл іс-шараға шетелден келген жеті талантты әртіс қатысып отыр. «Пахитаның» басты партияларын АҚШ-тағы ең мықты труппалардың бірі — American Ballet Theatre-дің прима-балеринасы Хлоя Миссельдайн және Staatsballett Berlin премьері Мартин тен Кортенаар орындады. Айтпақшы, бишілер бір-бірін алғаш Қазақстанда көрді. Біз үшін қызық болғанымен, әлемдік балет жұлдыздары үшін бұл үйреншікті жағдайға айналған екен. Прима-балерина Хлоя Миссельдайн Қазақстанға келуді бұрыннан армандап жүргенін айтты. Оны жергілікті бишінің көптігі мен олардың сахнаға шығуға деген үлкен талпынысы таңғалдырған.
Мартин әңгіме барысында балет бишісі болу үшін өнерге ерте жастан барын салғанын жасырмады. «Біз үшін ең басты-сы – ерте жастан балетпен бері-ліп айналысу. Өз ісіңді шын сүю керек. Өйткені тек сүйіспеншілік ғана мыңдаған сағатты залда өткізуге мүмкіндік береді. Өміріңді өнерге бағындырып, оған сай өмір сүру маңызды. Әрине, аздап сәттілік те қажет, мысалы, керек уақытта керек жерде болу. Бірақ ең бастысы – адамдарға, жаңа елдерге, жаңа мүмкіндіктерге ашық болу», – дейді ол. Оның кәсіби жолы әлем сахнасында өнер көрсететін балет өнерпаздарын даярлайтын ең  мықты мектептердің бірі Торонто қаласындағы Canada’s National Ballet School мектебінен басталған. 
Ал American Ballet Theatre (Нью-Йорк) прима-балеринасы Хлоя Миссельдайн Орландода туған. Хлоя балетке анасы, балерина әрі жаттықтырушысы Ян Ченнің жетекшілігімен келген. Хлоя Orlando Ballet School мектебінде оқып, кейін ABT Summer Intensives престижді бағдарламаларына қатысқан. Бүгінде оны Rising Star of the Ballet World деп атайды.  Әр әртістің дайындық ритуалы бар. «Мен әрқашан концерттен бірнеше сағат бұрын театрға келуді жақсы көремін. Шашымды және макияжымды реттеймін. Маған сахнаға шығудан бұрын бір сәт өзіммен болу, дұға ету маңызды», – дейді Хлоя Миссельдайн.
Балет бишілерінің сымбаты қандай жинақы болатынын білесіңдер ғой? Баспасөз конферен-циясы басталғаннан соңына дейін Хлоя мен Мартинге тамсанып отырғандар аз болмады. Мүмкін-дікті пайдаланып олардың тамақ-тану тәртібі туралы сұрағандар да болды. Мартин Эрасмус жергілікті тағамға әрдайым қызығушылық танытатын айтты: «Осындай уақытта ғана тамақтану керек деген арнайы кестем жоқ. Маған мен барған жаңа елде адамдар не жейтіні әрдайым қызық. Қазақстанда  жылқы етінен дәм татқым келеді», – деді ол. Хлоя Миссельдайн ағзаға салмақ салмас үшін негізгі қойылымнан кейін ғана жергілікті тағамдардан ауыз тиетінін айтты.  
Айтпақшы, елімізде балетке қызығушылық жылдан-жылға  артып келеді. Ұйымдастыру-шылардың сөзінше, жыл сайын барлық билет сатылып кетеді. Содан болар, міне, фестиваль төртінші рет жалғасын тапты.
 

1117 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор