• ҰЛАН
  • 18 Қараша, 2025

4 мың асықтан киіз үй жасады

Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінде ерекше киіз үй бар. Ол толықтай асықтан жасалған. Бұл өнер туындысының қалай жасалғанын білу үшін білім ордасына хабарластық. Сұрақтарыма НЗМ-ның вице-президенті, 11-сынып оқушысы Ғани Телағыс жауап берді.

Қарүй Хәкім Абай Құнанбайұлы-ның 180 жылдығына арналған «Туған елге тағзым» тарихи-өлкетану экспедициясы аясында құрас-тырылған. Оның диаметрі 1 метр, биіктігі 80 см. Күйіз үйді жасау шамамен 10 күнге созылған.
– Осындай керемет прототип жасауға 22 НЗМ оқушысы бірігіп, ақылдасты. Олар БҰҰ-ның 12-ші тұрақты даму мақсатына (жауап-ты тұтыну және өндіру) сәйкес, экологиялық тұрғыда таза, қоршаған орта мен жер анаға зиян келтірмейтін және ұлттық құндылықтарды дәріптейтін өнер туындысын жасауға ұмтылды. Жобаның негізгі мақсаты – халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мұрасын дәріптеу және әлемге экологиялық таза қолөнер жасау мүмкін екенін көрсету, – деді Ғани.
Жоба үшін шамамен 4000 асық жинақталған. Асықтарды жинауға мектеп мұғалімдері, өзге қалалар-дан келген және жергілікті оқушылардан тұратын 100-ге жуық адам қатысқан. Солардың қатарында Тараз, Өскемен, Астана қалаларын-дағы НЗМ-ның оқушылары мен Ақтөбе НЗМ оқушылары бар.
– Асықтарды жинау қиын бол-ды. Өйткені қазіргі ұрпақ ұлттық ойындарға аса мән бермейді. Дегенмен біз «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, барлық мектеп қауымдастығы мен ата-аналардың көмегімен жинастыра алдық, – деді ол. 
Ғани киіз үйдің символдық мәніне де тоқталды. Оның айтуын-ша, әр бөліктің өз маңызы бар.
– Мысалы, шаңырақ – бірлік пен тұтастықтың белгісі. Ата заманнан «шаңырағың биік болсын!» деген сөз бекер айтылмаған. Уық шаңырақта жоғары ұстауға қажетті бөлік, ал кереге киіз үйдің қабырғасы. Киіз үйді бір отбасыға теңесек, уық – отбасының мүшелері сияқты. Шаңырақтың биіктігі уыққа, керегелердің орны да отбасындағы рөлге байланысты, – деді вице-президент. 
Қорытындылай келе, Ғани жобаның тәрбиелік әсері туралы былай жауап берді:
– Бұл жоба оқушыларды өткенге үңіліп, ұлт зиялыларының еңбегін сыйлауға үйретеді. Сонымен қатар, киіз үйді жинау еліміздің түкпір-түкпірінен келген балалар арасында достық қарым-қатынастың орнауына септігін тигізді. Жобаның кейбір детальдарын жинау арқылы оқушылардың шыдамдылығы мен төзімділігі дамыды.
 

1222 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор