- ҰЛАН
- 11 Қараша, 2025
Хорезм мемлекеті Шыңғысханнан неге жеңілді?
Біз тарихтан Шыңғысхан әскерінен Хорезм мемлекеті-нің жеңілгенін білеміз. Ал сол жеңілуіне жалған хаттың се-бепші болғанын білесіз бе?!
XIII ғасырда Хорезм өз уақы-тында тасы өрге домалап тұрған мықты мемлекеттердің бірі болды. Айналасындағы көрші тайпаларды жаулап алып, бағындырған да еді.Негізі бұл мемлекет Шыңғысхан-ның шапқыншылығына тойтарас та бере алатын еді. Алайда жеңілді. Оның жеңілуіне біз мектепте тарих кітабынан оқитын бір Қараша есімді адамның сатқын-дығы ғана емес, соғыста қате тактика қолдануы да себеп болды. Ал неге қате әдіс-тәсіл қолданды десек, оған жалған хаттың ықпалы зор болды.
Бәрін басынан бастасақ. Шыңғыс ханның ұлдарына қала алынбай тұрған кезде Отырар қаласының басшысы Қайыр ханның бұрынғы орынбасары Бадр ад-Дин ал-Амид Шыңғыс ханға келеді. Тарихшы Ан-Нисавидің хабарлауынша, ол Шыңғыс ханға өзінің Мұхаммед сұлтанды қаншалықты жек көретінін айтып, оны тез жеңудің құпиясын айтқан. Ал сол құпиясы – Мұхаммед сұлтан мен оның қол астындағы әскербасылардың арасына от жағу болды. Ал қалай от жағу керек? Әрине, олардың атынан жалған хат жазу керек.
Осылайша, моңғол ханы Темучин Бадр ад-Дин Амидтің ақылын іске ала отырып Мұхаммед сұлтанның анасы Теркен хатунның туыстары болып келетін әскер басшыларының атынан Шыңғыс ханның атына жазылған жалған хат мәтінін даярлайды. Сонда жалған хатты Шыңғысхан өз атына арнап өзі жазады. Бұл хатта арандатушылық негіздегі сөздер жазылған еді. Әрине, бұл хат Шыңғысханға арнап жазылғаны-мен оның түпкі мақсаты Мұхаммед сұлтанның қолына тиюі керек болды. Хорезм мемлекетіндегі Шыңғыс ханның жансыздарының көмегімен бұл хат Мұхаммед сұлтанның қолына түседі де. Хорезм сұлтаны хатты оқып өзінің қол астындағы әскер басшыларына сенімі мүлде жоғалды. Ол бұл хатқа кәміл сенген. Тіпті күмәнданбағаны соншалық, хатты кім жазғанын анықтап тексермеген.
Осылайша, арандатушылыққа алданған Мұхаммед сұлтан тегі қаңлы-қыпшақ көптеген әскер басшысының орайы келсе Шыңғыс хан жағына өтуге дайын деп есептеді. Сондықтан әскерді бір жерге шоғыландырып Шыңғысханға қарсы жұмыла күш біріктірудің орнына Хорезм мемлекетінің көп санды әскерін одан әрі бөл-шектеуге бел шеше кіріседі. Егер жаппай жұмылдырса әскер басылары майдан үстінде сатып кете ме деп күмәнданған.
Енді осы жерде Хорезм сұлтаны Мұхаммедтің әскерді бөлшек-теуі, яғни моңғолдардың қалың қолы келгенде оларға қарсы бүкіл күшті жұмылдырмай, керісінше, әскерді әр қалаға бөлшектеп қоюы – моңғолдардың бір-бірлеп жаулап алуға мүмкіндік берген. Дәл осы қате тактика еді.
Осылайша, өз қоластындағы әскер басыларына сенбегендіктен әскерді одан сайын бөлшектеп моңғолдардың бір-бірлеп жаулап алуына мүмкіндікті өздері берген. Бәлкім, осы арандатушылық мақсатта жазылған жалған хат болмаса Мұхаммед сұлтан бүкіл әскерді жұмылдырып Шыңғысханды жеңер ме еді, кім білсін?! Бәлкім, бәрібір жеңілер ме еді?!
P.S: Айта кетейік, бұл мақала Т.Омарбеков «Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар» кітабының 2-бөліміндегі мәліметке сүйене отырып жазылды.
382 рет
көрсетілді0
пікір