• ҰЛАН
  • 23 Қыркүйек, 2025

Ұялы телефонмен фильм түсірдім

Мобилография мен түсірілім – сүйікті хоббиім. Алайда, менде «фильм түсіру» деген ой мен батылдық болған емес. Ұялы телефонмен фильм түсіру мен үшін мүмкін емес боп көрінген. Бұл – тәуекелге бел бумастан бұрын ойлаған ішкі дауысым еді. Ал ол қалай болды?

Алдыңғы күз айында әлеуметтік желінің бірінен «El Umiti Premiasy» жобасына іріктеу ашылғанынан хабардар болдым. «El umiti» премиясы – жастардың кәсіп табуына, әртүрлі салада өзін жүйелі түрде дамытуға, өзгелерге қамқор болуға, алға қойған мақсаттары мен жоғары нәтижеге қол жеткізуге қолдау беруге және көмектесуге бағытталған жоба. 17 жасқа дейінгі оқушылар бақ сынай алатын жалпы-ұлттық байқаудың ережелері мен
шарттары мені қызықтыра түсті. Дереу тіркеліп, алғашқы тапсырма – аймағымдағы әлеуметтік мәселені көтере отырып, таныстыру бейнетаспасын жолдадым. Қабылдандым. 500-ден астам өтінім болыпты. Іріктелген 200-ден аса қатысушы-ның ішінде мен де бармын. Үлкен жобаның ғана емес, мүмкіндіктер есігін қоса аштым. Жарты жылдан астам уақыт байқау, додалардан жинаған жетістігімізді жинақтай түстік. Бәсекелестік басым, әрбір марапатымыз үшін балл алып отырамыз, қатысушылардың көрсеткіш рейтиңі де бар. «El umiti» ұйымдас-тырған сайыстардан да кенде қалмадым.   Ұйымдастырушылармен ұдайы байланыста болып, ортақ топта бір-бірімізге қолдау көрсете-тінбіз. Жеті бағыт: оқуға құштар ұлт, спорт және салауатты өмір, еріктілік, экологиялық мәдениет, цифрлық дағды, Meta-Skills, ұлттық мұра бойынша жан-жақты дами отырып, көшбасшы жастармен жайлы орта
құрдым. Жобаның шешуші кезеңде-рінің бірі – барлық шартты сақтаған оқушыға лагерьге жолдама беру еді. 6 ай бойы еткен еңбек пен табанды әрекеттің нәтижесінде лагерьге бару мүмкіндігі маған да бұйырды. Алайда, белгілі себептерге байланысты Зеренді ауылындағы жазғы лагерьге жолым түспеді. Десе де, премияның қорытынды жоба-сына қатысу мүмкіндігім тағы бар еді…
Жаз. Жоба мәресіне жетуге жақын. Қалғаны – финал. 
Тапсырма – қоғамдағы әлеуметтік мәселені қысқаметражды фильм арқылы көрсету. Алғашында бәрі оңай болды, маған таныс сала болғанына қуандым. Тақырып-тардағы тізімнен «Инклюзия және ерекше жандарды қабылдау» дегені көзіме оттай басылып, жақын көрінді. Өз білім ордам мен қаламдағы ерекше адамдардың жай-күйін көріп жүрген маған осы тақырып дөп келген сияқты. Фильмге бір ай уақыт беріліп, мамандармен қызу талқы басталды. Бірінші қадам – сценарий. Актерлік құрам мен техникалық жабдықтарды түгендеместен бұрын, фильм мазмұнын жазу ұзақ уақыт алды. Не дегенмен ерекше жандардың әлеуеті мен ішкі күйін көрерменге жеткізу оңайға соқпайды ғой. Психолог Дариева Найля апаймен, қаламыздағы мүмкіндігі шексіз балалар білім алатын «Ұмай» мекемесімен тығыз байланыса отырып, басты рөлге протез аяқты баланы алуға шешім қабылдадым. Басты мақсатым – мұндай жандарды «ерекше» деп бөліп, қоғамнан ерекшелеп немесе мүмкіндігі шектеулі деп шектеп қоюды тоқтату керегін, қарапайым адам ретінде қабылдауды үйрену қажеттігін қоғам мен әлемге түсіндіру, жеткізу. Сценарийде протезді баланың ерекшелігі – аяғы емес, оның сол ерекшелікке қарамастан, өзгелерге не нәрсеге қабілетті, мықты екенін дәлелдеу еді. Кейіпкер есімін Арлан деп қоюымда да мән бар. Қоғамдағы адамдардың ойы мен теріс пікірінен қорқатын Арлан жаңа мектебіндегі сыныптастарына қолынан не келетінін көрсетіп, өзін қабылдатуға әрекет етеді. Аяғы протез болса-дағы футболға қатысып, талап пен жігерінің барында өзін өзгелерге мойындата алады. Дәл осы жүйемен фильм түсірілімін бастап кеттім. Алғашында оңай көрінген еді. Уақыт өте келе қызығы мен шыжығы қатар көрінген. Қызығы – фильмнің басты кейіпкерінің образын өзім жасадым, бірақ бейнетаспа соңына шынайы протезді баланы түсірдім. Оның фильмді қорытындылайтын ішкі сөзі мен бейнесін кадрға алдым. Осылайша бір айға созылған процеспен қысқаметражды фильм түсірілімі аяқталды. Өңдедім, сараладым, жолдадым. Жобам іріктеу-ден өтіп-өтпеуі шынында маңызды бола қоймады. Сенімсіз болдым ба, әлде өткінші толқу ма, әйтеуір іріктеуден өтпейтін сияқтандым. Алайда, жеңісім – ұялы телефонмен қысқаметражды фильм түсіре алғаным еді. Мүмкін емес дүние жоқ екеніне, адамда талап болса, алынбайтын қамал жоғына көзім тағы бір мәрте жетті. Келесі жеңісім – әлеуметтік жобам арқылы финалға жолдама алдым. Астана қаласының төрінде ҚР Бірінші Президент мұражайында өткен «El Umiti Premiasy» жобасының қорытынды кешіне қатыстым. Еліміздің түкпір-түкіпірінен кіл мықтылар жиналған додада бақ сынап, бірегей фильмдерді көріп, көзайым болдық. Қоғамдағы әлеу-меттік мәселені фильм арқылы көрсетіп, бас қалада өнер көрсету бұйырғанына қуаныштымын, разымын. Қысқаметражды фильм түсіріп, қорқынышымды жеңгенім – бір, қоғамдағы өзекті мәселені көтеріп, пайдалы орта құру – екінші жетістігім. Жастарды қолдауға бағытталған жалпыұлттық жобалар жалғасын таба берсін.

Гүлбақыт ІЗДІБАЙ
Қызылорда облысы
Арал қаласы
Бетті дайындаған Гүлфарида Зейнуллина

2815 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор