• ҰЛАН
  • 16 Қыркүйек, 2025

Жасанды интеллектіні мектеп қабырғасынан бастап меңгереміз

Өткен аптада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады.  Жолдауда мектеп оқушыларына қатысты қандай мәселе айтылғанын тізбектейік. Әдеттегідей Жолдау өткеннен сабақ алып, болашаққа қалай бағдар түзеу керегіне бағытталды.

«Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет» ­– деді Президент сөз басында.

Жолдаудағы негізгі әңгіме жасанды интеллект төңірегінде болды. Алда атқарылатын міндеттер де соған негізделді.

«Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе, жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне әсер етіп 
жатыр», ­– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

– «Біз жаппай цифрлан-дыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыр-туымыз қажет. Ол үшін, ең алдымен, Цифрлық кодексті тезірек қабылдаған жөн. Бұл заңда цифрландыру үдері-сінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс. Жаңа технологиялық қалыптың ажырамас бөлігіне айналу үшін бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрып, оның азаматтар мүддесіне сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ашықтығы мен тиімділігін еселеп арттыру керек. Сондықтан қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын».
Президент Жолдауында: «Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуіміз керек», деп оған тірек болатын маңызды жеті міндетті атады.

Олар:
Бірінші. Елімізге қомақты инвестиция тарту;
Екінші. Өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беру;
Үшінші. Ауыл шаруашылы-ғын жаңа деңгейге көтеру;
Төртінші. Көлік-логистиканы одан әрі дамыту;
Бесінші. Тұрғын үй-комму-налдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту;
Алтыншы. Кәсіпкерлер елімізді цифрлық дамытудың қозғаушы күші болуға тиіс;
Жетінші. Экономиканы жан-жақты цифрлық жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді.

Ал Президент тікелей мектеп оқушыларына қатысты не айтты? Енді соған назар аударайық. Мемлекет басшысының балаларға артып отырған сенімі мол. 

«Экономиканы жан-жақты цифрлық жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді. Бұл жерде білім беру саласы айрықша рөл атқарады, – деді ол. – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мек-тептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мек-тептердің құрылысы алдағы үш ай ішінде аяқталуға тиіс. Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жылдам өзгертіп жатыр. Әлемде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің қыр-сырын білетін мамандарға деген сұраныс артып келеді.Сол себепті менің тапсырмаммен 100 мыңға жуық сту-дентті жоғары технологиялық жобаларға тартуды көздейтін Al-Sana бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Алайда жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс. Осыған орай бірқатар бастаманы жүзеге асырған жөн. Ең алдымен, мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама және оқу материалдарын әзірлеу қажет. Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болады.Қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде «Qazaq Digital Mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуіміз қажет. Мұндай платформа ауылдағы оқушыларды сапалы оқу тәсілдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».

Жолдаудың соңында айтылған сөздер де өзекті. Бұл, әсіресе, әне-міне мектеп бітіретін, мектептен кейінгі өмірін ойластырып жүрген балаларға тікелей қатысты. 

«Жыл сайын мыңдаған инженер, құрылысшы және ауыл шаруашылығы маманы оқуын бітіріп шығады, – деді Президент. – Оларға білім беру үшін мемлекет қомақты қаражат бөліп жатыр. Алайда көбі мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Олар арнайы білімді қажет етпейтін, тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдайды. Әрине, жұмыстың жаманы жоқ, адал еңбектің бәрі – маңызды. Бірақ бұл үрдіс жеке адамға да, бүкіл елге де үлкен пайда әкелмейді. Азаматтардың өндіріске барғаны абзал».
 

Бетті дайындаған Асылан Біржанұлы

3015 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор