• ҰЛАН
  • 25 Тамыз, 2025

Мектеп ауыстыру қиын емес

Ата-аналар үшін мектеп ауыстыру енді бұрынғыдай ұзақ әрі күрделі рәсім емес. Бұдан былай оқушыны бір мектептен екіншісіне ауыстыру үшін мекемелерді аралап, құжат жинап, сағаттап кезекте тұрудың қажеті жоқ.  
Себебі eGov.kz порталына жаңа сервис енгізілді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңа жүйе арқылы оқушыны тұрғылықты мекенжайы бойынша да, басқа аумақтағы кез келген мектепке ауыстыруға болады. Бұрынғыдай оқушыны мектептен шығару туралы құжаттар немесе тіркеу талондары қажет емес. Сондай-ақ жеке іс-қағаздарды қолмен тапсырудың да қажеті жоқ.
Жаңа мектепті таңдаған сәтте портал бірден оқыту тілін көрсетеді. Егер ата-ана шешімін өзгертсе, берілген өтінішті кері қайтарып алуға мүмкіндік бар.
Бұл – мектеп ауыстыру процесін барынша ыңғайлы әрі ашық етуге бағытталған шара. 
Қызметті алу үшін ата-ана мына қадамдарды орындауы керек:
1. eGov.kz порталына логин және құпиясөзбен немесе ЭЦҚ кілті арқылы кіру.
2. «Білім» бөліміндегі «Орта білім» тармағынан «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру» қызметін таңдау.
3. Өтінішті толтырып, оны ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) арқылы растау.
4. Өтініштің орындалу барысын өзіңіздің жеке кабинетіңізден бақылап отыру керек. 
Жазира Қанатқызы
 

877 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор