- ҰЛАН
- 09 Шілде, 2025
Ілияс үздік атанды
Биылғы маусым айы қазақ жастарының халықаралық деңгейдегі кезекті жеңісімен ерекшеленді. 17 маусымда Болгария астанасы Софияда өткен Еуропа физика олимпиа дасы (EuPhO-2025) мәресіне жетіп, әлемнің 39 елінен жиналған 200-ден астам жас физиктің басын қосты. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Астана қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 11-сынып оқушысы Ілияс Қазымбек алтын медаль иеленіп, ел мерейін асырды. Кейіпкерімізге арнайы хабарласып, сұқбат құрдық.
– EuPhO-2025 олимпиадасына қатысу сен үшін қандай тәжірибе болды?
– Бұл мен үшін үлкен әрі ерекше тәжірибе болды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты жастармен таныстым. Алғаш рет Еуропаға бардым. Сол жақтағы заманауи инфрақұрылымды, тарихи орындарды көзбен көріп, шабыт алдым. Бұл сапар менің дүниетанымымды кеңейтті. Сол жақтағы заманауи инфрақұрылымды, тарихи орындарды көзбен көріп, шабыт алдым. Бұл сапар менің дүниетанымымды кеңейтті.
– Бұл олимпиадада сен жеңімпаз атандың. Нәтиже жарияланған сәтте қандай күйде болдың?
– EuPhO-2025 олимпиадасына алғаш рет қатысып, алтын медаль иегері атандым. Бұл жеңіс ең бірінші республикалық физика математика мектебінің жеңісі деп ойлаймын. Өйткені оқушыларды – EuPhO-2025 олимпиадасына алғаш рет қатысып, алтын медаль иегері атандым. Бұл жеңіс ең бірінші республикалық физика-математика мектебінің жеңісі деп ойлаймын. Өйткені оқушыларды үнемі ізденіс пен білімге жетелейтін мектебіміздің негізгі миссиясы – әлемді жақсы жаққа өзгертетін үздік математик, физик және инженерлерді тәрбиелеу.
– Осындай жоғары деңгейдегі жарысқа қалай дайындалдың? Қанша уақыт кетті және қандай әдістермен оқыдың?
– Маған үлкен көмек берген бір сайт бар. BeyondOlympiads – қазақстандық мамандар дайындаған өте сапалы материалдар жинақталған база. Физикаға деген қызығушы лығым 7-сыныптан басталды. Дәл сол кезден бастап физика әлеміне тереңірек үңіле бастадым. Олимпиадаларға шындап көңіл бөлуім де осы сыныптың соңында басталды. 8-сыныпта күн сайын 4-5 сағаттай уақытымды олимпиадаға арнадым. Кейінірек жүйелі түрде, күн сайын дайындала бастадым. Осы уақыттан бастап олимпиадалық физикадан бөлек, теориялық физи каға да қызығушылығым артты.
– Саған дайындалуға кім көмектесті?
– Маған қолдау көрсеткен ұстаздарыма зор алғыс білдіремін. Физмат мектебінің әр мұғалімін талантты тұлға деп танимын. Сондай ақ, білім нәрін сіңірген мектебім РФММ ұжымына алғысым шексіз. РФММ биыл да Қазақстандағы ең үздік олимпиадалық және үздік математикалық мектеп атанды.
– Олимпиада тапсырмаларының күрделілігі туралы не айтар едің? Есіңде ерекше сақталып қалған есеп болды ма?
– EuPhO-ның тапсырмалары өзгешелеу. Мұнда білімнен бұрын логикалық ойлау маңыздырақ. Тапсырмалар қысқа болғанымен, терең түсініп, шешу қиын. Мәселен, APhO мен IPhO олимпиадаларында кейбір есептердің ұзындығы 30 бетке дейін жетуі мүмкін. EuPhO есептері әңгіме түрінде беріледі. Басында жалпы жағдай баяндалса, соңында нақты физикалық идея Менің құқығым ларға бағытталады. Маған экспе рименттік кезеңдегі алғашқы есеп қатты ұнады. Жасанды интеллект пен схемаларға қатысты болды. Өте ерекше, қызықты тапсырма.
– Физика сені несімен баурап алды? Бұл ғылымда сені қызықтыратын тұстар қандай?
– Меніңше, әрбір пән өзінше керемет. Ең бастысы – оның ішкі мәнін түсіне білу. Бастапқыда физиканы көптеген мүмкіндік ашатын сала ретінде көрдім. Байқағаным, мен үлгі тұтқан тұлғалардың көбі физиканы таңдаған екен. Олар Илон Маск, Джефф Безос, Ньютон, Эйнштейн және ағамның жақын досы Ілияс Мыңжасаров. Физика ғылымы өмірді өзгертетін күшке ие.
– Болашақта өз өміріңді физикамен немесе ғылыммен байланыстыру жоспарыңда бар ма?
– Әрине, болашағымды физика мен байланыстырамын. Өмірде түрлі салаларды байқап көргім келеді, жаңа дүние жасап, өзгеріс әкелгім келеді. Қазіргі заманда бұл үшін әртүрлі сала бойынша терең білім қажет. Әлем күн санап емес, сағат, тіпті минут сайын дамып жатыр. Сол себепті күніне жаңа дүние үйреніп отыру маңызды. Болашақты болжай алмасам да, жүрек қалаған іспен шұғылдану қолымнан келеді.
Олжас ПАВЛИК
Сұқбаттың толық нұсқасын «Ұлан» газетінің №25 санынан (24 маусым 2025 жыл) оқи аласыз
947 рет
көрсетілді0
пікір