- Күншуақ
- 08 Шілде, 2025
КҮЙДІ ҚҰРМЕТ ТҰТАТЫН ҚҰРМЕТ
Құрмет Алматы қаласындағы №174 мектеп-гимназияның оқу-шысы болып жүрген кезінен білімге құштар болды, барлық пәннен жақсы нәтиже көрсеткен үлгілі оқушы атанды. Сүйікті пәндері математика, орыс тілі,
ағылшын тілі, Қазақстан тарихы болатын. Осы пәндерден бірнеше олимпиадаға қатысып, ұстаздарының сенімін ақтап жүрді.
Алайда Құрметтің оқушы кезінде бір-ақ нәрсеге аңсары ауа берді. Ол – домбыра. Жастайынан қазақтың өзіндей боп кеткен аспапқа ерекше ықыласы ауды. Ол сірә атасынан дарыған өнер болса керек. Себебі Құрметтің түп нағашысы Ахмет Есекенұлы Батыс Қазақ-стан өңіріне танымал күйші болған екен. «Күй астанасы» атанған Жаңақала өңірі – талай дүлдүл күйшіні өмірге әкелген қастерлі мекен. Осынау дүбірлердің қатарында болған Ахмет күйшінің бойындағы өнер уақыт өте келе Құрметтің бойына дарыса керек.
Олай деуіміздің жөні бар. Себебі Құрмет мектеп кезінен-ақ өнер байқауларында бірнеше мәрте топ жарды. 2024 жылы Түркістан қаласында өткен
бірінші Халықаралық «Бабалар аманаты» байқауында Бас жүлде иемденді. Былтыр Өзбек-станда өткен халықаралық өнер байқауында да қағысы мен шабысы мүлт кетпей, бас бәйгені жұлып алды. Дубайда өткен «Нұрлы фест» фестивалінде де бас жүлдеге ие болды. Жас күйшінің мұндай жетістігі көп. Осындай жетістіктерінен соң ол 9-сыныпты абыройлы аяқтап, арманына жету жолындағы алғашқы қадамын жасады. Қазір Құрмет Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің «Халық аспаптар» бөлімінің студенті.
Құрметтің өнер жолын таңдауына әкесі мен анасы үлкен қолдау білдіріпті.
– Мамандық таңдау әр адамның өміріндегі ең маңызды әрі жауапты қадамдарының бірі ғой, – дейді Құрметтің анасы Гүлмарал апай. – Құрметтің бұл таңдауының артында арман, үміт, мақсат әрі болашаққа деген сенім жатыр. Құрмет өнерді жүрегімен түсінеді, оны өмірінің бір бөлшегі санайды. Ол қолына домбыра алғанда, тек күйді шертпейді, жүрек қылын тербеп, көңілге шуақ шашады. Оның орындауындағы күмбірлеген күй қазақтың сайын даласындай кең, асқақ рухты. Көне ғасырлардан жеткен қасиетті домбыраның құлағында ойнап, күйдің әрбір қағысын сезініп, тыңдаушы-сын өзімен бірге саз әлеміне жетелейді. Бұл оның бойында-ғы ұлттық өнерге деген ерекше сүйіспеншілігінің белгісі деп ойлаймын. Ол арманына жету үшін білімін үнемі жетілдіріп отырады, жан-жақты дайындалады, ұстаздарының ақыл-кеңесін тыңдайды. Құрмет әрбір байқауға мақтан үшін емес, өзін жетілдіру мақсатында қатысады. Домбыраның киелі үнін әлемнің түкпір-түкпірінде шырқатқысы келетін Құрметке әке-шешесі ретінде барынша қолдау білдіре бермекпіз.
Дайындаған Асылан БІРЖАНҰЛЫ
3488 рет
көрсетілді0
пікір