• ҰЛАН
  • 17 Маусым, 2025

Мағжанның музасы

Мағжан Жұмабаев – қазақтың лирик ақыны. Лирикасында нәзік сезім, өшпес махаббат, рухани бостандық ерекше көзге түседі. Ақынды өлең жазуға шабыт итермелесе, ал шабыт музадан келмек. Осы ретте Мағжанның ең аяулы музасы Гүлсім туралы сөз қозғасақ.

Гүлсім – татар қызы. 1914 жылы Петербургтегі ақсүйек қыздардың педагогикалық институтын бітірген. Мағжан Гүлсімді алғаш рет Қызылжардағы мұғалімдер курсынан көреді. Гүлсімнің асқан сұлулығы мен бой бермес тәкәппарлығына өлердей ғашық болған Мағжан Гүлсімге: «Кетіпсің Қызылжардан, ханым Гүлсім», «Айырылғанда», «Гүлсімге», «Г...ге», «Тірілдім», «Сүй, жан сәулем» секілді ғашықтық өлеңдерін арнайды. Мағжан мен Гүлсімнің таныстығы да ерекше орын алған. Бір күні  Мағжан оқытушылар бөлмесіне кірген бойда үстел үстінде отырған Гүлсімге көзі түседі. Оған қарама-қарсы отырып, ләм дей алмайды. Тіл қатуға сәті түскен кезде Гүлсімді телефон тұтқасына шақырады. Гүлсімнің шыққанын пайдаланып, қойындәптеріне:

«Бота көз, сиқырлы сөз Гүлсім ханым» деп басталатын өлең жолдарын жолдайды. Музаның махаббатының арқасында қазақ әдебиетінің өшпес мұралары жарық көрді, мәңгі сақталды. Ақынның талай жүрекжарды өлеңдеріне арқау болған Гүлсім қыз өзінің сұлулығымен тарихта қалды. Мағжанның лирикалық өлеңдерінің бүгінге дейін жетуіне де дәл осы муза қыздың үлесі бар болар... Мағжанның поэзиясында Гүлсім образы мәңгі. Бұл бейне қазақ әдебиетіндегі ең әсерлі кейіпкер ретінде қалыптасқан.

Ақынның шабыты мен сағынышының бейнесі татардың сұлу қызы – Гүлсім. Мағжанның сырлы өлеңдерінің басым бөлігі Гүлсімге арналған. 

Жұлдыз ЕРБОЛ 
Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Жалғызқұдық ауылы

 

368 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор