• ҰЛАН
  • 10 Маусым, 2025

Алтын алған Алтынай

Жақында Германияның Мюнхен қаласында спорттық бал биінен The Lion Dance Championship жарысы өтті. Жарысқа астаналық 12 жастағы Алтынай Жұмабай да қатысты. Қатысып қана қоймай, Англия, Франция, Италиядан келген қарсыластарынан басып озып, алтын жүлдені жеңіп алды. Бишінің анасы Сәуле ханыммен байланысып, Алтынайдың өнер жолы туралы сұрап көрдік.

Алтынай Астанадағы №11 мектептің оқушысы. Биыл 6-сыныпты бітірді. 4 жасы-нан бері бал биімен айналысады екен. Басында жәй қызығушылығы болған іс қазір елдің атын әлемдік деңгейде танытуға үлкен әсер етіп жатқан сияқты. Ең алғашқы турнирі бір жарым жылдан кейін Тараз қаласында өткен. Сол кезден бастап би байқауларын қалт жібермейді дейді анасы. 

«Аптасына 3 рет топпен бірге, 2 рет 1,5 сағаттан жеке дайындалады. Демалыс күндері хореографияға да уақыт бөледі. Шеберлік сабақтарына да қатысады. Ол жерде үйренгендерін де жетілдіріп отырады. Германияда өткен байқауда бұған дейінгі еңбегі арқылы жеңіске жетті. Кез келген өнер адамы немесе спортшы байқауларға жылдап дайындалады деп ойлаймыз. Дайындық – үздіксіз жүріп оты-ратын үрдіс. Қызымның әр жарысы есімде. Алғашқы бес жыл тек елдегі жарыстарға қатысып жүрдік. Барлық жерде бірінші орын алып жүрді. Содан кейін шетелге шыға бастадық. Ең бірінші еліміз – Грузия», – дейді анасы. 

Жалпы, спорттық бал биі аты айтып тұрғандай, би мен спорт тоғысқан өнер түрі. Қимыл-қозғалысқа, жұптың бір-бірін толықтыра алуына, аяқ пен дене қимылына ерекше мән беріледі. Бұл сахналық емес, жарыстық сипаттағы би түрі. Сондықтан бұл бағытта өнер көрсеткісі келетін жанның тек хореографиялық емес, физикалық дайындығы да болуы шарт. Байқағанымыздай, Алтынай бұл шартты мүлтіксіз орындап жүр. Себебі көп уақытын осы өнерге арнап, бір емес, бірнеше жат-тықтырушымен бірге дайындалады. Бізге сұқбат берген Алтынайдың анасы Сәуле ханым қызының қызығушылығына бей-жай қарамай, ерекше қолдау білдіреді. Сөйтіп 2019 жылы елордада спорттық бал биін үйрететін мектеп ашыпты.

«Қызым болашақта жаттықтырушы болғысы келетінін 6 жасынан бастап айтып жүр. Өзінің бір емес, бірнеше жат-тықтырушысы бар. Опера және балет театрынан да мұғалімдер шақырамын. Жетістікке жету үшін шеңберден шығып, барлық жағынан даму керек. Бәлкім сол кісілерге ұқсағысы келетін шығар. 2019 жылы қызымды қолдап, балалар арасында бал биін дамыту үшін би мектебін аштым. Қазір қызыма ұқсап, онымен бірге билегісі келетін қыздар бар екен. Олардың ата-анасымен байланысып отырамын. Өзімде бар ақпаратты айтып, көмектесуге әрқашан дайынмын. 2024 жылы алғаш рет менімен емес, жаттықтырушысы Замира Кимлачпен бірге Сеулге турнирге барып қайтты. Ол байқаудан да 1-орын алды. Қызымды марапаттап, Қазақстанның туын мақтанышпен алып шыққан сәтті көргенде ерекше толқып кеттім. Шетелге шыққанда міндетті түрде елімізде бидің әртүрлі бағыты жақсы дамығанын, шетелде өнер көрсетіп жүрген балалар туралы да айтамыз» , – дейді Сәуле ханым. 

Алтынай тек биші емес, үздік оқушы екен. Биден бөлек, пәнаралық олимпиада-ларға да қатысып тұрады. Ағылшын тілінде еркін сөйлейтінін, қытай тілін меңгеріп жүргенін, тіл білу халықаралық деңгейдегі мұғалімдермен араласу үшін өте маңызды екенін де айтты. Көркем еңбек пәнін ерек-
ше ұнатады. Себебі ол биден бөлек, киім тігу, тамақ пісіру деген сияқты істерді үйренеді. 

Алтынай мектеп бітірген соң хореогра-фия академиясына түскісі келеді екен. Арманына жетіп, бұдан да биік белесті бағындырады деп үміттенеміз және биші қызымызға сәттілік тілейміз!

Ділназ ШАЙМҰРАТОВА
 

598 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор