- ҰЛАН
- 10 Маусым, 2025
«Жасыл болашақ» – таза табиғаттың бастауы

Алматы қаласындағы бала-лар мен жасөспірімдер таби-ғатты қорғау тақырыбында бірікті. Шоқан Уәлиханов атын-дағы жекеменшік мектептің аумағында ерекше іс-шара – «Жасыл болашақ» эко-фестивалі өтті.
Фестиваль шеңберінде қала мектептерінің 1–4-сынып оқушылары арасында ауқымды экологиялық байқау ұйымдас-тырылды. Бұл бастама балалар-дың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, шығармашы-лық қабілетін дамытуға бағытталды. Байқауды ұйымдастыру-шылардың айтуынша, негізгі мақсат – жас ұрпаққа эколо-гиялық мәдениетті ерте жастан сіңіру.
Байқау екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар жұмысын 26 мамырға дейін jasylbolashaq.kz сайтына онлайн жолдады. Қашықтан өткен іріктеуден үздік 10–15 жұмыс 30 мамыр күні эко-фестиваль барысында ұсынылатын болды.
Эко-фестиваль Алматы қала-сындағы Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектепте өтті. Байқауға әр мектептен педагог-ұйымдастырушы жетек-шілігімен 8 адамға дейінгі бір команда қатыса алды. Жалпы алғанда, экологиялық байқауға Алматы қаласының әртүрлі мектептерінен 80-нен астам бастауыш сынып оқушылары қатысты. Олар экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдары тақырыбында сурет, постер, плакат әзірлеп, оны көпшілік назарына ұсынды. Фестиваль күні тек байқаумен шектелмеді. Балалар эколо-гиялық ойындар мен шеберлік сабақтарына белсене қатысты.
Шеберлік сабақтары 3 станциядан тұрды:
1-станция: Баламалы энергия көздері;
2-станция: Ағаштарды эко-көбейту;
3-станция: Ағаш өсіру және күтім жасау.
Балалар кезекпен әр стан-цияға кіріп, қызықты ақпаратпен танысып қана қоймай, өз қолы-мен ағаш отырғызып, түрлі ойын ойнады. Эко-фестиваль күні Францияның Алматыдағы бас консулы Фабрис Неве мырза басты қонақ ретінде қатысты. Ол осындай іс-шараның басқа мектептерде де өткенін қалайтынын және табиғатты қорғаудың маңызды екенін айтып, қатысушы бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар, іс-шараға Ш.Уәлиханов атын-дағы жекеменшік мектептің негізін қалаушы Әсел Иманғалиқызы да келді.
«Біз балаларға тек табиғат-ты қорғаудың мәнін түсіндіріп қана қоймай, оларды шешім іздеуге және сол шешімді шығармашылықпен жеткізуге үйре-теміз. Сондықтан, жасыл бола-шақ эко-фестивалі тек мереке емес, мәні зор бастама», – деді Әсел ханым.
Эко-фестиваль қонағы Фабрис Неве мырза мен Әсел Иманғалиқызы мектеп ауласында «Бәйтерек» символын бейнелейтін, өрілген «Жанды бәйтерек» ағашын отырғызды. Сонымен қатар, «Жібек жолы» бестселлерінің авторы Питер Франкопанның «Жердің айтыл-маған тарихы» атты кітабы эко-фестиваль қонақтарына сыйлыққа берілді.
Фестиваль соңында оқушылардың іс-шара барысында алған білімін тексеру мақсатында арнайы ұйымдастырылған кахут ойыны ойнатылды. Байқауға қатысқан топтар «Қоқыссыз әлем – экологиялық мақсат», «Экологиялық идеяны көркем бейнелеу», «Табиғатты қорғауға шығармашылық көзқарас» номинацияларымен марапатталып, одан бөлек бүлдіршіндерге экосыйлықтар сыйға тартылды.
Фестивальға қатысқан БАҚ өкілдері де назардан тыс қалмады. Әсел Иманғалиқызының Asiya брендінің органикалық косметикалар жиынтығы және Tellis Organic экологиялық таза сабындары іс-шара ұйымдастырушыларының атынан сыйға берілді.
«Жасыл болашақ» эко-фестивалі – бұл жай ғана іс-шара емес, табиғатты құрметтеуге, қоршаған ортаға жанашырлық-пен қарауға, жауапты болуға үйрететін нақты тәжірибе, болашаққа жасалған қадам.
Ақерке ӘБЖАПАР,
Маржан АБАТОВА,
ҚазҰПУ-дың студенттері

437 рет
көрсетілді0
пікір