• ҰЛАН
  • 10 Маусым, 2025

15 жасында елші атанды

Алина Бисембай – Астана қаласындағы Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы. Жасы 17-де. Алайда Алина 15 жасында елші атанған десем сенесіз бе? Қалайша қаршадай қыз елші атанып жүр деп те күмәнданып тұрған шығар-сыз. Дәл осы және басқа да сұрақтарға жауап алу үшін Алинамен сұқбаттасуды жөн көрдім.

– Алина, сен қалай елші ата-нып жүрсің?
– Негізі елші атануым қызық әрі күтпеген оқиға болды... Бұл 2023 жылдың көктем айы еді. Ағам менің үйден мүлдем шықпайтынымды байқап: «Алина, үйде отыра бересің бе? Бірнәрсе істеп, уақытыңды бос өткізбей, волонтер болып келсеңші», – деп кеңес берді. Сол сәттен-ақ волонтерлық ұйымдарды іздей бастадым. Осылай өмірімде бірінші рет Жастар сарайына барып, волонтер болып жұмыс істедім. Ол жерде бір іс-шара болып жатты. Мобилография саласында еш білімім, тәжірибем болмаса да, іс-шараға мобилограф ретінде қатыстым. Бірақ соған қарамастан, мені бірінші барған күннің өзінде-ақ сол ұжымның директоры байқап қалды. «Өзің пысық әрі тез тіл табысуға қабілетті екенсің», – деп келесі күні болатын cұқбатқа шақырды. «Қандай сұқбат? Ол сұқбат не туралы болмақ?» деген сұрақтардың жауабын білмесем де, келесі күні сұқбатта өз кезегімді күтіп отырдым. Бөлмеде өзім секілді балалар отырды. Көбіне белсенділер мен мектеп президенттерін іріктеп алыпты. Кейін менен сұқбат алып болған соң, директор бірден: «Енді сіз Жер амбассадорысыз» деп мәлімдеме жасады. Өзім дым түсінбей, «жарайды, алдағы уақытта не болатынын уақыт көрсетер» дедім де келісе салдым. Сөйтсе, менен сұқбат алып, «Жер амбассадоры» етіп таңдаған «Earth Foundation» қорының төрағасы Алан Бесен екен. Алан Балиабайұлы талантты әрі еңбекқор жастарды жан-жақтан іріктеп, Қазақстанның экологиясының дамуына үлес қосып
жүрген азамат. Осылайша, 2023 жылдың көктемінде өзін түрлі салада дамытқысы келетін жастар-дың «Жер елшілері» атты ұйымы құрылды. Біздің ұйымда жас журналистер, елшілер  және тағы да басқа жас мамандар бар. Олардың ортақ мақсаты – Қазақстанның экологиялық жағдайына халық назарын аударту әрі проблема-лардың шешімін ұсыну һәм қорша-ған ортаны қорғау ісіне үлес қосу.
– Ұйым туралы толығырақ айта кетсең...
– Ұйымның басшысы – Алан Бесен, ал мен бас координатор қызметін атқарамын.  Бұл ұйымның мақсаты – Қазақстан бойынша экологияға жаны ашитын креатив жастарды бір шаңырақ астына жинау. Яғни, жастардың қоршаған ортаның жағдайына деген назарын арттыру және экологиялық проб-лемаларды шешу жолында креативті дамыту. Ұйым мүшелерінің жас аралығы 13–17 жас. Қазір ұйымның құрамында 300-ге жуық белсенді жас бар. «Жер елшілері» ұйымы іс жүзінде әртүрлі БАҚ өкілдерімен, елшіліктермен, банктермен және басқа да құзыретті органдармен бірігіп, экология саласын дамыту жолында жұмыс істейді. Бұл бір жағынан жастар үшін қызық тәжі-рибе, екінші жағынан қоғамға пай-далы іс. Мәселен, алдыңғы жылы Астана қаласындағы Президенттік саябақта 500-ге жуық ағаш отыр-ғызсақ, Павлодар облысында  2000-ға жуық ағаш отырғыздық. Бұның өзі біз секілді жасөскіндер үшін үлкен іс екені анық.
– Елші ретінде жұмыс істеуің қашан және қалай басталды?
–  Мен өткен жылы ең алғаш рет елші ретінде Тайландқа барып келген едім. Жалпы, ұйымдағы жұмыс барысында Тайланд елшілі-гінің өкілі Оратай ханыммен жүздесуім – осы бір сапардың болуына түрткі болды. Қазақ жастарының қандай белсенді әрі сана-сезімі жоғары екенін көрген Оратай ханым бізге Орталық Азия атынан Тайландтың Сыртқы істер министрлігімен байланыс орнатуды ұсынды. Осы арқылы Тайланд мемлекетімен өзара елшілік алмасатынымызды айтты. Осындай ауқымды әрі зор жауапкершілікті қажет ететін сапар үшін белсенділер арасынан үздіктерді таңдау қажет еді. Сондықтан үш кезеңнен тұра-тын конкурс ұйымдастырылды. Нәтижесінде, мен №1 кандидат ретінде таңдалдым. Негізі сапары-мыздың мақсаты – Тайланд елінің экологиялық жағдайымен таны-сып, олардың экологиялық дағдарыс пен қоқыс мәселесін қалай шешіп жатқанынан танысу болды. Онымен қоса, біз бүкіл Орталық Азия атынан бара жат-қандықтан, делегациямызда «Хабар» телеарнасының журналисі, сондай-ақ Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінің экономика, туризм және Сыртқы істер министрлігінің де өкілдері болды. Алдымен Оратай ханым екеуіміз Тайландтағы елшілікте қонақта болып қайттық. Жай ғана қонақ болып кетпей, дипломатиялық ынтымақтастықты нығайту мақса-тында ұлттық дәстүрлермен өзара алмасу рәсімін де өткіздік. Сонымен қатар, пластик өндірісі, өсімдіктерді сақтау және дамыту бойынша түрлі экскурсиялардың да куәсі болдық. Одан бөлек, Қазақстан тарапынан біз өзіміздің экологиялық жобамыз-дың таныстырылымын да жасап апарған едік. Осы сәтті қорғап шықтық. Жобамыздың айқын әрі сапалы болғаны соншалық, Тайландтың Ғылым және Білім министрі және басқа да беделді мамандар жобамызға үлкен қызығушылық танытып, өзара ынтымақтастық орнатуға ұсыныс білдірді. Осының арқасында екі ел арасында экологиялық-дипломатиялық байланыс орнады. Қазақ-стандық 15 жасар жасөскіннің дәл осындай жоғары деңгейдегі жобаны ұсынуы – Тайланд Сыртқы істер министрлігінің де назарын бізге аудартты. Осы оқиға арқылы Қазақстан жастарының патриоттық сезімі мен еліме өз үлесімді тигізем деген талпынысы ерте жастан-ақ қалыптасатынын дәлелдей алдық деп ойлаймын.  Бұл ұйымның өмір сүріп, гүл-деніп келе жатқанына небәрі бір жыл болса да, аз уақыт ішінде үлкен нәтижелерге қол жеткіздік. Президент кеңесшісі Зүлфия Сүлейменовамен, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен, Ғылым және жоғары білім минис-трі Саясат Нұрбекпен және басқа да көрнекті тұлғалармен кездесіп, олардан қолдау таптық. Сонымен қатар, «Астана ТВ», «Qazaqstan», «Хабар» және «Жібек жолы» телеарнасына сұқбат беріп, тәжірибемізді кеңінен насихаттадық. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан экологиясын дамытуға белсене атсалысып жүрген жастар арқылы үлкендердің де назарын аударып, болашақта еліміздің экологиялық жағдайына зор үлес қосуды мақсат етіп отырмыз.
– Сұқбаттасқаныңа көп рақмет, Алина!

Тоғжан ӘЗІМХАН,
Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейдің 
11-сынып оқушысы
Астана қаласы

475 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор