• ҰЛАН
  • 30 Қазан, 2024

Расында қазақ балаларының оқу сауаты төмен бе?

Мектеп оқушыларына тағылымды кездесу ткізу – ескі дәстүр. Қазір де білім беру орындарында кең қолданылады. Бірақ сол іс-шаралардың қалай тіп, балалардың не түйіп шығатынына үңілдіңіз бе? Жиі байқайтынымыз – балалардың ұзақ отыра алмай, тыпыршып мазасыздануы. Одан қалса екі сздің басын құрай алмай, ойын жеткізе алмауы тағы бар. Бұл – қазіргі балалардың бойындағы проблема. Әрине, кпке топырақ шашпаймыз. Бірақ мәселенің бары рас. Осындайда қазақ балалардың оқу сауатының деңгейі алаңдатады. Жақында spik.kz порталында осы тақырыпқа қатысты аналитикалық материал жарияланды. Онда қазақша оқитындардың оқу сауаты орыстілді аудиторияға қарағанда тмен екені жазылған. Ендеше, осы мәселені біз де зерттеп крелік.

Халықаралық зерттеулерге көз жүгіртейік. Қазақстан оқушылардың білім деңгейін бағалау мақсатында бірнеше сынаққа қатысып келеді. Тест елдегі білім беру жүйесінің сапасын халықаралық стандарттармен салыстырып, оқушылардың академиялық жетістігін бағалауға мүмкіндік береді. Ең маңызды және кең таралған зерттеулердің тізімінде PISA, TIMSS, PIRLS, ICILS және өзгесі бар. Бізді қызықтырып отырғаны үшіншісі. Яғни 4-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалайтын халықаралық PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study) зерттеуі. Бұл – балалардың мәтінді түсіну қабілетін және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған екен. Еліміз алғаш рет 2016 жылы қатысса, соңғы рет 2021 жылы тапсырды. PIRLS 2021 зерттеуінің нәтижесі бойынша қазақстандықтар 504 ұпай жинады. Бұл нәтиже халықаралық шкаланың орташа деңгейіне жақын. Бірақ 2016 жылғы зерттеу нәтижесімен салыстырғанда 32 ұпай төмен. Бұл білім беру сапасына пандемияның және басқа да факторлардың әсері болуы мүмкін деп санаған. Нәтиже оқу мәдениетін арттыру қажеттігін көрсетті. Содан бері оқу мәдениеті артты ма, жоқ па, оны Алматыдағы балалар мен жасөспірімдер кітапханаларынан сұрап көрдік.

Алдымен 100 мыңнан астам кітап қоры бар И.Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасына бардық. 6–10 жасқа дейінгі оқырманға арналған зал кітапханашыларын сөзге тарттық. Келушілер саны әртүрлі. Күніне 2–5, ал ісшаралар кезінде 15-тен астам оқырман келеді. Көп сұрататын кітаптары – ертегілер мен батырлар жыры. Залда екі тілде де кітаптар бар. Кітапхана қызметкері қазақ оқырмандарының өзі орыс тілінде көбірек оқитынын жеткізді. Мысал ретінде «Хәрри Поттер» кітабын қарап көрдік. Орысшасының мұқабасы ескірген. Ал қазақ тіліндегі аударма өткен айда түскен. Содан болар тек үш рет алып оқылған. Алайда мен тілдескен кітапханашы оқырманға қазақша кітапты оқуға көп ұсынады екен. 4-сыныпқа дейінгі балалардың дені кітапты суреттеріне қарап алады. 3D кітаптар сұранысқа ие. «Қазақ балаларының кітапханаға келу көрсеткіші арқылы олардың оқу мәдениеті төмен деген қорытындыға келуге болмайды. Заман талабы ма, білмеймін, қазақша аудиторияның көбі орыс тілінде оқиды. Бірақ қазақ тіліндегі кітаптарды іздеп келетіндер де бар. Бұдан 5-6 жыл бұрынғыға қарағанда сұраныс артты», – дейді кітапхана қызметкері.

Біздің байқауымызша, балалар кітапханасында жаңа қазақша кітаптар бар. Бірақ жеткіліксіз. Алайда олардың сөреден қозғалмай, оқылмай тұрғаны туралы ақпаратқа қосылмаймыз. Себебі кітаптардың барлығы дерлік қолдан-қолға өтіп, оқылып келеді. Кітапханалардан қазіргі танымал баспалардың да кітаптарын байқадық. Олардың ішінде жеке, тұлғалық дамуға қатысты мотивациялық оқулықтар бар. Бірақ жоғарыда айтып өткеніміздей саны аз. Кітапханашылар қазақша жаңа кітаптардың көбірек болғанын қалайтынын айтты. Кітапхана басшылығы бұл мәселеге де пікір білдірді. Айтуынша, жылда тізім жасақталады екен. Онда заманға сай, сұранысқа ие кітаптардың тізімі беріледі. Алайда оларды жеткізу, қорға тіркеу көп уақытты алады. Әрі саны аз келеді.

11 жас және одан жоғары аудиторияға арналған залдың кітапханашыларын да сөзге тарттық. Айтуларынша, классик жазушылардың шығармаларына сұраныс әлі де жоғары. Сайын Мұратбеков, Оралхан Бөкей, Әзілхан Нұршайықов, Ілияс Есенберлин сынды жазушылардың кітаптары мен психология, маркетология, экономика, менеджмент тақырыптарына сұраныс көп. Бұл залда да қазақша кітаптардың аздығы байқалады. Дені кеңестік заманнан қалған ескі кітаптар. Бір қуантарлығы, орыстілді аудиторияның қазақша кітап сұрап келуі. Мұны кітапханашылар ана тілін жетік меңгергісі келетіндер мен тілінің шорқақтығына ұялатындардың көбейіп келе жатқанымен түсіндірді. Сондай-ақ жоғарыдағы порталдың жазуымен келіспей, мектеп тапсырмасынан да бөлек кітап іздеп келетіндер бар екенін айтты.

Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасынан да сұрап көрдік. Күніне 400– 700-ге дейін адам келеді екен. Кітапхана қызметкері ең көп сұралатын кітаптар қатарына Дулат Исабековтің «Қарғынын», Қайрат Жолдыбайдың «Кемел адамын», Төлен Әбдіктің кітаптарын, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділерін» жатқызды.

Қазақстанда соңғы PISA зерттеуі 2022 жылы жүргізілді. Бұл зерттеу 15 жастағы оқушылардың оқу сауатын, математика және жаратылыстану саласындағы дағдысын бағалайды. Қазақстан оқушыларының нәтижелері жаһандық пандемияға қарамастан, алдыңғы жылдардағы деңгейде сақталып қалды. Математика бойынша көрсеткіштер тұрақты, ал жаратылыстану саласында айтарлықтай прогресс байқалды. Дегенмен, оқу сауаты мен шығармашылық ойлау дағдылары бойынша Қазақстанның нәтижесі әлемдік орташа деңгейден төмен болып қалды. Мысалы, шығармашылық ойлау тестінде қазақстандық оқушылардың тек 47%-ы минималды деңгейді көрсетті, ал әлемдік орташа көрсеткіш – 78%. Бұл нәтиже Қазақстанның білім беру жүйесін одан әрі жақсарту үшін маңызды қадамдарды қажет ететінін көрсетеді. Осы тұста Оқу-ағарту министрлігі балалардың оқу мәдениетін арттыру мақсатында қандай іс-шаралар жүргізіп жатқанын білейік.

Ведомствоның мәліметінше, балалардың оқу мәдениетін арттыруға бағытталған бірнеше ірі жоба іске асып келеді. Біріншісі, «Оқуға құштар мектеп» жобасы. Бұл бастама мектептердегі оқу мәдениетін көтеруге бағытталған. Оның аясында мектеп кітапханалары жаңартылып, жаңа әдебиеттермен толықтырылып жатыр. Сондай-ақ, оқушыларға кітап оқуға арнайы уақыт бөлініп, мектептерде кітап оқу сағаттары енгізілген. Екінші, мектеп кітапханаларын жаңғырту. Министрлік оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасап, оларды жаңа кітаптармен таныстыру үшін мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп жатыр. Үшінші, «Кітап оқитын ұлт» бағдарламасы. Жалпыұлттық бағдарлама оқушылар арасында ғана емес, жалпы халық арасында оқу мәдениетін дамытуға бағытталған. Мектептерде, кітапханаларда және қоғамда кітап оқу іс-шаралары, марафондар, авторлармен кездесулер ұйымдастырылады.

Кітапханашылардың сөзінше, қазақ балаларының оқу сауаты төмен емес. Классикалық туындылардың да оқырманы бар. Пандемия кезінде жүргізілген зерттеулер расында мәселенің бар екенін крсетті. Алайда мектептерде оның орнын толтыру мақсатында іс-шаралар өткізіліп жатады. Гаджет билеген заманда балаға кітап ұстату қиынның қиыны. Бірақ кітапхана жағалап, білім іздеген жастарымыз да бар. Бала кезінде қолына кітап ұстаған бала өскенде де кітапты қолынан түсірмейтінін ұмытпаған жөн.

Олжас ПАВЛИК

Сурет автордыкі

«Ұлан» газеті, №44
29 қазан 2024 жыл

895 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор