- ҰЛАН
- 02 Шілде, 2024
ЖИ жүргізушіні оятады
Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «Тәуелсіздік ұрпақтары» стартап-жобалар конкурсында жеңіске жетті. Байқауға облыстың он ауданынан елуден астам жоба қатысқан. Зияткерлік мектептің екі командасы «KazMentor» және «Оñayoqu» ерекше көзге түсіпті.
9-сынып оқушысы Бауыржан Әмірғалиевтің командасы «Жасанды интеллект негізінде жүргізушіні ояту жүйесі» жобасымен үздік деп танылыпты. Сыйлыққа 100 мың теңге беріпті. – Біздің командада Спандияр Ғабдулин, Әлімжан Жанғалишев, Елдар Әлмағамбетов, Тамирис Иманбердинова, Жансая Жәнібекова және Темірлан Ахонов болды. біздің ғылыми жетекшіміз – Борис Александрович Зеленов. – Идея менікі. Бірде дастарқан басында ата-анам ұзақ жолда көлік айдайтын жүргізушілердің жұмысы-ның қиындығын айтты. Нағашы ағам алыс жолда көлік айдайтын. Осы ой көкейімде тұрып қалды. Интернеттен қарасам, жүргізушіге қатысты мәселе көп екен.
Жасанды интеллект python және көздің анатомиялық нүктелері арқылы камерамен жүргізушінің оянуын бақылайды. Яғни, біз WAKE’N DRIVE қосымшасын жасадық. Ол ЖИ-дің көмегімен жүргізушінің сергектігін телефон камерасын пайдаланып қадағалайды. Жүргізуші ұйықтап кеткен жағдайда, ЖИ қатты дыбыс шығарып, сигнал береді. Осылайша жүргізушінің ұйықтап қалуына жол бермейді. Болашақта бізде тасымалдаумен айналысатын компаниялармен ынтымақтастық және кірікті-рілген функциясы бар камераны әзірлеу жоспарда бар.
Жобаның басты мақсаты – бүкіл әлем бойынша адам-дардың өмірін сақтау. Бізге инвестиция керек. Болашақта автономдық құрылғы жасасақ дейміз. Бағдарламасы дайын. Құрылғы жасауға бір миллион теңге қажет. Әлемде осындай технология бар. Бірақ ол өте қымбат автомобильдерге орнатылған. Біздің құрылғы көлікті қымбат немесе арзан деп ажыратпайды. Бір айға 499 теңге төлесе болды», – дейді Бауыржан. Жарыстан ұтып алған ақшаға қажетті камера алады екен.
Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА
«Ұлан» газеті, №27
02 шілде 2024 жыл

799 рет
көрсетілді0
пікір