- ҰЛАН
- 13 Мамыр, 2024
Бетті қалай күткен дұрыс?
Қазір бет күтімі туралы дәрігер де, косметолог та, тіпті блогер де айтады. Себебі, адамның сырт келбеті – зін згелерге таныстыратын бірінші қадам. Бет терісінің күтімі кп адамның басты мәселесіне айналған. Оған экологияның згеруі, климаттың ауысуы, дұрыс тамақтанбау себеп болып отыр. Оқырмандарға ерте жастан бет күтімі туралы ақпарат беру үшін косметология саласында трт жыл тәжірибесі бар Мадина Кемелхановамен сұқбаттастық. Косметолог сзін «күнде тамақтану адам үшін қалай маңызды болса, бет күтімі де соны талап етеді» деп бастады. Бұл сздің жаны бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2023 жылғы дерегі бойынша, әлемде 1,8 миллиард адам тері ауруларына шалдыққан. Бұл крсеткіш одан әрі спес үшін келесі кеңестерге құлақ түріңіз.
«Бетке күтім жасау әркімде әртүрлі. Бірақ 14–16 жаста гормондар өзгере бастайды. Ол бетке де әсер етеді. Күнде таңертең және кешке арнайы өнімдерді қолдану керек. Бірінші кезең – бетті тазалау. Ол үшін бетке арналған көпіршік пен тонерді қолданамыз. Екінші – пилинг, маска жасау арқылы бетті қалпына келтіреміз. Үшінші – бетті нәрлендіру мен қорғау. Оған күндізгі және түнгі кремдер мен SPF жағу кіреді». Қазір әлемде жаһандық жылыну үдерісі жүріп жатқандықтан, аптап ыстық пен күн сәулесінен қорғану маңызды. «SPF – бет терісінің эпидермис қабатын күн сәулесінен қорғайды. Оның 15+, 25+, 50+, 75+ деген түрлері бар. Бұл сандар адам жасын емес кремнің қорғайтын күшін көрсетеді. Қаншалықты жоғары болса, соншалық жақсы қорғайды. Бірақ оны таңдамас бұрын бет теріміздің жай-күйін, жүретін жердің атмосферасын ескеру керек. Мысалы, қыста SPF жағу аса маңызды емес. Себебі дала салқын, кейде тіпті күн болмайды. Көктем және жаз мезгілдерінде оны жағу міндетті. Эпидермис қабатына зақым келсе, тері сезімтал болып, үнемі қызарып жүреді. Қараю, дақ түсу де соның әсерінен», – дейді маман. Бет терісінің бірнеше түрі бар екенін білеміз. Әрқайсын талдап көрсек...
– Тері түрлерін талқыламас бұрын, беттегі Т және У аймақтары туралы айтайын. Т-аймаққа: мұрын және маңдай бөлігі кіреді. У-аймақты бетіміз, еріннің асты мен үстін қамтиды.
Құрғақ тері. Аты айтып тұрғандай, терінің құрғақтығы сезіледі. Эпидермис қабаты түсіп, ақ қабыршақ тәрізді дақтар пайда болады. Бет неге құрғайды? Себебі су, ылғал жетіспейді. Ондай жағдайда нәрлендіретін және ылғалдандыратын маска қолдану өте маңызды.
Майлы тері. Бет толығымен майлы болады. Себебіне үңілейік. Беттің төменгі қабаты – дермо қабат деп аталады. Ол жерде жасушалар өмір сүреді. Жасушалар арасында қан айналымы жүрмесе, олар өліп қалады. Өліп қалған жасушаларға ешқандай крем сіңбейді, соның әсерінен үнемі майлы болып жүреді. Өлген жасушаларды пилинг арқылы тірілте аламыз. Кейін қан жүре бастайды.
Аралас тері. Мұндай жағдайда Т-аймақ майлы, У-аймақ құрғақ болуы мүмкін немесе керісінше.
Сезімтал тері. Терінің эпидермисі зақымданса, сезімтал күйге түседі. Бетке не жақса да, қызарып кетеді. Бұл жағдайда маска арқылы теріні тыныштандыру керек. Пилинг қолданбаңыз. Теріні одан сайын бүлдіреді.
БЕТІМ ӘДЕМІ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...
- Тазалық сақтаңыз. Ешқайда шықпасаңыз да, күнде кешке бетіңізді жууды әдетке айналдырыңыз. Себебі үйдің ішінде де әртүрлі микробтар мен шаң бар. Бетіңізді сүлгімен сүртпеген жөн. Қағаз майлықты пайдаланыңыз. Жай сүлгі кейде таза болмайды.
- Бетіңізді иіс сабынмен жумаңыз. Сабын бет терісін құрғатып, бұзылуына әкеп соғады.
- Су мөлшерін көбейтіңіз. Бұл беттің таза болуына көмектеседі.
- Уақытылы ұйқы да бетке әсер етеді.
- Бетке бірдеңе жақпас бұрын жарамдылық мерзіміне, құрамына, қай елде өндірілгеніне назар аударыңыз. Кейде өнімнің құрамы терімізге жақпай қалуы мүмкін.
- Бетке массаж жасауды ұмытпаңыз.
- Қолдағы кір бетке сіңбес үшін бетіңізді ұстамаған жөн.
Косметолог маман айтқан тері түрлерінің сипаттамасы арқылы теріңіздің түрін анықтап алғаныңыз жөн. Енді тері ауруларының әрқайсына тоқталайық. Үлкендер арасында бетке шыққанның бәрін «безеу» деп атайтындар бар. Бұл дұрыс емес. Себебі осы «безеулер» үлкен ауруға алып келуі мүмкін. Ең алдымен комедон туралы айтайын. Ол – безеу тәрізді бөртпе. Көзге көріне бермейді, себебі кішкентай. Оның ашық және жабық түрлері бар. Акне атты тері ауруының пайда болуына комедондар әсер етеді. Яғни акненің алғашқы сатысы осы комедондар. Комедондарды сығуға болмайды. Себебі оның астында ірің жиналып тұрады. Егер қанға іріңнің 0,01% болсын кететін болса, патологиясы дамиды. Сондықтан жиналған безеулердің жарылуын күтіп, уақыт берген абзал. Олар өлген соң, пост-акне кезеңі келеді. Бұл – өлген клеткалардың бір жерде жиналуы. Жастардың тілімен айтсақ, безеудің жарылған кездегі орны. Пост-акне соңғы кезеңнің бірі.
Оны пилинг арқылы кетіре аламыз. Осы тұста косметолог маман «біздің бетіміз – тұтынатын тағамдардың айнасы» деген қағиданы есте сақтаған жөн екенін айтып өтті. Күтім қаншалықты дұрыс, жиі болғанымен, дұрыс тамақтанбасақ, пайдасы 0-ге тең. Күнделікті не тұтынасыз? Соған мән беріңіз. Майлы, тәтті, сүтті тағамдарды барынша азайтқан абзал. Бет терісі үшін ғана емес, денсаулығымыз үшін де. Бет терісі неше жаста бұзылуы мүмкін? Оның себебі неде? Бұл кездегі ата-ана рөлі қандай екен?
«Беттегі алғашқы өзгерістер 14–16 жаста пайда бола бастайды. Қыз баласына етеккір келген кезде гормондар өзгереді. Ағза есейіп жатыр деген сөз. Гормондар өзгерген кезде инфекция да көбейіп, бетке әсер етеді. Осы кезде күтім мен дұрыс тамақтануды қолға аламыз. Сол сәттен бастап алдын алмаса, кейін өрши түседі. Бірақ кейде мәселе ағзада болуы мүмкін. Сондықтан қан талдауы керек. Мүмкін ағзада қан аз не қанда инфекция бар болуы мүмкін. Егер бәрі бірқалыпты болса, дермотолог не косметолог маманға жүгінген жөн. Атаананың іс-әрекеті маңызды. Жасөспірім кезде бетке бір күннің ішінде безеулер шығып кетуі мүмкін. Кейбір балалар мұны көтере алмайды, тіпті түсінбейді. Осындай кезде ата-ананың білімі, баламен әңгімелесуі маңызды. Үлкендердің мән бермеуі – бала психикасының бұзылуына алып келеді. Кейбірі бет күтімін тек қыздар жасау керек деп ойлайды. Бірақ ұлдарға күтім көбірек керек дер едім. Ұлдар тамақтануға мән бермейді. Сондықтан ұлдарға да өздеріне қарап, бетіне күтім жасауға кеңес беремін», – дейді Мадина.
Маманнан ересектердің бет күтімі туралы сұрадым. Жас кезде адамның беті құрғақ болса, 30–35 жасқа келгенде әжім тез түседі екен. Әжімдердің түсуіне бет қимылы әсер етеді. Оны массаж не лифтинг жасау арқылы емдеуге болады екен. Дәрумендер ішу де маңызды деседі.
– Шынында қазір дермотолог, косметолог деп бөліне бермейді. Қазір дерматокосметологтар бар. Жеке қарастыратын болсақ, дермотолог – беттегі мәселелермен жұмыс істейді. Яғни бет ауруларын емдейді. Косметологтардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Яғни бетті тазалау, пилинг жасау, инъекциялау деген сияқты қызметтері бар. Тағы бір айтарым, қазір ерте боянатын жас қыздар бар. Алдымен косметиканы қолданбай тұрып, бетті дайындау керек. Күтім дұрыс болса, қай косметиканы қолдансаңыз да, бірдей нәтиже береді. Дұрыс күтімді ешқашан ұмытпаңыз.
Мінекей, дұрыс бет күтімі осындай болады. Дұрыс тамақтану мен өзімізге қарауды қолға алсақ, өмірге көзқарасымыз да жеңілдейді. Косметолог Мадина ханымға пайдалы ақпарат үшін алғыс білдіреміз!
Ділназ ШАЙМҰРАТОВА
«Ұлан» газеті, №20
14 мамыр 2024 жыл
3128 рет
көрсетілді0
пікір