• ҰЛАН
  • 07 Мамыр, 2024

Қорғаушым...

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Әлбетте, Отан қорғау үшін, Отанға қызмет ету үшін жынысқа б лінудің қажеті жоқ. Сонда да бейресми түрде 7 мамыр қарсаңында еліміздегі ер азаматтарды құттықтап, сый-құрмет к рсетіп жатамыз. Ер азамат деген кім? Ол біздің атамыз, әкеміз, ағамыз, ініміз, жолдасымыз, жездеміз, бір сөзбен айтқанда арқасүйер қорғанымыз. Әрқайсымыздың мірімізде жақын ер азамат бар. Соларға жылдың бір күнінде ағымыздан ақтарылып тұрсақ, несі айып?.. Ендеше, «Ұланның» тілшілерінің жақындарына жазған ілтипат сөзін оқи отырыңыздар. Ал, жас дос, осындай хатты жақындарыңа арнап жазсаңдар, қуанып қалары сөзсіз.

Атама

Атау, сіз берген тиынға алған балмұздақтың дәмі бөлек. Жастық шағыңыз осыдан жарты ғасыр бұрын өтсе де, маған қызық. Әңгімеңізді тыңдай беремін. Өйткені өнегесі көп. Соғысқа бармасаңыз да, соғыс жылдарында өткен балалық шағыңыз да қызық. Отан қорғаудың үлгісін баяндай беріңіз. Бізге соны айтатын адам керек.

Әкеме

Біздің үйде «баласын қызғыштай қорыған» дегенді сізге де арнап айтамыз. Иә, анамды себепсіз іздеп тұрамыз ғой. Бірақ, әке, сізді ауырғанда қатты іздейтінімбар. Жырақта жүргенде ауырып қалсам, сіздің келіп, көрпемен қымтап, жанымда отыратыныңызды іштей күтем. Оқушы кезімде ауырып, сабақтан қалып көрмеппін. Қыста «сыныптарың салқындап кетсе суықтап қаласың, терезенің жанына отырма» деп, анаммен «жағаласып» жейденің орнына мойны ұзын жемпір кигізіп жіберетінсіз. «Неге қымтай береді?» десек те, сол мазасыздығыңызды жақсы көріп тұратынбыз. Айтпақшы, 1-сыныпта қатты суық тигізіп алғаным бар ғой... Ол былай болған. Үйде қымтана бергесін мектепте жеңіл жүрейінші деп қоңырауда сырт киімсіз шығып кеткенмін. Қырсыққанда көлік бұзылып қалғанда ауырдым. Қардың борап тұрғаны есімде. Сонда мақта күртеңіздің ішіне салып, жел тигізбей көтеріп барғаныңыз жадымнан кетпейді. Сізбен әңгімелесуден тартынған кезім болмапты. Мазасызданып, уайымдап, қорыққан кезде миым анамнан бұрын өзіңізге айтуға сигнал береді. Қорқынышымды айтсам, көзіңіз шарасынан шыға жаздап «әйй...» дейтініңізді жақсы көремін. Кейде сол бейнені көргім келіп әдейі үркіте сөйлеймін.Айтарым бітер емес. Бастысы, мені түсінетін, не болса да теріс айналмайтын, қолындағы барын аямайтын жанның бар екенін және ол әкем екенін біліп жүруден артық бақыт жоқ. Отанды қорғау алдымен отбасын аялаудан басталатын шығар, бәлкім. Сізге қарап, осыны ойлаймын.

Ағама

Менің де енді өз хоббиім бар. Сіз қайда барсаңыз, сонда барам деп ренжіп отырмаймын. Өйткені ол кезде ұлдар ғана атқа мінеді, ұлдар ғана көлік айдайды, футболды да солар ойнайды деп ойлайтынмын. Олай емес екен ғой. Айтпайсыз ба?! Жанталаспай жүретін едім. Айтпақшы, мен сізбен жарысып сыртқа шықпасам да, өзіңіз «жүр, атқа мінейік» деп шақыра салыңыз. Аттың мінезі асау болса, өзіңіз тізгіндеп, қорған боласыз ғой.

Ініме

Ашуыма тие береді дейсің бе? Иә, сені әдейі ашуландырамыз. Өйткені, кіпкішкентай болып бұлданғаның сүйкімді. Сүйкімді деген де ұнамайды ғой саған. Бірақ, білесің бе, сен кішкентай болсаң да, мықты көрінесің! Иә, кішкентай болу күшті болуға кедергі емес. Сондықтан, ән-күй үйірмесінен қашпа. Спортқа да, өнерге де үлгеруге болады. Сенің қолыңнан келеді!

«Ұлан» газеті, №19
07 мамыр 2024 жыл

2817 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор