• Сенің замандасың
  • 13 Қараша, 2023

Айзада алатікеннің пайдасын дәлелдеді

Дарынды оқушыларды анықтау және олардың ел тарихына қызығуын ояту мақсатында «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурс өтті. Байқау аудандық, облыстық және республикалық үш кезеңнен тұрды. Жүзден жүйрікті анықтайтын республикалық кезең Ақтөбе қаласында өтті.

Алматылық Айзере Байжұма білім бәйгесінде 3-орын алды. Ол №178 мамандандырылған лицейде 10-сыныпта оқиды. Жас тарихшылардың танымдық-зерттеу бағытын мақсат ете отырып, Отанына деген махаббаты мен сүйіспеншілігін ашу – осы байқаудың негізгі идеясы. Байқауға тарихқа қызығатын жас өрендер әртүрлі бағыт бойынша қатысты. Өз идеясымен тарихты байланыстыра отырып, қоғамға жақсы әсерін тигізер құндылықтарды қайта жаңғыртып, насихаттады.

«Республикалық интеллектуалдық сайыс болғандықтан, дайындыққа жетекшім Айгүл Аманжолқызы көмектесті. Дайындаған жобамның тақырыбы шипалы алатікен туралы болды. Жетекшім алатікен туралы құнды мәліметтерді, алатікеннен жасалынған өнімдерді алып, зерттеуге көмек көрсетті. Осындай жетістікке жетуіме себепкер болған жетекшіме үлкен алғыс білдіремін. Сабақтан тыс уақытта домбыра тартамын, волейбол ойнаймын. Болашақта Отанымның тарихын әрі қарай зерттеп, қазақ ұлтының мәдениетін насихаттау жоспарымда бар», – дейді Айзере.

Г.ЗЕЙНУЛЛИНА

«Ұлан» газеті, №46
14 қараша 2023 жыл

829 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор