- Сенің замандасың
- 02 Қазан, 2023
Балалар құқығын қорғап жүрген 11 жасар Дінмұхамед

Дінмұхамед Дәулеткелдіұлы, Балалар құқықтарын қорғайтын балалар комитетінің мүшесі:
– Біздің комитет мектептегі балалар буллингпен қалай күресе алатынын қарастырады. Қысқасы, балалар құқығын қорғаймыз. Болашақта 1-сыныптан бастап балалар құқығына қатысты пән қосылғанын қалаймыз. Жеке басым арбадағы өмірді таңдамадым. Ешкім саналы түрде бұндай өмірді таңда-майды. Бастапқыда ата-анам сенбесе де, қабылдауға тура келді. Сөйтіп олардың қолдауымен мен жайлап жүре бастадым. Негізі өзім туралы айтуға келген жоқпын. Ерекше балалардың құқықтары туралы айтуға келдім. Қазақстан халқының үштен бірі – балалар. Олардың саны 6 млн 600 мыңнан асады. Оның ішінде ерекше балалар – 188 мың. Ерекше балалардың өмірі қарапайым балаларға ұқсамайды. Құқығы сақталмайтынына қарамастан, заңдар мен стандарттарға нақты тоқталғым келеді. Биыл сәуір айында Денсаулық сақтау министрлігі балаларды оңалту жөнінде жаңа стандарт қабылдады. Бұл заңдар жинағында церебралды сал ауруымен ауыратын балаларға жеке оңалту-амбулаториялық емдеу орталығы ұсынылады. Бұған дейін біз МӘМС орталығы арқылы толығымен емдеу шараларын қабылдаушы едік. Бүгінде көптеген ата-ана қайтадан оңалту орталығын талап етіп жатыр. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваға хат та жазған. Оған дейін бізде «Қасиетті жол» деген орталық бар еді.
Ол орталықтың басшысы да Динара Зәкиеваның өзі болатын. Сонымен қатар, ауруханаларда маған қажет емдеу аппараттарының барлығы бірдей табыла бермейді. Бірақ ол емді оңалту орталық-тары жасайды. Сол себепті бізге оңалту орталықтарында емделу маңызды. Біздің құқығымыз шектеліп қалды. Біз ерекше жан болсақ та, еліміздің дамуына үлес қоса аламыз!
Аяулым Құдайберген,
«Ұланның» жас тілшісі,
Еуразия Ұлттық университетінің 1-курс студенті
Суреттерді ЮНИСЕФ қоры ұсынды
«Ұлан» газеті, №40
03 қазан 2023 жыл

1593 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *