• Сенің замандасың
  • 17 Шілде, 2023

«Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды

Петропавлдағы НЗМ оқу-шысы Аслан Гималетдиновті Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады. 15 жастағы Аслан батылдық танытып, батып бара жатқан жасөспірімді ажалдан арашалап қалған. 

– Асланның ерлігі құрметке лайық. Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай батырларды назардан тыс қалдырмайды. Ал бұл оқиға жылдың кез келген мезгілінде суға түскенде қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін тағы бір дәлелдеп отыр, – деді Сырым Шәріпханов. 

НЗМ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин оқушыға «Қамқор жүрек» марапатын табыстады. 

– Асланның ерлігі НЗМ құндылықтарын айқын көрсетеді. Білім мен тәрбиені ұштастырған «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында да шәкірттеріміз көмекке мұқтаж жандардың жанынан табылып жатады. Зияткерлік мектептер адамзат пен қоршаған ортаға қамқор бола алатын оқушы-ларды тәрбиелеуге әркез күш салады, – деді Әнуар Жанғозин. 

НЗМ мен ТМЖ өкілдері Асланның ата-анасы Рустам мен Сандуғаш Гималетдиновтерге ержүрек азамат тәрбиелегені үшін ерекше алғыс білдіріп, жас құтқарушыға естелік сыйлықтар табыс етті. 

– Қалада велосипедпен серуендеп жүргенде көмекке шақырған балалардың даусын естіп, біреудің батып бара жатқанын түсіндім. Ойланбастан жүгіріп барып, суға сүңгіп, баланы жағаға алып шықтым, – дейді Аслан.

Аслан Гималетдинов – мектептегі белсенді балалардың бірі. Өз ісіне жауапты жасөспірім, замандастарының арасында сыйлы. Білімімен ғана емес, музыка мен спорттағы жетістіктерімен де көзге түсіп жүр.  Домбыра тартады, волейболмен айналысады.

«Ұлан» газеті, №29
18 шілде 2023 жыл

2659 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор