• Өнертапқыш
  • 05 Маусым, 2023

Шолпан жаңбыр шақыратын наноспутник жасады

Шолпан туралы мұғалім сіңлім айтып келді. «Алматыдағы №138 мектеп-гимназияда 10-сыныпта оқитын мықты оқушы бар екен. Форумда мамандар таңдай қақты. Индонезиядағы халықаралық жас өнертапқыштар байқауында алтын алыпты»... Шолпан Амангелдімен танысуға асықтық.

– Менің әңгімем әрдайым ғылым мен технологиядан басталады, – деді жас ғалым. – Он бес жастамын. Робототехникадан бастап, ғарышкерлікке дейін қызығамын. Соңғы жобамда осы екі саланы біріктіру бақытына ие болдым. Планетамыздың озон қабатын зерттейтін наноспутник жасадым. Бұл идея қайдан шықты? Ғарыштық эколо-гияны зерттеп жүргенмін. Озон қабатының жердегі өміріміз үшін қаншалықты маңызды екенін білдім. Озон қабаты – бізді күннің зиянды ультракүлгін сәулелерінен қорғайтын қалқан түрі. Алайда, кейінгі онжылдықтарда бұл қабатқа химиялық заттардың атмосфераға шығарылуы зиян тигізген. Әртүрлі антропогендік фактор әсер еткен. Озон қабатының маңызын түсініп, оны сақтауға үлесімді қосамын деп шештім. 

Наноспутниктің атауы – «Venus-Sat.kz». Ең заманауи сенсорлар-мен және аналитикалық құралдармен жабдықталған. Ол озон қабатының күйі, оның тығыздығы, құрылымы туралы мәліметтер жинайды. Жиналған деректер арқылы озон қабатында болып жатқан өзгерістерді талдай аламын. Ықтимал проблемаларды, алаңдататын тенденцияларды анықтаймын.

Жобам өте маңызды. Біріншіден, бұл озон қабаты-ның күйі. Оның қоршаған ортаға әсері туралы түсінігі-мізді жақсартуға көмектеседі. Сақтау және қорғау үшін тиімді шара қабылдауға мүмкіндік береді. Екіншіден, менің наноспутнигім жинаған деректерді климаттың өзгеруін одан әрі зерттеу мен модельдеуде қолдануға болады. Бес сенсорының өз міндеті бар. Бірі стратосферадағы зиянды бөлшектердің концентрациясын өлшейді. Екіншісі химиялық элемент-терді тексереді. Мұндай көпфункционалды спутникті жинау оңай болған жоқ, 

Ең басты мақсат – өзекті геоақпаратты жеткізу. Бұл геоақпарат аграрлық өнеркәсіп, қала құрылысы үшін пайдалы. Ол тропосферадағы су буын шашыратып, жасанды түрде жаңбыр тудыруы мүмкін. Наноспутник озон қабаты-ның күйін ғана зерттемейді. Жерге жақын кеңістіктің астрономиялық қозғалыстары жер сілкінісін болжайды. Сонымен қатар, құрғақ климаты бар аймақтарға жасанды жаңбыр шақыруына ықпал ете алады. Мысалы, Қызылорда, Түркістан облыстары сияқты өңірлерге қажет. Осындай жас кезімдегі жетістігімді мақтан тұтамын. Менің жобам басқа жастарды ғылыммен айналысуға және оны әлемдік мәселелерді шешу үшін қолдануға шабыттандырады деп үміттенемін.

«Ұлан» газеті, №23
6 мамыр 2023 жыл

478 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор