• ҰЛАН
  • 22 Мамыр, 2023

Бренд тауар өндірудің алғышарттары

Елімізде отандық тауарлардың үлесі 10% ғана. Оның себебі отандық өндірушілердің болмауы емес. Қазақстанның әр өңірінде жергілікті өндірушілер жеткілікті. Бұған біз «Ұлттық өнім-2023» көрмесінде куә болдық. Отандық тауарлар көрмесіне өңірлердегі азық-түлік, жиһаз, киім-кешек, аяқкиім, құрылыс заттары, зергерлік бұйымдар, бьюти өнімдер және қаптар мен қораптар өндірісіне дейін қатысты. «Бізден не шығады?» деген сауалға шара барысында жауап таптық. Ал Алматы халқы арасында сапалы отандық тауарларды сатып алу үшін үш күн қатарынан көрмеге келгендер болды. Көрмеге қатысқан өндіру-шілер «Даму» қорынан қолдау тауып, «USAID» сияқты ұйымдар тарапынан бизнес гранттарға ие болған. Шара барысында кәсіпкерлер мен кәсіпке енді келгісі келетіндер үшін тренингтер өтті. Спикерлер арнайы ұйымдар бөлетін бизнес грант иегері болуға бағыт берді. Бренд өнім шығарудың алғышарттарын біз де тыңдап қайтқан едік.

Назарларыңызға қазақстандық сән үлгісіне жаңашылдық әкелген дизайнер саналатын Аяжан Жақсыбайдың әңгімесін ұсынып отырмыз. Ол киімдері Еуропа нарығында сатылатын дизайнер ғана емес, суретші, PR маманы, табысты кәсіпкер. Дизайнер өзін «Айка әлемі» деп таныстырады екен. «Айка әлемі» – оның брендінің атауы.

– Біз инфаркт экономика (күтпеген өзгерістерге ұшырайтын) дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Бұл мұнай, газ, пайдалы қазбалар өндіруге ғана қатысты емес. Қазіргі экономиканы креатив, әлеуметтік, технологиялық әрі цифрлық деуге болады. экономикаға өз өнімімізбен біз де қосыла аламыз. Қалай? Қазір айтып беремін.

Қолды қимылдатып қана емес, бас, жүрек және ақыл-оймен бренд өнім шығаруға болады. Айтар болсам, мысал көп. 2015 жылы көпшілігіңіз жақсы көретін Apple watch дизайнын ұсынған Марк Ньюсонның танымал «жаңбыр» деп аталатын орындығы. Орындықтың он ғана көшірмесі болған. Алғашқы көшірмесі 1993 жылы жасалып, 1 миллион долларға сатылды. Соңғы оныншы орындықты 37 миллион долларға сатқан. Орындықтың ерекшелігі не сонда? Физикалық факторларды қоса есептегенде, орындықты өндіруге ең көп дегенде 5 мың доллар жұмсал-ған. Баспен, жүрекпен, ақылмен қатар жұмыс істейтін адам 5 мың долларынан кем 50 мил-лион доллар пайда көрді.

Танымал Nike брендінің айналымында 368 миллиард АҚШ доллары бар. Оларда тек дизайн және маркетинг бюросы жұмыс істейді. Жанын қинап, фабрикада киім өндіріп жатқан жоқ. Түсіндіргім келетіні, Стив Джобс айтқандай, «күніне 12 сағат жұмыс істеудің қажеті жоқ, баспен жұмыс істеу керек». Бренд өнім өндіріп, жұмыс орындарын ашып, салық төлеп қана экономикаға үлесімізді неге қоспасқа? Сонымен, брендті қалай шығарамыз? Брендке кіріспе – брендтің құндылы-ғын анықтау. Бренд шығармас бұрын, философиялық мақсат болу керек. Мәселен, мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға жәрдем еткім келеді, осы арқылы бір мәселесін жеңілдет-кім келеді. Немесе осы киім арқылы Қазақстанды әлем танығанын қалаймын.

Мен қайда барамын? Бұл да жауап беруге тиіс сұрақ. Бүгін А нүктесінде болсаң, Б нүктеңді болжап алуың керек. Өзіміздің мақсатымызды білмеген кезде, мүмкіндік ашылатын есіктер жабулы күйінде қала береді. Мақсат шындыққа жанасатын әрі тәжірибеден өткен болуы керек. Мәселен, өнімімнің «Амазонда», «Алибабада» сатылғанын қалаймын. Сізді тұтынушыларыңызды біріктіретін де сол өніміңіздің сізге маңызды құндылығы. Бүгінде экологияны, инклюзивті бағалайтын альфа, зет, уай ұрпақтары бар екенін назарға алыңыз.

Келесі қадам – стратегия. Стратегия өзіңнің қабілеттеріңе үңілуден басталады. Бұл нақты қадамдармен, нақты көрсеткіштермен жүретін жол. Өзіміздің алда қандай қадам жасайтынымызды, нәтижені болжай алмайынша, бірде-бір тиынды жұмсауға болмайды. Көп кәсіпкерлер «қаншалықты көп жұмсасаң, соншалықты мол табасың» дегенді естіп алған. Бизнесте мұндай ағаттыққа жол жоқ. Бизнес – стратегия. Стратегиядан кейін өнімді өндіріп бастауға болады. Өнім брендке айналу үшін мен үш аяқты орындық концепциясын ұстанамын.

Орындықтың бірінші аяғы, брендтің негізі – идея. Идея болу үшін кәсіпкер креатив, өзінде жоқ қабілетке ие мамандарды жанына топтастыру керек. Екіншісі – өндіру технологиясы, яғни идеяны тауарға айналдыру. Үнемі байқайтыным, біздікілер бірден технологиядан бастап кетеді. Барлық керек-жарақты, конструкторлар мен технологтарды жалдап алады. Ал идея жоқ. Отандық өнімдер идеяның болмауынан, бірінші қадамды аттап өтіп, өндіруден бастаудан зардап шегіп келеді.

Брендтің үшінші негізі – бизнес, коммуникация мен маркетинг. Идея мен техноло-гия қаржылай нәтиже көр-сетуі керек. Тауар керемет болғанымен ол сатылмаса, өнімді өндірудің мәні қалмайды. Нарық біз туралы білуі керек. Осы тұста менен бір кеңес: осыдан 100 жыл бұрын жазылған «Маркетинг негіздері» кітабын оқыңыздар. Маркетинг зерттеуден басталады. Зерттеу нәтижесінен кейін жарнама, іс-шара, конкурстар мен акцияларды бастау керек. Маркетинг туралы бір ай тоқтамай айтуға болады. Жалпы, осы үш негіз бір уақытта басымызда тұруы керек.  

Келесі концепция – сегментация. Сегментация – орын алғым келетін нарықтың бөлігі. Сегментация – кәсіпте ең бір түсініксіз ұғым. Әдетте бұл терминді маркетологтар қолданып жатады ғой. Ал олар қиындатқанды жақсы көреді. Мен оны екі фактормен жеңілдеттім. Алғашқысы – баға. «Мен қаншалықты қым-батқа сатқым келеді?». Менде баға төменнен жоғары жүреді немесе верти-каль бағытта. Баға мәселесіне келгенде, өзіміздің қайда екенімізді түсінуіміз керек. Мысалы, базарда, сауда орталық-тарында, әлде бренд дүкендерде ме? Біздің тауардың қайда сатылып жатқаны баға сегментінде маңызды. Екіншісі – өнімнің күрделі болуы. «Менің өнімім қаншалықты қиын?». Тауардың күрделілігін базалық, коммер-циялық, дизайнерлік деп бөлуге болады. Мысал ретінде көйлекті алайық. База ретінде киетін, қалтасы, әшекейі, жолағы, суреті жоқ көйлек. Коммерциялық сегментке өтсек, жолағын, шашағын қоса бастаймыз. Көйлекке қараған кезде кімнің өнімі екенін біліп тұратын дизайнерлік сегментте авторлық детальдар болады. Архитектура, театр, тағам, кез келген өнімнің сегментациясын осылай қарастыру керек. Қазақстанда коммерциялық және базалық сегментте тұтынушылардың үлесі 95%. Демек, біздің өніміміз қаншалықты күрделі болса, соншалықты аз адамға сатамыз. Аз адамға аз тауар сатқанмен, пайда кемімейді.

Ендігісі қарапайым, бірақ өте маңызды SWOT талдау. Өзіміздің мықты және әлсіз тұстарымызды білуіміз керек. Біздің мықты жағымыз қауіпке айналуы мүмкін. Мысалы, мен нарыққа қандай да бір жаңалық алып келдім делік. Бірақ, кішкене бейқамдыққа салынып, үзіліс алсам өзге біреу менен көшіріп, әлеуметтік желідегі менің оқырмандарым, тұтынушыларымның жекесіне шығып, оларды өзіне тартуы мүмкін. Кәсіпте мұндай жағдайлар өте көп. Сол сияқты менің әлсіз тұсым күшеюіме ықпал ете алады. Айналымда қаражат аз болса, жылдам әрі үзіліссіз әрекет етіп пісе түсетінім сияқты.

Жиі айтылатын, бірақ айтып жатқан адамның өзі түсінбейтін тағы бір ұғым – «брендинг». Брендинг – өнімнің атауы, логотипі. Достар, өнімде міндетті түрде сіздің толық аты-жөніңіздің болуы шарт емес. Мен брендімнің брендингін осы саламен айналысатын англиялық бюроға тапсырғанмын. Олар мен туралы барлық деректі жинады. «Сіз суретпен, киіммен, жазумен де айналысады екенсіз. Қазақ тілінде «Aika’s world» қалай болады?» деп сұрады. «Айканың әлемі» брендінің атауы солай шықты.

Қарапайым болғаны үшін көп кәсіпкер назардан тыс қалдыратын макротрендтерге тоқталып өтейін. Нарықта идеялар соғысы жүріп жатыр. Егер брендіңізді халықаралық деңгейге шығарғыңыз келсе, тұтынушы оңай қол жеткізетіндей етуіңіз керек. Дүкендерге тарату, әлеуметтік желідегі жарнама болсын. Айтпақшы, ауылдағы адамдарды ұмытып кетуді қою керек. Ауылдағының бәрі болмаса да біразы қаладағыдай өмір сүріп жатыр.

Қолайлы жағдай жасалған ауылдар бар. Ауыл халқы қалада не болып жатқанын, қандай өнім тренд болып жатқанын біледі. Өйткені, ауыл мен қаланы цифрландырудың мүмкіндіктері біріктірді. Келесі – мақсатты аудиторияны кеңейту. Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа, әйелдерден ерлерге дейін қамту керек. Қазір, ерлер де бәрінің оңай болғанын қалайды. Әсіресе, сұлулық салоны бар кәсіпкерлер осыны ескерсеңіздер екен. Ерлерге арналған процедуралар бар екенін әлеуметтік желідегі жарнамада көрсете беріңіздер. Ондай процедураларға ерлер-дің бірі емін-еркін барса, енді бірі баруға ұялады. Онда тұр-ған әбестік жоқ екенін бәрі білсін.

Балалар брендтерімен айналысатындар, қазір қызыл көйлекке қызығатын бес жасар қыз жоқ. Олар қара бәтеңке, қара былғары қалайды. Жаңа ұрпақтың талғамына қарай жұмыс істеп үйренейік. Әлеуметтік желі оларды тез есейтіп жатыр. Байқасаңыздар, олар да өзінің Ютуб каналын қалайды және сонда ақша тапқысы келеді. Осындай концепциялар мен стратегияларға сүйеніп, бизнес жоспарыңызды, өніміңіздің болашағын нақты біліп тұрсаңыз, еңбегіңіз ақталары анық. 

Жазира БЕКБОЛАТОВА

«Ұлан» газеті, №21
23 мамыр 2023 жыл

195 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор