• ҰЛАН
  • 22 Мамыр, 2023

Антон Моргунов әлемдегі жоғары зияткерлік лигаға қабылданды

Ұлан» газеті Антон Моргуновтың оқушы кезінен бері жеткен жетістігін үнемі бақылап келеді. Жақында тағы да ақжолтай хабар келді. Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 2018 жылғы түлегі Антон Моргунов Phi Beta Kappa қоғамының мүшесі атанды.

Phi Beta Kappa Society – АҚШ-тағы ең көне құрметті студенттер қоғамы. Білім алушылар үшін ең жоғары марапат саналатын бауырластыққа орташа есеппен 100 үміткердің біреуі ғана мүше бола алады. Антон – ел тарихында америкалық бес үздік жоғары оқу орнынан, атап айтсақ, Гарвард, Стенфорд, Колумбия университеттері мен Массачусетс және Калифорния технологиялық институттарынан шақыру алған бірінші қазақстан-дық. Оның таңдауы MIT-ге түсіп, бүгінде беделді білім ордасын аяқтады.

Мектеп қабырғасында ол химиядан халықара-лық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы мен жүлдегері атанды, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты. Антон – «El Maqtanyshy» сыйлығының иегері, оқушыларды пәндік олимпиадалар пен жобалық жұмыстарға дайындайтын Beyond Curriculum қоғамдық қорының негізін қалаушы. Биыл Alumni NIS өткізген «SAMGAU» форумында Антон жас зияткерлерді білім жолында аянбай еңбек етуге шақырып, тәжірибесімен бөлісті, шабыт берді.

«Ұлан» газеті, №21
23 мамыр 2023 жыл

268 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор