• Сенің замандасың
  • 18 Сәуір, 2023

Bowdoin университетіне түскен алғашқы қазақстандық

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің биылғы түлегі Санжар Хамитов АҚШ-тың Bowdoin университетіне шақырту алды. Ол енді Жер туралы ғылым мамандығында білім алмақ. Шақырту алу үшін жоғары
сынып оқушылары арнайы емтихандар тапсырады. SAT Reasoning емтиханының қорытындысы бойынша Санжар 1520 балл алса,IELTS сынағынан 8,5 баллжинады. Географиядан халықаралық олимпиадалардағы жетістігі де ескерілді. Әлемнің 54 елінен келген 216 оқушының арасында IGeO бойынша абсолютті бірінші орын алуы, әлбетте, оның оқуға түсуіне ықпал етті.

Санжар университетте география, экология және саясатты оқи алады. Оқып қана қоймай, жартасты жағалауларымен, теңіз тарихымен және шыршалы гранитті аралдарымен, алғашқы табиғат орындарымен танымал аймақты зерттеуді жоспарлап отыр. Ол таңдаған Bowdoin университеті Америка Құрама Штаттарының солтүстік-шығысындағы Мэн штатында орналасқан.

– Дәл осы университетке құжат тапсырған себебім, біріншіден, бұл – қоршаған ортаны қорғау саласындағы әлемдегі ең үздік университеттердің бірі. Жер туралы ғылымдармен байланысты көптеген бағдарлама бар. Екіншіден, студент-тер ғылыми-зерттеу жұмыстары ретінде Гренландия мен Исландияға тәжірибеге жіберіледі. Сонымен қатар Bowdoin талап-кердің қаржылық жағдайына (need-blind) қарамайтын, тек білім мен жетістіктерге қарайтын АҚШ-тың жеті университетінің қатарына кіреді. Мен мұнда түскен жалғыз қазақстандықпын, – деді Санжар Хамитов.

Сондай-ақ, Bowdoin College оған жылына 80 000 АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсамақ. Бұл сомаға оның оқу ақысы, тұратын орны, тамақтануы және медициналық сақтандыруы кіреді.

«Ұлан» газеті, №16
18 сәуір 2023 жыл

3054 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор