• Сенің замандасың
  • 14 Наурыз, 2023

Әлем чемпионы қолкүреске кездейсоқ келген

Қолкүрес – Қазақстанды әлемдік деңгейде бірінші орынға шығарған спорт түрі. Қолкүрес те өзге спорт түрлері сияқты күшті талап етеді. Дегенмен, армрестлингте қыздардың көп болуы олар-дың неге болса да қабілетті екенін көрсеткендей. Сондай арулардың бірі – 16 жастағы Раушан Жаналиева. Әйелдер арасындағы қолкүрестен 6 дүркін Қазақстан чемпионы, 4 дүркін Азия және 2 дүркін әлем чемпионы. Әлем чем-пионатының марапаттау рәсімінде туымызды қарсыласы-ның туының алдына шығарып, табандылық көрсетіп тұрып алған Раушанның видеосын әлеуметтік желіден көріп, әңгімеге тартқан едім. 
 

Қолкүреске дзюдо әкелді

Жамбыл облысы Қордай ауданының тумасымын. Қолкүреске келмей тұрып, 1,5 жылдай дзюдомен айналыстым. Шыны керек, менен осы уақыт ішінде нәтиже шық-пады. Дзюдода тез жұмыс істеу керек, техникалары қиын болды. Бірақ, жаттығуға баруды тоқтата салмадым. Жаттығудың бірінде Балжан Райымқұл есімді тренер жаныма келіп: «Қолкүрестен Таразда болатын облыстық турнирге қатысшы», – деп ұсыныс тастады. Дзюдодан бүгін-ертең жарысқа барайын деп жатқан мен жоқ. Содан, бағымды сынап көруге шешім қабылдадым. Ал шын мәнінде қолкүрестің техникалары тұрмақ, оның не екенін білмеймін (күліп)

Тек қара күшпен күресіп, екінші орын алдым. Мендегі күшті байқаған қазіргі жаттықтырушым Ескендір Рысбеков: «Сен бұлай қоя салма, құрама командамызға қосыл. Бізбен бірге Қазақстан чемпионатына жүр», – деді. Екі апта ойланып, тәуекелке бел будым. Таразға барып, республикалық чемпионатқа екі апта үздіксіз, демалмай дайындалдым. Жаттығудың арқасында чемпионаттан бірінші орын алып, Азия чемпионатына лицензия алдым.

Спорт өміріме бояу берді

Қолкүрестің өз атмосферасы, эстетикасы бар. Жеңіс бақылаумен келеді. Жарыста қыздарды, олардың қандай техника-мен күресіп жатқанын бақылау маңызды. Жаттығу кезінде сол қарсыластарды есіңе түсіресің де, «мен сол қызды жеңуім керек, қысқасы кімді білемін, соның бәріне дайын болып барамын» деген мақсат пайда болады. Мақсат әрекетке жетелейді. Әрекет энергия береді. Мысалы, әлемнің әртүрлі елдерінде өтетін жарыс маған тәжірибе, жаңа таныстар мен саяхат сыйлайды. Осындай мүмкіндіктерді жіберіп алмау үшін еңбектенемін. Ал болашақта «дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша жоғары білім алуды жоспарлап отыр-мын. Спорт менің өмірім десем де болады.

Қолкүрес қыздарды шеттетпейді

Кейде спортқа барамын деген қызға ата-анасы қарсылық білдіріп жатады. Мүмкін қыздың спортпен айналысуы қате деп тұжырымдайтындар әлі де бар шығар. Бірақ өзім жарақат алып қаласың деп жібермегендерді ғана білемін. Ондай қорқыныш қолкүреске қатысты болса, орынсыз дер едім. Себебі армрестлингтің техникалары көп емес. Тек бірден ауыр салмақтағы қарсыласпен күреске шықпаймыз. Қол тайып, шығып кетпеу үшін алдымен  қыздыру жаттығуларын орындау керек. Мен тіпті қолкүреске келгелі жарақат алып, ауырсынып қалуды сезбеппін де.

Армрестлинг олимпиадалық спорт қатарына кіреді

Бүгінде қолкүрес – халықаралық спорт. Әлемнің түкпір-түкпірінен қолы шымыр спортшыларды көріп жүрміз. Әлем чемпионаты кезінде 2027 жылы қолкүрес олимпиадалық спорт болады деп есті-дік. Бұл сөз іс жүзінде орын алса, меніңше, Қазақстан қоржынына қолкүрес салатын алтын көп болмақ. Өйткені армрестлингтен біздің ел бірнеше жылдан бері алда келе жатыр. Чемпион қыз-жігіттер соның дәлелі. Бұған мем-лекет тарапынан қолайлы жағдайдың жасалғаны да септігін тигізуде. 

Туым тек биікте болса екен!

Иә, марапаттау кезінде спортшы қыздарымыздың тудың шетін шет елдің туымен жапқыз-бауға тырысып баққан видеолары тарап кетті. Қарап отырсаң, сонша уақыт таласып тұру ерсі көрінеді. Бірақ сол сәтте туды өзің ұстап тұрсаң, мүлде басқа сезімді кешесің. Ал ойың «менің байрағым желбіреуі керек» деп тұрады. Менде мұндай жағдай әлем чемпионатында болды. Жеңімпаз – Қазақстан. Бірақ, қарсы-лас қыз қарсыласып қояр емес. Спорт осысымен қызық. Десек те, бауыр-лас ел болғаннан кейін шын қуана алмаса да, көпшіліктің алдында оны-сын білдірмесе болар еді. 

Жазира БЕКБОЛАТОВА

«Ұлан» газеті, №11
14 наурыз 2023 жыл

2154 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор