- Сенің замандасың
- 14 Наурыз, 2023
Информатиканы ағылшынша ойын түрінде түсіндіреді
Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Ерболат Сембаев «Интерактив оқытудың Quest System, QSOIL – Quest System of Interactive Learning» жобасының авторлық құқығын алды.
Quest System 3D кеңістігінде процесті ойын арқылы оқушыларға Информатика пәнін ағылшын тілінде түсіндіреді.
– Unreal Engine бағдарла-масындағы ойындарды жасауға қызығып жүрдім. Бірде мектептегі сабақтар квест форматында өтті. Өте қызықты болды. Бірақ іс-шараны дайындау мұғалімнің көп уақытын алды. Сол себепті әр сабақты ұйымдастыру мүмкін болмады. Мен мұғалімдердің уақытын үнемдеп, жұмысын жеңілдететін, оқушыларға қызықты форматта білім алуға мүмкіндік беретін зияткерлік өнім жасауды ойладым. Оқушылар арасында сауалнама жүргіздім. Информатикадағы күрделі тақырыптарды ойын форматында интерактив оқыту платформасын ұсындым. Оқушылардың көпшілігі бұл әдісті қолдайтынын айтты.
Тақырып бойынша квест кіреді. Ол үшін жүйеде беріл-ген материалды зерделеу және тапсырмаларды орындау қажет. Екі режим оқу және білімді тексеру бойынша жұмыс істейді. Оқушы берілген оқу материалын зерт-тейді. Квест арқылы Информатикадағы әртүрлі тақырыптар бойынша дағды-ларды шыңдап, тәжірибе жинайды. Ойын ішінде Вектор атты дауыстық робот көмектеседі. Тапсырмаларды орындау барысында оқушы-лар бір-бірімен жарысады.
Жоба Информатиканы 8-сыныптан бастап оқуға мүмкіндік береді. Әзірге тек ағылшын тілінде сабақ береді. Қазақ және орыс тілдеріне аударып жатырмын. Сосын жергілікті мектептерде сынақтан өткізуді жоспарлап отырмын. Логикалық схемаларды өрнектерге автоматты түрде түрлендіреді және бірнеше оқыту режимін қамтиды. Оқушылар арасындағы жыл-дамдық бәсекесін арттырады.
Жобаға енгізілген тақырыптар еліміздегі барлық мектепте оқытылады. Оны іске қосу үшін қарапайым компьютер жеткілікті. Сол үшін жүйені компьютері бар кез келген мектепте енгізуге болады. Ақпараттық технология-ларды оқуға қызығушылықты арттыруға арналған. Бұл жерде пәнді оқып, үйрену қиын емес. Керісінше, оқушыға қызықты. Бұған қоса білім сапасын арттырады. IT саласын таңдайтын студенттердің мамандыққа қызығушылығын оятады. Зерттеу барысында жобаны жасауға екі мәселе итермеледі. Бірінші мәселе – елімізде IT саласында мамандардың жетіспеуі. Оны «Форбс», «Капитал.kz» сияқты беделді жаңалық порталдарының зерттеулері растайды. Сонымен қатар бұл мәселені ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек растады. Екінші мәселе – ақпараттық технологияны оқыту әдістемесі. Студенттер арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі ойын арқылы оқыту көпшілікті қызықтыратынын көрсетті. Авторлық құқық жобаны білім беру саласында еркін жүзеге асыруға және енгізуге мүмкіндік береді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша желілік ғылыми жобалар байқауында Информатика бөлімінде 1-орын алдым, – дейді жас ғалым.
Ерболаттың жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Борис Зеленов:
– Ерболат – идеясын жүзеге асыруды ұнататын шәкірттерімнің бірі. Біз онымен жобаның тақыры-бын талқыладық және таңдау білім беру өтініміне түсті. Ол өте ынталы оқушы. Жобамен жұмыс істей бастағаннан кейін толықтай кірісіп, дәл қазір осындай жетістіктерге жетті.
Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА
«Ұлан» газеті, №11
14 наурыз 2023 жыл
2098 рет
көрсетілді0
пікір