• ҰЛАН
  • 06 Наурыз, 2023

Әйел деген – анаң, қарындасың, қызың

«Сыйла әйелді, жоғарыдан бер орын,
Көтер оның мерейі мен беделін.

Өз қызыңды сыйлағаның ол сенің,
Өз анаңды мәңгі құрметтегенің»...

Қай заманда да, қай халықта да әйел адамның орны ерекше. Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген мағынасы терең сөз бекер айтылмаса керек. Дінімізде де әйелді бағу, оларға сый-құрмет көрсету, жылы қабақ таныту ер адамдарға міндет екені айтылады. Одан бөлек, бұл – әдеп. Отбасының сырын шашпай, басынан өткен қиындығы жайлы ешкімге жақ ашпай, жұмбақ күйде жүрген қаншама қазақ әйелі бар.

Күнделікті күйбің тірліктен шаршаса да, білдіртпей жүретін аналар аман болсын.

«Қай жерде, мейлі, қай елде,

Әлемнің мәні – әйелде», – деп Жүрсін Ерман ағамыз айтқандай, оларға қанша сый көрсетсе де, артық емес. Ана аман болса, бала аман, бүкіл отбасы аман.

Адамды сыйлау, құрметтеу қарапайым қағидалардан басталатыны анық. Жәй ғана мысалдардан көруге болады. Күнделікті автобуста кездесетін жағдайға тоқталсақ, кешкісін жұмыстан шаршап-шалдығып келе жатқан аналар, сабақтан қайтқан қыздар тікесінен тік тұрып келе жатқанын, ал жап-жас жігіттердің орнынан тапжылмай отырғанын көргенде, қамығып қаласың.

Кейде адамның кішіпейіл, қайырымды болуы тәрбиеден емес, санадан ба деген тоқтамға келесің. Автобуста орын бермеген бір үлкен мәселе емес қой, неге сонша дүрліктірді деуі де мүмкін. Адами қасиет осы кішкентай нәрседен басталып, етек алмай ма? Үлкендерге титтей кісілік көрсетіп, таудай бата алса, оның несі айып. Ата-әжелеріміз бұрынғы жастар жайлы сөз қозғаса, ұяты бар екен, ізетті де қайырымды екен деп отырады. Ал қазір «ешкім ешкімге ештеңеге міндетті емес» деген пікір қалыптасқанын байқап жүрмін.

Аружан Өрісбай,

ХАТУ студенті.

269 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор