• Өнертапқыш
  • 30 Қаңтар, 2023

Қыздар «EWA» авторлық құқығын алды

Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары София Синицина мен Әмина Искакова «EWA» атты ерекше құрылғы жасады. Оны саналуан сұраққа жауап беретін әйгілі «Алисаның» қазақша нұсқасы десек болады. Қыздар авторлық құқық алып, қуанып отыр екен.

EWA – интеллектуал ақпарат көмекшісі.  Смарт динамиктің функциясы көп. Мысалы, бір динамик бөлмедегі ауа температурасын өлшеп, газдардың құрамын анықтап, өрт шығуына жол бермейді. Колонканы өндірісте де, үйде де қолдануға болады. Сондай-ақ, математика, физика, химия, биология пәнінен есеп шығарады. Wikipedia сайтынан сұраныс-тарды алып, ертегі айтып, бұйрықты орындайды. Қыздар құрылғыны екі-үш айда құрастырыпты. Ақпараттық кітап пен қазақ тілін жүктеуге біраз уақыт кетіпті. 

– «EWA» құрылғысы қазақ тілін түсініп, қазақша жауап береді, – дейді София. – «Алисадан» ерекшелігі, тірек сөзді дұрыс айту керек. Басқа мүмкіндіктер жоқ.

– «EWA» деген қандай мағынаны білдіреді?

– Environment with Application дегеннен шыққан. Біздің құрылғы қоршаған ортамен тығыз байланысты.

– Қанша сұраққа жауап береді?

– Сұраққа шектеу жоқ. Бірақ белгілі бір тұжырымдарға ғана жауап береді. Болашақта командамыз үлкейіп, құрылғының қызметін одан әрі жетілдіреміз.

– Қажетті құралдарды қайдан алдыңдар?

– Модельді өзіміз жасадық. 3D принтерде басып шығарып, оны тазарттық. Импровизацияланған құрылғылардан элек-трониканы жинадық.

– «EWA» жақсы жұмыс істеуі үшін не керек?

– Электр қуатына қосу керек. Сұрақтарға жауап беру үшін интернет керек. Біз оқушылардың да құрылғы жасап, оған авторлық құқық алуға болатынын көрсеткіміз келеді. Алға қарай ұмтыла берсек, қоғамға қажетті өнімді береміз.   

– Рақмет!

Г.ЗЕЙНУЛЛИНА

«Ұлан» газеті, №5
31 қаңтар 2023 жыл

231 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор