• ҰЛАН
  • 17 Қаңтар, 2023

Бас ауруынан дәрісіз емдел

Түнімен ҰБТ-ға дайындалып, таңертең тұрғанда басымыздың ауыруы жиі кездесіп жатады. Бас ауруының түрлі себебі бар. Емі жалғыз дәрі емес.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, дәрігердің қабылдауына келетін үш науқастың біреуі невролог дәрігерге жазылады екен. Мамандар бас ауруына шыдап, уақыт созуға болмайтынын, дереу ем жасау керектігін айтады. Бас ауруының асқынуы миды зақымдайтынын ұмытпайық. Бас ауруын қойдыру үшін дәрі іше беруге болады. Бірақ бір ауруды емдеймін деп, екінші ағзаның саулығына зиян келтіруіңіз мүмкін. Егер сізді бас ауруы қатты мазалап, төсек тартуға дейін апармаса, онда үй жағдайында көп қолданылатын мынадай әдістермен емдеуге болады:

1) Қызыл бұрышпен емдеу. Құрамындағы капсаицин заты ауырсынуды басатын табиғи «дәрі». Өздеріңізге мәлім, басымыз ауырып, мұрнымыз пышылдай бастаса, сорпаға бұрыш сеуіп ішіп аламыз. Қызыл бұрыш денені қыздырып, ағзадағы вирус пен бактерияның көзін жояды. Еріксіз терлетіп, инфекцияның өршуіне жол бермейді. Егер басыңыз ауыра бастаса, кез келген тамаққа бұрыш қосып ішіңіз. Бұрышты күнделікті қолданатын болсаңыз, сізді бас ауруы мазаламайды.

2) Зімбірді пайдалану. Үзбей зімбір тұтынатын-дардың басы ауырмайды. Тамырдың ауруларын басып, ми тамырларының айналы-мын реттейді. Зімбір ішкі ағзалардағы ауруды басатын антиоксидантқа бай. Сонымен қатар, бас ауруын да қойдыратын қасиеті бар.

3) Жалбыз шайы. Бойыңызды балқытып, тыныштандырады. Ауруды басып, ұйқыңызды келтіреді. Әсіресе күні бойы қауырт жұмыс істеп шаршаған болсаңыз немесе ашуланып, жүйкеге талмақ түскен болса, онда ұйқыға жатар алдында бір шыны жалбыз қосылған шай ішіңіз. Таңертең бәрі ойдағыдай болады.

4) Жылы су ішу. Қан айналымының нашарлауы мен мидың дұрыс жұмыс істемеуіне судың әсері мол екен. Бұл екі жағдайға ағза-ның сусыздануы себеп болады. Оған қоса, жалпы ағзаның жұмыс істеу қабілеті нашар-лайды. Судың жетіспеуінен ми, жүйке, бауыр, бүйрек, асқазан дұрыс жұмыс істемейді. Тіпті, бойыңызды әлсіздік билеп, қан қысымыңыз көтеріледі. Тыныс алуыңыз нашарлап, белсенділік төмендейді. Соның салдарынан бас ауруы қозып, денсаулығыңыз нашарлайды. Мұндай олқылықтың орнын толтыру үшін күніне 2-3 стақан су ішуге әдеттеніңіз. Ал егер күніне 2 литрге дейін сұйықтық қабылдайтындардың басы көбіне ауырмайды, денсаулығы сыр бермейді. Жоғарыда айтылған кеңес-терді қолданып, бас ауруынан біржолата құтылыңыз.

Айдана НҰРБАҚЫТҚЫЗЫ,
«Ұланның» жас тілшісі.

247 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор