• ІТ және инновация
  • 29 Қараша, 2022

Метаверс дегеніміз не?

Кэти Хэклдің ұлы тоғыз жасқа толды. Ол туған күнін дүркіретіп жасауды немесе бағалы сыйлық әперуді сұраған жоқ. Заманына қарай адамы демекші, жеткіншек туған күн кешіне келетіндер бірлесе ойын жасай алатын Roblox платформасында бас қосып, мерекелік кешті онлайн ұйымдастырыпты. Ол достарымен дастарқан басында бас қоспаған, қонақтар келмеген. Олар виртуал аватарларын жасап, туған күнді онлайн атап өткен.

PLAYTIME Roblox – цифрлық ойын платформасы. Күн сайын оны 43 миллионнан астам ойыншы пайдаланады. «Олар онлайн болса да, бірге бола алады. Әртүрлі ойындарды ойнауға мүмкіндік бар. Оқиғаның бәрі виртуал кеңістікте болғандықтан, балаға физикалық жағынан зақым келмейді. Оқиға шынайы өмірде болмаса да, бұл менің ұлым үшін өте қызық болды», – дейді Хэкл. 

Roblox – метаверстің бөлігі, физикалық әлемге параллель «орын». Бұл термин соңғы уақытта жиі айтылып жүр, өйткені миллиондаған адам Roblox сияқты виртуал кеңістіктерге күніне бірнеше сағатын жұмсайды. Бейне негізіндегі білім беру және гибрид жұмыс орындары сияқты виртуал платформалардың басқа түрлері де көбейіп келеді. Жақсы болсын, жаман болсын, біз өміріміз-дің көп бөлігін цифрлық кеңістікте өткізіп жүрміз.

Ғылым мен техникадан озық елдердің бірі – Жапония. ЖАҢА REALITY VR Жапониядағы ойын-сауық саябағында да қолданылады екен. Қарап тұрсақ, жаңа бизнестің бастауы. Цифрлы және физикалық әлемді біріктіре-тін бұл ойынның бірнеше жылда біздің елімізде де қолжетімді болмасына кім кепіл? Қазірдің өзінде сайтына тіркеліп, виртуал әлеміңді жасауға болады.

ЦИФРЛЫҚ ЕГІЗІҢ БОЛАДЫ

Төмендегі  суретте Испаниядағы іс-шарада бала өз аватарын жасап тұр. Адамдар өзін метаверсте көрсету үшін аватарларды пайдаланады. Біз метаверске виртуал шындық (VR) және толықтырылған шындық (AR) арқылы немесе жай экран арқылы кіреміз. Бұл тәжірибелер цифрлық және физикалық өмірімізді көбірек араластыруға мүмкіндік береді. Бірақ бұл екі әлем қазірдің өзінде тоғысқан, гарнитураны қажет етпейді. Яндекс қолданбасы туралы ойлап көріңізші. Ол адамдарға көліктің қандай қашықтықта екенін айту үшін орын деректерін пайдаланады. Немесе сізге қызық видеоларды ұсыну үшін Ютуб желісінің көргендеріңізді қалай қадағалайтыны туралы ойланыңыз. Джон Ричителлоның болашақта метаверстің қандай болатыны туралы идеясы қызық екен. Ол – видео ойындарға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді жасайтын Unity Technologies компаниясының бас директоры.

«Он жылдан кейін... Көзілдірікті тақтыңыз, бірақ олар сізді метаверс тәжірибесіне әкелетін күн көзілдірігі ғана. Осылайша, өткен есте-ліктерді тура сол сәтте тұрғандай сезіне аламыз. Мейрамхананың жанынан өтіп бара жатырсыз, оған қарасаңыз, мәзір пайда болады. Бұл туралы достарыңыздың айтқаны да көз алдыңызда пайда болады», – дейді ол. Мүм-кіндіктер шексіз екен, иә?

КӨРІНІС

Метаверстің арқасында интернет те кеңейіп қалады. Интернетте хакерлік шабуыл және кибербуллинг сияқты көптеген проблема бар. 
Бұл метаверстегі болашақтың қаншалықты қиын болуы мүмкін екенін көрсетеді. Бірақ көп адам метаверстің нақты пайдасы бар деп санайды. Басқа нәрселермен қатар, олар бұл әлеуметтік желілерді кеңейтіп, психикалық денсаулықты жақсарта алады дейді. Hackl – метаверс сарапшысы. Технология дамыған сайын, ол метаверстің неғұрлым инклюзивті болу мүмкіндіктерін көреді. «Біз мен сияқты адамдарды осы қоғамдық рөлдерде көруіміз керек», – дейді ол.

Кэрри Тацу метаверсте бизнеспен айналысады. Бірақ өз балаларының мүмкіндігінше шынайы әлемде көп уақыт өткізгенін қалайды. «Шынайы өмірде адамдармен араласу біз үшін өте маңызды, – дейді ол. – Менің ойымша, бұл кеңістікте балалар өсіп келе жатқанда, олармен айналысу, гүлді иіскеу, соқпақпен серуендеу, досымен шынайы сөйлесу үшін сауда орындары болуы керек... Сіз оны имитациялай алсаңыз да, модельдеу мүлде бөлек». 

Виртуал шындық деген не?

Виртуал шындық – компьютерлік технология арқылы кәдімгі біз өмір сүріп жатқан ортаны арнайы құрылғымен көрсетеді. Виртуал шындық пайдаланушыны үш өлшемді тәжірибені қолдану арқылы жасалған. Адамдар экран алдында ұзақ отырмайды, пайдаланушылар 3D әлеміне еніп, өзара әрекеттеседі.

Ол «шындықтың» ішінде адам шынайы әлемге ұқсас немесе одан мүлде өзгеше модельденген көп мүмкіндікті тәжірибені бастан кешіре алады. Виртуал шындық қолдан-баларына ойын-сауық, әсіресе бейнеойын, оқыту және жаттығу (мысалы, медициналық немесе әскери дайындық) және бизнес (мысалы, виртуал кездесулер мен жиналыстар) секілділер кіреді. Технология да, ғылым да күн сайын дамып жатыр. Біз телефонды көп шұқылағанды айып көріп жүргенде, ондағы бағдарламаларды жаңартып, пайдалы ету үшін қаншама адам идеясын жүзеге асырып үлгереді. Ал сен не ойлайсың? Бізге виртуал әлем керек пе?

Нұрлыхан ЖҰМАХАН

«Ұлан» газеті, №48
29 қараша 2022 жыл

3651 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор