• Толағай
  • 08 Қараша, 2022

Қол күрестен екі дүркін әлем чемпионы

Сандуғаш Сейдіш – Түркияның Анталья қаласында өткен армрестлингтен Әлем чемпионатында көк байрағымызды желбіреткен спортшы. 2022 жылдың 14–23 қазан аралығында өткен бұл жарыста әлемнің 56 елінен спортшылар бақ сынады. Ол оң және сол қол күресі бойынша үздік өнер көрсетіп, әйелдер арасында Әлем чемпионы атанды. Еске салатын жайт, Сандуғаш 2021 жылы жастар арасында Әлем чемпионы атанған.

– Сандуғаш, өзіңізді толығырақ таныстырып өтсеңіз…

–  Аты-жөнім – Сейдіш Сандуғаш Аймұратқызы, Жаңатас қаласының тумасымын. Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназияның түлегімін. Қазір Тараз қаласында қол күреспен шұғылданып жүрмін, сонда оқимын. 

– Қол күреске қалай келдіңіз? Спорттың бұл түріне қызығу қай кезде оянды?

– Алғашында дзюдоға қатысып жүргенмін. Күрестен жарақат алуыма байланысты дзюдоны тастауға тура келді. Екі жыл спортпен шұғыл-данбадым. Аяғым күресуге жарамайтын болған соң, дзюдодағы жаттықтырушым Фарида Тастекова қол күресті ұсынды.

– Қол күрес өзге спорт түрлерінен несімен ерекшеленеді?

– Ерекшелігі – күшіңді қарсыластарыңмен салыстырасың.

– Антальяда өткен Әлем чемпионатынан жеңіспен оралып, көк байрағымызды тағы бір рет көкке көтердіңіз. Жарысқа қанша уақыт дайындалдыңыз?

– Әлем чемпионатына бір жылдай тынбай еңбек етіп дайындалдым. Бірінші Қазақстан чемпионатында қол күрестірдім. Бірінші орын
алып, Әлем чемпионатына жолдама ұтып алдым. 

– Қол күрес қыз балаға жеңіл спорт түрі емес. Қандай да бір жарақат алған кездеріңіз болды ма?

– Қыз балаға барлық спорт түрі қиын. Біз жаттығу барысында белге, денсаулыққа зиян жаттығулар жасамаймыз. Бірақ қол күресте күнделікті жаттығудан қолдың сіңірлері ауырады. Дегенмен, оны емдеу жолдары бар. Қол күрес-тен жарақат алған кезім болмады.

– Екі дүркін Әлем чемпионы атанғанда ішкі сезіміңіз қандай болды? 

– Әлем чемпиона-тында мықтылардың мықтысы келгендіктен, жеңіске жеткенде көк байрағымызды көтеріп, әнұранды шырқағандағы ішкі сезімімді, қуаны-шымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын.

– Қол күреспен айналыспас бұрын дзюдодан көп жетістікке жеткен екенсіз. Бола-шақта тағы басқа спорт түрімен айналысу жоспарда бар ма? 

– Болашақта басқа спортқа кету ойымда жоқ. Қол күрестен Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы болып, Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы атанғым келеді. 

– Сұқбатыңызға рақмет! Жеңіс тұғырынан көріне беріңіз. 

Айнұр АҢЛАМАСОВА,
«Ұланның» жас тілшісі.

«Ұлан» газеті, №45
8 қараша 2022 жыл

297 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор