• ҰЛАН
  • 19 Қыркүйек, 2022

XXI ғасырда жоғары білім керек пе?

Университетте оқу уақытты босқа өткізу деген пікірді жиі естимін. Жоғары білім туралы бес танымал мифті жоққа шығару арқылы мұның рас не жалған екенін анықтауға тырыстық. Бәлкім бұл мақаладан соң көзқарасыңыз өзгеретін шығар?

1-миф: Диплом – табыстың кілті

Бейресми деректер бойынша, Қазақстанда диплом алған мамандардың 60%-ы мамандығы бойынша жұмыс істейді. HeadHunter сауалнамасы бойынша, қазіргі студенттердің 20%-дан астамы өз саласында жұмыс істеуді жоспарламайды екен. Сонда диплом алып, ол мамандықпен жұмыс істемейтіндер төрт жылын босқа өткізді ме деген заңды сұрақ пайда болады. Неліктен бұлай болып жатыр? Сірә, орта мектеп оқушыларына жоғары білім туралы диплом айлығы жақсы төленетін жұмыс пен әлеуметтік құрметті қамтамасыз етеді деп ойлайды. Бірақ көбінесе оқу процесінде адамдар дипломның болуы ешқандай кепілдік бермейтінін сенімді түрде айтып жүр. Оған Инстаграмда әр төртінші стористе шығатын жарнамалардағы жұмыс берушілер мен мотиваторлар дәлел.

Оның үстіне, жоғары білімді қажет етпейтін жұмыс дипломды қажет ететін жұмыстан жақсы болмаса, жаман емес, жоғары жалақы алатындар жиі кездеседі. Сөйтіп, филология факультетінің түлегі визажист атанып, үйде «қас-қабақпен» айналысса, көңілі қалған үшінші курс студенті физика-математика пәндерін тастап, үлкен тұрмыстық техника бөліміне кеңесші болып жұмысқа орналасады. Біз ондай адамдарды ең оңай жолды таңдап, отандық ғылымды дамытуға ұмтылмағаны үшін кінәлауымыз мүмкін. Бұл әрекетке жас мамандарды лайықты жалақымен қамтамасыз ете алмайтын еңбек нарығындағы жағдайды да кінәлауға болады. Бірақ, мойындау керек: жоғары оқу орнының дипломы ешкімді байытпайды, бәлкім табысты және бақытты ететін шығар. Алынған білім мен дағдыларды қолдану қабілетке байланысты екенін ұмытпайық.

2-миф: Жоғары білімсіз беделді жұмысқа орналаса алмайсыз

Кәдімгі заманауи компания үміткерді жоғары білімнің бар-жоғымен бағаламайды. Дағдылар мен білімдер (хард скилс), әлеуметтік-эмоциялық дағдылар (софт скилс), сондай-ақ ұсыныстар бағаланады. Қандай да компания сіздің дағдыңызды біле тұра, «Оқуыңызды аяқтап, диплом алыңыз, сосын көрерміз» десе, ол компанияға келесіде бармауды ұсынар едім.

4xxi IT компаниясының негізін қалаушы Евгений Смирнов: «Көп жұмыс беруші енді жоғары білімді жұмысқа қабылдаудың міндетті критерийі деп санамайды. Олар тәжірибеге көбірек қызығады. Бұл әсіресе гуманитарлық ғылымдар мен IT саласына қатысты. Сондықтан  заманауи студенттер университеттің соңына дейін лайықты портфолио жинау үшін бірінші курста өзін қызықтыратын салада жұмыс істей бастайды. Ал кей жағдайда олар дипломға дейін қалаған лауазымына жетіп те үлгереді. Бірақ бірқатар салада жұмыс істеу үшін жоғары білім міндетті болып қала береді. Онсыз медицинада, педагогикада, заң, техникалық салада және мемлекеттік органдарда мансап құру әлі де мүмкін емес», – дейді.

3-миф: Жоғары білім интел-лектіні дамытады

Мұның бәрі оқушының өзіне байланысты. Егер адам университетке не үшін түскенін түсінсе және оқуға шынымен құмар болса, ол ашылған мүмкін-діктерді барынша пайдаланады: қосымша әдебиеттерді оқиды, семинарларға қатысады, профессорлармен сөйлеседі, зерттеулерін жүргізеді және жобалар жасайды. Мұның бәрі оның білімін толықтырып, шеберлік арсеналын кеңейтетіні сөзсіз. Бірақ студент университетке беделді болғандықтан ғана түссе, жұмыс іздегісі келмесе немесе әскерден қалғысы келмесе, оның барлық сабағы лекция кезінде телефонға үңіліп отырумен өтуі мүмкін. Бұл жағдайда ештеңені үйренбеу ғана емес, сонымен бірге бар дағдыларды жоғалту қаупі де бар.

4-миф : Жоғары білім туралы дипломның зияны жоқ

Бұл аргументпен дауласу қиын, бірақ оны парасаттылық тұрғысынан қарастырайық. Бірнеше жыл жұмсау керек пе, ал ақылы білім беру жағдайында жай ғана «зиян келтірмейтін» нәрсеге қомақты ақша жұмсау керек пе? Жоғары білікті маман болу үшін жоғары оқу орнына түсу керек. Егер ондай міндет болмаса, қазір табыс тауып, қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізіп, жұмыс тәжірибесін жинап, сонымен бірге қоғамға пайда әкелген дұрыс емес пе? Қазіргі әлемде жоғары, тіпті орта арнаулы білімсіз лайықты табыс табудың көп жолы бар. Олардың барлығы бірдей ауыр еңбекпен байланысты емес. Мысалы, Netology веб-сайтында IT саласындағы ондаған мамандықты үйрене аласыз. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен мамандары бірлесе әзірлеген онлайн курстарды https://openu.kz/kz сайты арқылы да оқуға мүмкіндік бар.

5-миф: Жоғары білім – білім берудің соңғы сатысы

Ұстаздар мен ата-аналар түлектерге оқу орнын таңдау – олардың тағдырын шешетін өте маңызды әрі жауапты қадам екенін жиі айтады. Бұл жасөспірімдерді жиі қобалжытады: 16-17 жаста өмір бойына деп бір нәрсені таңдау өте қиын. Бірақ қазіргі әлем білім алу үшін үлкен мүмкіндіктер береді, ал университет солардың бірі ғана. Еңбек нарығында сұранысқа ие болу үшін өмір бойы оқуға тура келеді. Бақытымызға орай, интер-неттің арқасында әрбір адам өз жұмысына қажетті дағдыларды ала алады және тіпті қызмет саласын толығымен өзгерте алады. Қазірдің өзінде онлайн білім беру мамандарға екінші және үшінші жоғары диплом алу уақытын жоғалтпауға және жұмыста жаңа біліктілік алуға мүмкіндік береді. Сірә, алдағы 10–20 жылда білім беру жүйесі түбегейлі өзгереді және классикалық университеттік білімнің онда қандай орын елестету әлі қиын.

P.S. Жоғарыда айтылғандардың барлығы жоғары білімнің енді қажет еместігін білдірмейді. Қызығушылық танытқан салада іргелі білім алуға, содан кейін мамандық бойынша жұмыс істеуге немесе ғылым және ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға ниет болса, университеттегі уақыттың бекер кетпегені. Әйтпесе, колледжді бітіріп, мамандық алған дұрыс: қолданбалы дағдылар зияткерлік дағдылардан кем емес сұранысқа ие және айлығы да жоғары төленеді. Ал егер қалау болса, колледжден кейін бірден университеттің үшінші курсына түсуге болады.

Нұрлыхан ЖҰМАХАН

«Ұлан» газеті, №38
20 қыркүйек  2022 жыл

553 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор