• ҰЛАН
  • 19 Қыркүйек, 2022

Ұлдар алаңдайтын бес нәрсе

Жоғары сынып оқушылары көп нәрсеге алаңдамайды деп ойлайтын шығарсыз, бірақ сізге бір құпияны айтуды жөн көрдік. Олар да алаңдайды және оларды алаңдатқан нәрсе сізді таңғалдыруы мүмкін. Интернетте жасөспірімдерді ойландыратын мәселелер туралы іздеп отырып, Лаура Ричардс деген Бостон тұрғынының блогына кез болдым. Лаура – төрт ұл тәрбиелеп отырған ана. Ол 16 жастағы егіз бала мен орта мектеп оқушыларының әдет-дағдысы туралы жазыпты. Үйіне ұлдарының достары жиі келетінін және олардың бірге қыдыруға шығатынын айтқан. Үлкен ұлы жүргізуші куәлігін алатын жасқа жетсе де, оны баратын жеріне өзі жеткізіп салады екен. Лаура Ричардс жасөспірімдерді мазалайтын бес нәрсе туралы баяндапты. Бұл бес мәселе тек Лаураның ұлдарына ғана қатысты емес екенін аңғардым.  Ол қандай мәселе екенін осы мақаладан оқып білесіздер.

Олардың сырт келбеті... әсіресе шашы

Лаура ұлдары бастауыш сыныпқа, орта және жоғары сыныпқа барған кезде сырт келбетіндегі белгілі бір өзгеріс-терді байқапты. Кез келген ескі нәрсені лақтырудың орнына, олар киім таңдауға үлкен мән беріпті. Ана ретінде және әйел ретінде Лаура ұлдар киім таңдауға аса бас қатырмайды деп ойлаған. Бірақ олар сырт келбетіне кейбір қыздардан гөрі көбірек алаңдайды екен. Құрбысының орта мектептегі қызы шашын жылына бір рет жасататын болса, Лаураның ұлы үнемі шаш үлгісін өзгер-туге құмар болыпты. Оған қоса, дұрыс көрініп тұр ма деп қатты алаңдайды екен. Киім-кешек пен бет-әлпетке қыздар ғана назар аударады деген түсінік қате болып шықты. Тағы да бір жасөспірім мектепке барар алдында көлікте қауіпсіздік белдігін шешіп, арт жақтағы айнаға қарау үшін көлікті тоқтатуға мәжбүрлепті. Тіпті, ол баланың жуынатын бөлмесі шаштаразға ұқсайды екен.

Саясат және әлемдегі оқиғалар

Көп адам орта мектеп оқушылары маңызды мәселе-лерге назар аудармайды немесе тек спортпен айналы-сады деп санайды. Бұл шындыққа жанаспайды. Өйткені жастардың көпшілігі саяси және әлемдік аренада болып жатқан оқиғаларға қатты мән береді екен. Лаура кешкі жаңалықтарды көріп отырғанда, жоғары сыныпта оқитын ұлдарының  диванда отырғанын байқаған. Олар үшін сайлауда дауыс беру, алдын ала тіркелу өте маңызды болыпты. Бірнеше жылдан кейін алғаш рет президентті сайлауға ресми қатысасыңдар дегенді естігенде тіптен шыдамсыздана түскен екен. Лаура ұлдарының достарымен  саяси көзқарастары мен болашақта не күтіп тұрғаны туралы сөйлескенін естіген.Олар бүгін болып жатқан оқиға болашағына әсер ететінін біледі екен.

Ата-ананың мұғалімдермен немесе директормен байланысы

Жақында бір ата-ана Лаураға хабарласып, жоғары сыныпта оқитын баласы мұғалімдерге әлдене айтуға қорқатынын айтыпты. Егер мұғалімге бірдеңе айтсам, ол әке-шешеме айтып қояды деп алаңдайды екен. Лаураның ұлдары да мұғалімдерге хабарласатын сәтте қатты уайымдап, дүрбелеңге түсетін көрінеді. Мектепте жасөспірім жігіттің биологиялық, физика-лық жағынан  жетілетін кезеңдері болады. Бұл процестің бір бөлігі – ана мен әкенің олардың ісіне тым көп араласпауы. Бастығыңыздың анаңызбен немесе әкеңізбен электронды пошта арқылы сөйлесетінін ойлап көріңізші. Кейде байланыс қажет, дегенмен бұл балаларды айтарлықтай алаңдататынын ұмытпау керек.

Достардың болуы

Орта мектепте әлеуметтік өмірге бейімделу әлі де маңызды мәселе. Жоғары сынып оқушылары жиі мазасызданады. Кейде оларды достары тастап кетуі мүмкін. Кейде топқа қосылмай қалады. Енді бірде оны достары елемеуі мүмкін. Орта мектеп көбінесе достықтың ортақ қызығушылықтар мен әрекеттерге байланысты дамитын кезі. Бұл достықтың көпшілігі ересек жасқа дейін жалғасады. Орта мектепте оқитын ұлдардың көбінің уайымы – осы. Олар достарының көңілін жаулау туралы көп ойлайды.

Мектепте жақсы оқу

Мектепті бітіріп, өмірде қалаған жетістікке жету – жас жігіттерді алаңдататын үлкен мәселе.  Көп адам үшін белгілі бір GPA-ға жету олардың командада қалу немесе сабақтан тыс іс-шараларға қатысу мүмкіндігін анықтайды. Сабақты нашар оқысам, ертең қалай күн көремін деген ой оларға маза бермейді. Сондай-ақ отбасы мен құрдастар тарапынан сыртқы қысым да болады, сондықтан табысқа жету үшін алаңдау орынды.  Балаңыз болашақта кім болатынын ойлап уайымға салын-са, «мынаны оқы, бітірген соң табысы көп» деп ақыл айтудан бұрын, алдымен оның ойын біліп, пікірін тыңдаған дұрысырақ. 

Нұрлыхан ЖҰМАХАН

«Ұлан» газеті, №38
20 қыркүйек  2022 жыл

479 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор