• ҰЛАН
  • 20 Маусым, 2022

Театр – мінезіңді көрсететін жер емес

Театрға баруды тауға саяхатқа шыққанмен шатас-тырмау керек. Бұл табиғат аясында пикник жасау емес, спорттық киім, кроссовка театрға баруға жарамайды. Театрға бару мереке сияқты болуы керек. Біздің заманымыздың эклектикалық сипатына қарамастан, классиктер театрда ұмытылмас және өзгермейтін өнер туындыларын жасайды. Актерлар әр қойы-лымға бар ынта-жігерін салып, көрерменге ұмытылмас сәт сыйлауға тырысады. Көрермен соған сай құрмет көрсетуі керек. Қойылым ортасында шапалақ соғу, сахнаға жүгіріп шығып гүл беру құрметке жатпайды.

Театрға не кию керек?

Этикетке сәйкес, театрға классикалық киіммен бару ұсынылады. Қыздар көйлек киеді, жігіттер қара костюм, жеңіл көйлек киіп, галстук тағады. Премьера болса, ер адамға смокинг немесе фрак киіп, ал ханымдар сәнді көйлек киіп, әшекей бұйымдар тағып баруына болады. Театрға жағажайға киетін киім кимейді, сондай-ақ футболка мен шорты киіп бару дұрыс емес.

Уақытында келіңіз

Этикеттің маңызды ережесі бар: спектакльге немесе басқа да театрландырылған қойылымға басталардан 25 минут бұрын келу керек. Бұл уақыт сізге асықпай гардеробта шешінуге, шашыңызды жөндеуге, бағдарлама сатып алуға, орныңызды тауып отыруға қажет болады. Фойедегі қабырғада ілулі тұрған айналар алдында сызылып тұруға, боянуға арналмаған. Бұл үшін арнайы орындар бар.

Гардеробта...

Егер қыз-жігіт болып театрға барсаңыз немесе гардеробта алдыңызда қыз бала тұрса, ер адам әйел адамға сыртқы киімін шешуге көмектесіп, содан кейін ғана өз киімін өткізгені абзал. Сырт киімді гардеробқа театр қызметкеріне ыңғайлы етіп ұсыныңыздар. Үлкен сөмкелер мен рюкзактарды театрға апармаңыз. Бұл теміржол вокзалы емес, сондықтан мұндай жүкпен сізді ішке кіргізбеуі мүмкін. Джентльмендер гардеробта ұсынатын нөмірді қалтасына салады. Оны саусаққа тағып отырмаңыздар.

Залға қалай кіруге болады?

Театрдағы мінез-құлық ережесіне сай, ер адам алдымен залға кіріп, серігіне жол көрсетуі керек. Келтірген қолайсыздық үшін үнсіз кешірім сұрап, көрерменге қарап қатар бойымен жүру керек. Егер театрға алғаш келсеңіз, ережелермен толық таныс болмасаңыз, залдағы кезекшінің көмегіне жүгіне аласыз.

Кешігіп қалсаңыз...

Кешігіп қалсаңыз не істеу керек? Сізге бос орын тауып беретін зал кезекшісіне хабар-ласыңыз немесе қызметкерлер балконға шығуды сұрайды. Бірінші акт аяқталғаннан кейін ғана сатып алынған билетке сәйкес орныңызға отыра аласыз.

Залда

Таныстарды көргенде оларға айғайлаудың немесе қол бұлғаудың қажеті жоқ. Күлімсіреп, бас изеп қою жеткілікті. Театрда кездескен достары-ңыздың қасында отырғыңыз келсе, бірден барып отырып алмаңыз. Жанындағы адам сізбен орын ауыстыруға қарсы емес пе, соны сұрап алыңыз. Театрдағы өзін-өзі ұстау ережесі бойынша залға шоколад, бутерброд, алма, сусынмен келуге тыйым салынады.
Қарныңыз аш болса, үзіліс кезінде буфетке барыңыз. Жарық сөнгеннен кейін телефонды қолдануға болмайды. Артында отырған адамдарға сахнаның көрінуіне кедергі келтірмеу үшін баскиім кимеңіз. Театрда шашты төбеге түйіп бару артыңызда отырған адамға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, иісі өткір әтір сеппеген жөн. Парфюмерияны қалыпты мөлшерде қолданыңыз, өйткені залда иістерге өте сезімтал адамдар болуы мүмкін. Жиналғандарға дүрбімен қарау әдепсіздік екенін есте сақтаңыз.

Спектакль кезінде

Басталу кезінде үнсіздікті сақтаңыз. Ескерту айтылмас бұрын ұялы телефонды өшіріп, немесе дыбыссыз режимге қою керек. Музыканың ырғағымен аяғыңызды қимылдатуға болмайды, қолыңызды орындықтың тіректеріне қойып, тыныш отырып, қойылымды көру керек. Сөйлесудің немесе сыбырлаудың қажеті жоқ. Мұның бәрі көршілерді алаңдатып қана қоймай, актерлардың рөлге енуіне кедергі жасайды. Антракт кезінде қойылым мен әртістер-дің әрекетін талқылауға болады. Суық тиіп қалған жағдайда түшкіру, жөтелу барлық көрерменнің мазасын алатындықтан, қойылымға бармаған дұрыс. Егер қойылымның ортасында денсаулығыңызға қатысты мәселе туындаса, көршілеріңізден кешірім сұрап, залдан тыныш шығып кетуіңіз керек. Басқа жағдайларда залдан шығуға үзіліс кезінде ғана рұқсат етіледі.

Үзіліс кезінде

Спектакльдің бірінші актісі аяқталғаннан кейін фуршетке баруға немесе әйгілі әртістердің қабырғадағы фотосуреттерін қарау үшін фойеде серуендеуге болады. Қойылым ұнамаса, сахнада не болып жатқанын жіті бақылап отырған көршілерге ыңғайсыздық тудырмас үшін үзіліс кезінде театрдан кетіп қалуға болады.

Суретшілерге рақмет!

Ұзақ уақыт қол шапалақтау әртістерге ризашылық білдіру белгісі. Ал таңданудың ең жоғары дәрежесі – «Браво!» Әдептілік ережесі бойынша, әртістердің аяғына гүл лақтыру немесе оны ұсыну үшін сахнаға секіру – мәдениетсіздік. Сүйікті актеріңізге гүл шоғын просцениум жанындағы дәлізде беру керек немесе ашықхат не визит картасын қоса отырып, театр қызметкерлеріне беру керек.

Спектакль соңында

Этикет ережесіне сәйкес, спектакль әлі аяқталмаған кезде тұруға тыйым салынады. Біреудің үйінде болып, қоштаспай қашып кеткендей әрекет танытпаңыз. Көбінесе әртістер бірнеше рет тағзым етуге шығады. Көрерменнің артынша залдан асығыс шығып жатқанын көрген әртістер  риза бола ма? Актерлерге ұзақ қол шапалақтап, алғыс айту – жақсы әрекет. Театрда болған кезде айна-лаңыздағы барлық адамға сыпайы және мейірімді болуға тырысыңыз. Бұл жағдайда театрға келесі барғанға дейін ұзақ уақыт есте қалатын ең жағымды және ең жақсы әсер аласыз!

Нұрлыхан ЖҰМАХАН

«Ұлан» газеті, №25
21 маусым  2022 жыл

1141 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор