• ҰЛАН
  • 20 Маусым, 2022

Балалар жылының базарлығы: олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сыйлық беріледі

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2022 жыл Балалар жылы деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Бұл жоспардың мақсаты – балалардың дене бітімі дұрыс болуына, зияткерлік, рухани, имани дамуына жағдай жасау арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсарту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделе-рін қорғауды қамтамасыз ету.

Пандемияның кесірінен көпшіліктің қатысуымен өтетін жиындар қысқарып, соған орай балалар арасындағы өзара қарым-қатынас та азайды. Ал қазір оқушылар облыстық, республикалық мерекелерге, концерттер мен шығармашылық жобаларға белсенді қатысуға дайын. Мұндай іс-шаралардың арқасында олар дамып, көпшілікпен араласуды үйренеді. Республикалық жоспардан басқа, 17 өңірлік, 280 аудандық және қалалық, сондай-ақ білім беру ұйымдарының жоспарлары қабылданған. 

Балалар жылына орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жалпы саны 220 адамнан тұратын жедел штабтар құрып, олардың жұмыс істеу ережесін бекіткен. Іс-шаралар аясында  балаларды, оның ішінде жекелеген санаттарды қамту бақылауда. Атап айтқан-да, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан 460 мың бала мен жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған 22 мың балаға мемлекеттің әлеуметтік қолдауына сүйене алады. 

Республика көлемінде қазір 6 миллион 300 мың бала бар екен. Сәуір-мамыр айларында балаларды әртүрлі шығармашылық және спорттық іс-шараларға тарту жандана түсті. Ал өткен бес айда өткен 17 300 іс-шараға 2,5 миллион бала қатысқан екен.  Бұл – жалпы оқушылардың 75%-ы. Енді жыл басынан бері Үкімет қолға алған іс-шараларға тоқталсақ, елімізде алғаш рет әл-ауқат индексі әзірленді. 300 мың бала үйірмелер мен секциялармен қосымша қамтылмақ. 

Алғаш рет Халықаралық зияткерлік, шығармашылық, спорттық олимпиадаларда оза шапқан 100 жеңімпаз бен жүлдегер «конкурстан тыс» принципімен отандық жоғары оқу орындарының гранттарына ие болмақ. Беделді халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерле-ріне алғаш рет ақшалай сыйлықтар табыс етіледі (1-орын – 4,5 млн теңге, 2-орын – 3 млн теңге, 3-орын – 1,5 млн теңге). Сыйлықтар балалардың ұстаздарына да беріледі.

Биылғы оқу жылында бірінші рет «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсы басталады. Білім алушылардың білім сапасындағы алшақтықты азайту мақсатында алғаш рет 500 мың үлгерімі төмен оқушыны қолдауға бағытталған «Цифрлық мұғалім» жобасы қолға алынбақ. Мектеп пен ата-ана қарым-қатынасының форматы өзгерді: әдеттегі ата-аналар жиналысы-ның орнына педагог пен ата-ана консилиумы өткізіледі.

ГРАНТТАР САНЫ АРТТЫ

Республиканың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кадр даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс 45 мың орынға ұлғайды. Жоғары оқу орнына берілген гранттар саны 15 мыңға артып, 88 214-ке дейін ұлғайды. Колледжге алғаш рет оқуға түсушілер үшін де оң өзгерістер бар. Талапкер 4 колледжді және 4 мамандықты таңдайды. Ал қабылдау квотасының тізбесі тоғыз санатқа дейін кеңейтілді. Бірінші және екінші топтағы мүгедек балалар, ауыл балалары, қандастар, жетім балалар, көпбалалы және толық емес отбасының балалары және қоныс аударушылардың перзенттеріне мамандық таңдау үшін кәсіптік диагностика қарастырылған.

Тегін ыстық тамақ ішетін бастауыш сынып оқушыларының да саны артты. «Балаға лайық» республикалық акциясы аясында мектеп асханалары мен санитарлық тораптардың жағдайы ерекше бақылауға алынды. Балалардың құқығын қорғау институттарын нығайту үшін жетекші жоғары оқу орындарының базасында «Балалар игілігі үшін» деген атпен балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік жобалық кеңсе ашу жұмысы басталды. 

Психологиялық-педагогикалық қолдау ісіне де ерекше назар аударылып отыр. Өңірлерде 19 түзету кабинеті және 7 оңалту орталығы ашылады. Балалар жылында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 98 арнайы мектеп-интернатқа арнайы жабдықтар сатып алынады.

2,2 МИЛЛИОН ДАНА ЖАҢА КІТАП АЛЫНДЫ

Республикалық «Оқуға құш-тар мектеп» жобасы аясында балалар арасында оқырмандар қозғалысы жанданып, бұл акцияға 6400 кітапханашы мен 3,4 миллион оқушы тартылған. Тағы бір қуанышты жаңалық – республика көлемінде мектеп кітапханаларының кітап қоры 2,2 миллион дана жаңа көркем әдебиетпен толықты. Мектеп кітапханаларына келушілер саны орта есеппен он есеге артты. Балалардың құқығын қорғау саласындағы волонтерлік қозғалыс та жандана түсті. Үйде оқитын балаларға көмек көрсету бойынша «Мен сенің досыңмын» акциясына 6 мыңнан астам волонтер қатысты. Алғаш рет «Балалар және театр» жобасы аясында «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп 500 мың балаға алты театрға тегін абонемент ұсынылады.

Суреттер 
Интернеттен алынды. 

639 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор