• Сенің замандасың
  • 11 Қазан, 2021

Күн энергиясы арқылы су жинайтын құрылғыға авторлық куәлік алды

Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ерлан Тұралы мен физика пәнінің мұғалімі Лизавета Хамитова бірлесе жасаған «Hydropanel» жобасы авторлық құқыққа ие болды. Қондырғы Маңғыстау облысындағы ауыз су қажеттілігін жоюға көмектеспек. Ол ауа температурасының күрт өзгерісінен су жинайды және күн панельдері арқылы электр энергиясын өндіреді. «Біздің құрылғымыз қолжетімді жабдықтардан тұрады және күн энергиясын суға булану процесі арқылы айналдырады. Ауа ылғалдығы мен температура артқан сайын құрылғы суды көп өндіреді. Сынақ барысында құрылғымыздың суды жинай алатынына көз жеткіздік», – дейді жоба жетекшісі Лизавета Хамитова. Оның айтуынша, қолдан жасалған  құрылғы бір күнде жарты стақан суға дейін жинай алады. 

– Әзірге тек құрылғының мини-прототипі жасалды. Егер оны шынайы жүзеге асыратын болса, жобаның құны 2 миллион теңге болады және күніне 10 литр су жинай алады, – дейді жас зерттеуші Ерлан Тұралы.

Зерттеушілер жобаны екі жыл бойы жасақтап, толықтырып отырған. Ал өткен айдың басында жобаның авторлық құқығын қорғау мақсатында өтінім білдірген. 

– Болашақта бұл құрылғыны үлкейтіп жасақтап, оны мектеп алаңына және қала көшелеріне қойғымыз келеді. Бұл көшеде шөлдеп келе жатқан тұрғындарға өте үлкен көмек болар еді. Сол үшін де авторлық құқық куәлігін алдық. Алдағы уақытта жобамызды патентке де ұсынып көреміз, – дейді зияткер.

«Ұлан» газеті, №41
12 қазан 2021 жыл

2335 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор