• Сенің замандасың
  • 20 Қыркүйек, 2021

Бір жылда қытай тілінде сөйлеп шығуға болады

Ракайыл Жұмағазина – Ақтөбе облысының тумасы. Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласындағы Бейжің тіл университетінің магистрі. Төрт тілде еркін сөйлейтін қазақ қызының арманы – білім саласының дамуына үлес қосу.

– Кішкентай кезімнен теледидардан корей сериалдарын жиі көріп, қызығушылығым артты. Кинодағы әртістер қайтыс болса, шын көріп жылай-тынмын. Сөйтіп іштей мен осы тілді үйренгім келетінін түсіндім. Бакалавриатты С.Бәйішев атындағы университетте оқыдым. Университетте белсенді студент болдым. Кейін байқауларға қатысып, Қытай үкіметінен бөлінген грантты ұтып, магистратураға оқуға түстім. 

Қытай – бес мың жылдық тарихы бар, экономикасы қарыштап дамыған мемлекет. Айырмашылық өте көп. Бір сөзбен айтқанда, тәртіп қатаң. «Тәртіпке бағынған құл болмайды»  дегендей, жасы да, кәрісі де тәртіппен жүріп-тұрады. Жастары  еңбекқор. Олай дейтінім, басым көпшілігі салауатты өмір салтын ұстанады. Өмір сүру ұзақтығы біздікімен салыстырғанда ұзақ. Сондықтан да Қытай үкіметі биылдан бастап үш балаға дейін рұқсат берді. Бізге енді келіп жатқан онлайн төлем 2013 жылдары Қытайға оқуға барғанымда қолданыста еді.

– Қытай тілі үйренуге қиын тілге жатады. Қытайша еркін сөйлеуге қанша уақыт кетеді?

– Тіл үйренуде ниет пен қызығушылық маңызды. Қытай тілі еріншектерге арналмаған. Сондықтан бар күшіңізді салсаңыз, басы қатты, аяғы тәтті болады. Орта болса, бір жылда қытай тілінде сөйлеп шығуға болады. Практиканы көбейткен сайын, адам тілді жылдам үйренеді. Тіл – байланыс құралы. Оны жиі қолданып тұрмаса, ұмытылып, шектеліп қалады.

– Тіл үйренемін деген жас өрендерге қандай кеңес бересіз?

– Тіл үйрену үшін жіті қадағалайтын ұстаз керек. Сосын мықты методика мен шыдам керек. Әр істің басында ниетімізді оң қылсақ, алынбайтын асу жоқ. Алғашқы іргетасы дұрыс қаланбаса, тіл үйрену де қиындай түспек. Аз-аздан, үздіксіз әрекет ету керек. Тіл үйренуге күніне 20-30 минут арнап оқыса, ми жаттығады. Тез үйренеді. 

Зарина ИГЕНОВА,
«Ұланның»  жас тілшісі.

«Ұлан» газеті, №38
21 қыркүйек 2021 жыл

1602 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

Редактор блогы

Жадыра Нармаханова

Бас редактор